28/08/2026
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№55 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдау барысында сотталған азаматтардың өтініштері мен көтерген мәселелері тыңдалып, олардың құқықтарын қорғауға қатысты тиісті түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, мекемеде сотталғандардың мемлекеттік органдарға электрондық өтініштер жолдауына арналған терминалдардың техникалық жай-күйіне, олардың жұмыс істеуіне және сотталғандар үшін қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді.