Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы Управление общественного здоровья Туркестанской области

НОРМА ОБ ИСПОЛЬЗОВАНИИ ЭЦП ДЛЯ ПОДТВЕРЖДЕНИЯ МЕДУСЛУГ ДЕЙСТВУЕТ С 2021 ГОДА  – МИНЗДРАВМинистерство здравоохранения в от...
01/02/2026

НОРМА ОБ ИСПОЛЬЗОВАНИИ ЭЦП ДЛЯ ПОДТВЕРЖДЕНИЯ МЕДУСЛУГ ДЕЙСТВУЕТ С 2021 ГОДА – МИНЗДРАВ

Министерство здравоохранения в ответ на вопросы со стороны медицинских работников об использовании электронной цифровой подписи, поясняет, что данное требование это не нововведение, оно было закреплено в нормативно-правовых актах ведомства с 2021 года.

Данная норма об использовании ЭЦП при ведении электронной медицинской документации направлена на подтверждение факта оказания государственной медицинской услуги.

Использование ЭЦП это инструмент защиты пациента и врача, обеспечивающий прозрачность медицинских записей и исключающий риски приписок и внесения недостоверных данных.

Вместе с тем, в действующем алгоритме подтверждения ЭЦП являемся не удобным для медицинского работника, требуя подтверждения после каждой услуги, в связи с чем МЗ проводится работа по оптимизации системы.

Сегодня для снижения административной нагрузки на врачей Министерством внедряются решения, позволяющие использовать ЭЦП в максимально упрощённом формате — «один клик для подтверждения оказанной услуги», без дублирования действий и лишних операций.

Стоит также отметить, что внедрение ЭЦП осуществляется поэтапно. В настоящее время продолжается работа по доработке и интеграции соответствующих технических решений.

В этой связи Министерство здравоохранения сообщает, что обязательное и повсеместное применение ЭЦП для подписания всех медицинских записей с 1 февраля 2026 года обеспечено не будет.

Поэтапный подход обусловлен необходимостью обеспечить корректную, безопасную работу цифровых инструментов в медицинской практике.

Келес ауданында “Қыздарымызды аялайық” форумы өтті2026 жылғы 21 қаңтарда Келес ауданында жасөспірімдер арасындағы ерте ж...
22/01/2026

Келес ауданында “Қыздарымызды аялайық” форумы өтті

2026 жылғы 21 қаңтарда Келес ауданында жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алуға арналған “Қыздарымызды аялайық” форумы өтті. Шара аудан әкімдігі мен Келес аудандық Абай ауруханасының бірлесуімен Ә. Кенжеев атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

Форумға білім беру, медицина саласының мамандары, ата-аналар мен қоғам өкілдері қатысып, ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері талқыланды. Мамандар жасөспірімдер денсаулығын қорғау, жауапты мінез-құлық қалыптастыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Форумға барлығы 250 адам қатысты.

🔹 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУТүркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері қыз...
14/01/2026

🔹 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметіне Мауленов Нұрлан Байбекұлы тағайындалды.

Нұрлан Байбекұлы — медицина саласында көпжылдық тәжірибесі бар, жоғары санатты хирург, басқарушылық және клиникалық қызметті қатар алып жүрген білікті маман.

📚 Білімі:
• С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Жалпы хирургия» мамандығы (интернатура, резидентура).
• Экономика және бизнес бакалавры.
• MBA және DBA бағдарламалары бойынша біліктілігін арттырған.
* А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ҒЗИ орталығында абдоминальды эндоскопиялық хирургия бойынша біліктілігін арттырған

💼 Еңбек жолы:

• С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Хирургиялық аурулар №1 кафедрасының ассистенті.
• Алматы қалалық клиникалық ауруханасы №7 мекемесінде хирург-дәрігер.
• Операциялық блоктың меңгерушісі.
• Хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі.
• 2024 жылдың сәуір айынан бастап — облыстық клиникалық аурухананың хирургия жөніндегі басшысының орынбасары.
• ОҚМА-ның Хирургия және онкология кафедрасының ассистенті
• 2026 жылдан бастап — облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері.

🌍 Халықаралық тәжірибесі:
• Оңтүстік Корея — The Catholic University of Korea, St. Vincent’s Hospital
• Түркия (Ыстамбұл қ.) — LIV Hospital
• Қытай — 2024 жылы Бейжің,Шанхай қаласындағы Zhongshan Hospital (Фудань университеті) базасында біліктілігін арттырған.

