Túrkistan oblysynyń ákimdigi Акимат Туркестанской области

🇰🇿 ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ  VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА  АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ! 🥇🥇Қырғызстанда өтіп жатқан VI...
02/09/2026

🇰🇿 ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ! 🥇🥇

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан екі алтын медаль иеленді.

Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшысы Сайлау Мұхамеджан 70 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, финалда Қырғызстан спортшысымен белдесті. Тартысты бәсекеде жерлесіміз 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Бұл — Қазақстан құрамасының дүбірлі додадағы екінші алтын медалі.

Байрақты бәсекеге Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров арнайы барып, спортшыларға қолдау білдірді.

Аударыспақ — ат үстінде күш, ептілік, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақ халқының дәстүрлі ұлттық спорт түрі. Бүгінде елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде шұғылданады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ ҚАРАМҰРТ АУЫЛЫНДА ЖАҢА БАЛАБАҚША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІСайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында 125 ...
02/09/2026

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ ҚАРАМҰРТ АУЫЛЫНДА ЖАҢА БАЛАБАҚША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында 125 орынға арналған жаңа балабақша пайдалануға берілді. Жалпы құны 800 млн теңгені құрайтын әлеуметтік нысан жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылып, нәтижесінде 21 жаңа жұмыс орны ашылды.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Сайрам ауданында инвестиция тарту арқылы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және елді мекендерде тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға басымдық беріліп келеді.

Осы бағытта жүзеге асқан жаңа балабақша Қарамұрт ауылындағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мүмкіндігін кеңейтіп, бүлдіршіндердің заманауи әрі жайлы ортада тәрбиеленуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар жобаның іске қосылуы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға да оң ықпал етуде.

Жаңа нысанның ашылуына Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев қатысып, балабақшаның тыныс-тіршілігімен және балаларға жасалған жағдаймен танысты.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған балабақшада бүлдіршіндердің қауіпсіздігіне, білім алуына, шығармашылық және физикалық дамуына қажетті жағдайлар қарастырылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

02/09/2026

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ORANO» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесті. Кездесуде Түркістан облысы мен «ORANO» компаниялар тобы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ORANO» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІТүркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ORA...
02/09/2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ORANO» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ORANO» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесті. Кездесуде Түркістан облысы мен «ORANO» компаниялар тобы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Нұралхан Көшеров өңірдің инвестициялық әлеуетіне тоқталып, өндіріс орындары үшін білікті мамандар даярлау бағытындағы әріптестіктің маңызын атап өтті.

– Біз үшін инвестиция тартумен қатар, жергілікті кадрларды даярлау мәселесі де аса маңызды. Осы бағытта облыстағы колледждерді компанияның қамқорлығына алып, дуалды оқыту жүйесі арқылы өндіріс орындарына қажетті мамандарды бірлесіп даярлауды ұсынамыз. Бұл жастардың теориялық біліммен қатар, нақты өндірістік тәжірибе алуына және оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі.

Клод Имовен Түркістан облысымен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, өзара әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық және кадр даярлау бағыттарындағы бірлескен жұмыстарды зерделеуге, іскерлік байланыстарды тереңдетуге уағдаласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_______________

АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВСТРЕТИЛСЯ С РУКОВОДИТЕЛЕМ ГРУППЫ КОМПАНИЙ «ORANO»

Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров встретился с председателем Совета директоров группы компаний «ORANO» Клодом Имовеном. На встрече были обсуждены вопросы дальнейшего укрепления сотрудничества между Туркестанской областью и группой компаний «ORANO», а также реализации новых совместных проектов.

Н. Кушеров остановился на инвестиционном потенциале региона и отметил важность партнерства в направлении подготовки квалифицированных специалистов для производственных предприятий.

– Для нас, наряду с привлечением инвестиций, крайне важен вопрос подготовки местных кадров. В связи с этим мы предлагаем взять под шефство Вашей компании колледжи области и совместно готовить необходимых для производств специалистов через систему дуального обучения. Это даст молодежи возможность наряду с теоретическими знаниями получить реальный производственный опыт и после завершения обучения трудоустроиться на постоянную работу, – сказал аким области.

К. Имовен выразил заинтересованность в развитии сотрудничества с Туркестанской областью и готовность к дальнейшему укреплению взаимного партнерства.

По итогам встречи стороны договорились изучить совместную работу по направлениям инвестиций и подготовки кадров, а также углублять деловые связи.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Түркістан -  тарих пен болашақ, дәстүр мен заманауи сәулеттің тоғысқан мекені.Әрбір күмбез, әрбір өрнек, әрбір көше - ға...
02/09/2026

Түркістан - тарих пен болашақ, дәстүр мен заманауи сәулеттің тоғысқан мекені.

Әрбір күмбез, әрбір өрнек, әрбір көше - ғасырлардан жеткен рухтың бір бөлігі.

Өткенді сақтай отырып, жаңа Түркістан қалыптасуда.

Түркістанға келіңіз. Оның тарихын көріңіз. Оның рухын сезініңіз.