📖 Ғылыми жетістігі:
• British Journal of Surgery, Lancet Global Health сынды халықаралық Q1 деңгейлі ғылыми журналдарда жарияланған мақалалардың авторы.
•Халықаралық хирургия конференцияларының спикері

🏅 Марапаттары:
• «Алтын дәрігер» сыйлығы.
• «Хирургиялық бейіндегі үздік дәрігер» атағы.
• «Алтын скальпель» ордені.

Нұрлан Байбекұлы жаңа қызметінде заманауи хирургиялық технологияларды дамыту, медициналық қызмет сапасын арттыру және облыс тұрғындарына көрсетілетін жоғары мамандандырылған көмекті жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыруды басты мақсат етіп отыр.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы 2025 жылдың 11 айының қорытындылары және МӘМС жүйесіндегі өзгерістер бой...
29/12/2025

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы 2025 жылдың 11 айының қорытындылары және МӘМС жүйесіндегі өзгерістер бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы негізгі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер кеңінен таныстырылды. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша медико-демографиялық көрсеткіштер тұрақтанып, бірқатар маңызды бағыттарда оң динамика қалыптасты.

Атап айтқанда, жалпы өлім-жітім деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда 3,9-ды құрады. Ана өлімі 32,4%-ға азайып, 100 мың тірі туғандарға шаққанда 4,8 деңгейіне дейін төмендеді. Сонымен қатар, нәресте өлімі 8,6%-ға, бала өлімі 7,7%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіштер алғашқы медициналық-санитариялық көмекті күшейту, перинаталдық қызметті жетілдіру және тәуекел топтарына тұрақты мониторинг жүргізу нәтижесінде мүмкін болды.

Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында бірқатар жүйелі шаралар іске асырылды. Облыс бойынша 16 алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымында «Даму және ерте араласу» орталықтары ашылып, балалар ауруларын ерте анықтау және алдын алу жұмыстары күшейтілді. Облыстық деңгейде балаларға офтальмологиялық және сурдологиялық көмек көрсететін құзырет орталықтары жұмысын бастады.

Жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту аясында 35 күрделі ота, оның ішінде 31 кардиохирургиялық және 4 эндоваскулярлық операция жасалды. Медициналық авиация қызметі арқылы 932 балаға кеңес беріліп, 428 науқас облыстық деңгейге жеткізілді. Сондай-ақ, санитарлық авиация арқылы жүкті және босанған әйелдерге шұғыл медициналық көмек көрсету тәжірибесі кеңейтілді.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылды. 2025 жылы жергілікті бюджет есебінен сирек кездесетін, өмірлік маңызы бар аурулар бойынша 295 науқасқа 4,6 млрд теңге бөлініп, қаржының басым бөлігі игерілді. Республикалық бюджет есебінен 292 мыңнан астам науқас амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз етілді, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар бар.⬇️⬇️⬇️

25/12/2025
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚОС МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІТүркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жаңата...
23/12/2025

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚОС МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жаңаталап және Атамекен елді мекендерінде жаңа медициналық нысандар бой көтеріп, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.

Жаңа нысандардың ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Салимов, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы қатысып, тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады.

Аудан басшысы халық денсаулығын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, аудан аумағында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар шалғай ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету мәселесі үнемі назарда болатынын айтты.

Жаңаталап елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункт заманауи талаптарға сай салынған және қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Нысанда акушерлік, күндізгі стационар, физиотерапия, бала дамуын бақылау бөлмелері қарастырылған. Сондай-ақ ЭКГ аппараты мен жүрек қызметін тексеруге арналған заманауи медициналық құрылғылар орнатылған. Дәрігерге дейінгі қабылдау бөлмелерімен жабдықталған мекеме бір мезетте 20 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда жалпы 5 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Атамекен елді мекеніндегі медициналық тірек те тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге бағытталған. Нысан бір мезетте 20 адамға қызмет көрсете алады. Аталған медициналық нысандардың құрылыс жұмыстары жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Жобаның тапсырыс берушісі – «CK ABU GROUP» ЖШС.

Жаңа медициналық нысандар ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға, сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға және өңірдің әлеуметтік әлеуетін нығайтуға зор үлес қосады.

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ📍Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ел...
19/12/2025

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

📍Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, ел игілігіне берілді.

▪️Медициналық мекеменің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады. Облыс басшысы халықтың денсаулығын жақсарту – басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, өңірде денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында жаңа медициналық мекемелер бой көтеріп жатқанын айтты. Сондай-ақ шалғай ауылдарға дейін сапалы қызметтің қолжетімділігін артыру мәселесі назарда болатынын жеткізді.

📌– Құрметті сарыағаштықтар! Сіздерді жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Биыл өздеріңізбен кездесу барысында Нұрлы жол ауылында медициналық нысан салу мәселесін көтерген болатынсыздар. Мінеки, ол шешімін тауып отыр. Алдағы уақытта да ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту жұмысы жалғасады, – деді Нұралхан Көшеров.

▪️Нұрлы жол елді мекенінің ауыл биі Әділхан Андасов ауыл тұрғындары атынан алғысын айтып, көпшілікті құттықтады.

▪️Сарыағаш ауданындағы 0,10 гектар аумақта орналасқан жаңа медициналық нысанның құрылысы 2025 жылдың мамыр айында басталған. Жаңа нысан заманауи талаптарға сай салынып, қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Дәрігерлік амбулаторияда жергілікті халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге барлық жағдай қарастырылған. Нысан бір мезетте 25 адамды қабылдай алады.

▪️Бұл – елді мекен тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру бағытындағы нақты қадам.

▪️Айта кетейік, Түркістан облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар медициналық нысан салынуда. Биылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен 34 жаңа ғимараттың мәселесі шешіледі. Одан бөлек, 3 аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында 60 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Ал медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейі 84,7 пайызға жетті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІМемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық с...
19/12/2025

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Азаттық елді мекеніне заманауи дәрігерлік амбулатория салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев, аудан әкімі Асқар Естібаев пен мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, құттықтады.

Дәрігерлік амбулаториясында заманауи үлгіге сай фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емшара бөлмесі, қабылдау бөлмесі, физ кабинет, дәріхана бөлмесі, 4 төсекке арналған күндізгі аурухана бөлмелері, дені сау бала бөлмесі, тіс дәрігерінің бөлмесі, қызметкерлерге арналған бөлмелер бар.

Шара барысында аудан әкімі ғимаратты сапалы соғып, құрылысын уақытында аяқтаған мердігерлерді арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Ал ауыл ақсақалдары игі іске мұрындық болған жандарға ақ баталарын берді.

Жергілікті тұрғындарға қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылы аудан аумағындағы медициналық тіректі қажет ететін Мақталы, Тастыбұлақ, Шақпақ-баба мен Азаттық ауылдарында заманауи жаңа нысан соғылып пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін Қызылбастау ауылындағы медициналық нысан халық игілігіне қолданысқа берілмек.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келдіҚазақс...
18/12/2025

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сламжанович Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Кентау қаласында болды.

Сапар барысында вице-министр алдымен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Кентау орталық қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда аурухана заманауи медициналық құрылғылармен толықтырылып, науқастардың сауығу үдерісін жеделдету және медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында жаңа лапароскопиялық жүйелер, видеоэндоскоптар және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараттары сатып алынған.

Сонымен қатар аурухананың А1 корпусында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі мақсат — ота жасау бөлмелерін «таза аймаққа» (clean room, таза бөлмелер кешені) айналдыру арқылы хирургиялық көмектің қауіпсіздігін арттырып, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету.

Одан кейін бірінші вице-министр Кентау қалалық емханасының жұмысымен танысып, қабылдау бөлімінен бастап барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметін қарап шықты. Емхананың жұмысын оң бағалады.

Сондай-ақ Кентау қаласы әкімдігінде денсаулық сақтау мәселелері бойынша тұрғындармен кездесу өтті. Кездесуден кейін вице-министрдің жеке қабылдауы ұйымдастырылып, қабылдауға шамамен 20 азамат келді. Жеке қабылдау барысында тұрғындар жұмысқа орналасу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), денсаулық жағдайы және медициналық ұйымдардың жұмысына қатысты мәселелерді көтерді. Барлық өтініштер тыңдалып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берілді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Тимур Сұлтанғазиев Кентау қаласындағы денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, медициналық қызмет сапасын одан әрі арттыруға бағытталған ұсыныстарын айтты.

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІБүгін Түркістан облысы Келес ауданында үш бірдей жаң...
18/12/2025

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Бүгін Түркістан облысы Келес ауданында үш бірдей жаңа медициналық нысан ашылды. Нақтырақ айтқанда, Қошқарата ауыл округіне қарасты Бесқұбыр ауылында дәрігерлік амбулатория, Бірінші Мамыр елді мекенінде «Шынар» фельдшерлік-акушерлік пункті және Біртілек ауыл округіндегі Игілік ауылында медициналық пункт ел игілігіне пайдалануға берілді.

Жаңа медициналық нысандардың ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындарды маңызды әлеуметтік нысандардың іске қосылуымен құттықтады. Ауылдық елді мекендерде медициналық инфрақұрылымды дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Жаңа медициналық нысандар заманауи талаптарға сай салынып, ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған.

Айта кетейік, Келес ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту, ауылдық жерлерде медициналық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Address

Türkistan

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share