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ ОРУ НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫРОтырар ауданында биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласында е...
02/09/2026

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ ОРУ НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Отырар ауданында биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласында егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл аудан көлемінде жалпы 72 900 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, оның ішінде 12 173 гектар жерге жүгері дақылы егілді. Қазіргі таңда шаруалар үшін жауапты науқанның бірі – жүгері ору жұмыстары басталып, егістік алқаптарында еңбек қыза түсті. Диқан қауым егістікті уақытылы әрі ысырапсыз жинап, өнімді қамбаға түсіруге күш салуда.

Егін ору науқанына қажетті ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылып, жұмыстарды белгіленген агротехникалық талаптарға сәйкес жүргізуге басымдық берілуде. Шаруалар өнімділікті арттырумен қатар, жиналған өнімді сақтау және тиімді пайдалану бағытында да жұмыстар атқаруда.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласы үшін жүгері өндірісінің маңызы зор. Бұл дақылдың жоғары өнім беруі шаруалардың табысын арттыруға, мал азығы қорын толықтыруға және өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Берекелі еңбектің нәтижесі – мол өнім. Диқандардың маңдай терімен өсірген егінін ысырапсыз жинап, ел ырысын еселеу – басты міндет.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Береке Сейітжаппар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІТүркістан облысы Қазығұрт ауданынд...
01/09/2026

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсімінде облыс әкімі Нұралхан Көшеров жаңа ғимараттың елдегі құқықтық тәртіпті сақтау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың амандығын қорғау бағытындағы жұмыстың тиімділігін арттырудағы маңызына тоқталды.

– Мемлекет үшін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тұрақтылық пен азаматтардың тыныштығын сақтау – басты міндеттердің бірі. Жаңа нысан қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды сапалы жүргізуге ықпал етеді деп сенемін, – деді облыс әкімі.

Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев та құттықтау сөз сөйлеп, ел қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау бағытында сала мамандарының үлесі мол екеніне тоқталды. Сонымен бірге еңбегімен дараланған бір топ азаматты марапаттады.

Екі қабатты әкімшілік ғимараттың қызметтік міндеттерді атқаруға арналған кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар нысан аумағында бақылау өткізу пункті, көлікке қызмет көрсету ғимараты, қызметкерлерге арналған санитарлық-тұрмыстық бөлмелер орналасқан. Ғимарат аумағы абаттандырылып, қызметкерлердің сапалы жұмыс істеуі мен спортпен айналысуына қажетті жағдай жасалған.

Іс-шара соңында қонақтар ғимаратты аралап, оның материалдық-техникалық базасымен танысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___________

ТУРКЕСТАН: В КАЗЫГУРТЕ ВВЕДЕНО В ЭКСПЛУАТАЦИЮ НОВОЕ ЗДАНИЕ КОМИТЕТА НАЦИОНАЛЬНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ

В Казыгуртском районе введено в эксплуатацию новое административное здание Комитета национальной безопасности. На церемонии открытия аким области Нуралхан Кушеров отметил значение события для повышения эффективности работы по соблюдению правопорядка, обеспечению национальной безопасности и защите благополучия граждан.

– Для государства обеспечение национальной безопасности, поддержание общественной стабильности и спокойствия граждан – одна из главных задач. Уверен, что новый объект позволит сотрудникам эффективно работать и будет способствовать качественному выполнению работы по обеспечению безопасности жителей района, – сказал аким области.

С поздравительным словом выступил руководитель департамента Комитета национальной безопасности по Туркестанской области Болат Калмурзаев. Он отметил большой вклад специалистов отрасли в дело сохранения безопасности и спокойствия страны. Также глава департамента наградил группу граждан, отличившихся в труде.

В двухэтажном административном здании предусмотрены кабинеты для выполнения служебных обязанностей. Кроме того, на территории объекта расположены контрольно-пропускной пункт, здание для обслуживания транспорта, санитарно-бытовые помещения для сотрудников. Территория здания благоустроена, созданы все условия для качественной работы сотрудников и занятий спортом.

В завершение мероприятия гости осмотрели здание и ознакомились с его материально-технической базой.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАНДА «ЖАЗҒЫ КІТАП ФЕСТ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕШІ ӨТТІ1 қыркүйек – Білім күніне орай Түркістан облыстық «Фараб» әм...
01/09/2026

ТҮРКІСТАНДА «ЖАЗҒЫ КІТАП ФЕСТ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕШІ ӨТТІ

1 қыркүйек – Білім күніне орай Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Жазғы кітап Фест» жобасының қорытынды кеші өтті.

Үш айға жуық уақытқа созылған жобаға 100-ден астам жас оқырман белсенді қатысып, кітап оқып, алған әсерлерімен бөлісті. Жоба барысында балалардың танымдық қабілеті артып, ізденіс дағдылары қалыптасып, бос уақыттарын пайдалы өткізуіне мүмкіндік жасалды.

Қорытынды кеште концерттік бағдарлама ұсынылып, балаларға арналған әндер орындалып, түрлі ойындар мен танымдық шаралар ұйымдастырылды. Кеш барысында жаз бойы кітап оқуда белсенділік танытқан жас оқырмандар марапатталды.

Бас жүлде иегері Серік Әминаға «Жазғы кітап Фест жұлдызы» номинациясы беріліп, балалар велосипеді табысталды. І орынды Қалдарбек Ерасыл еншілеп, «Үздік оқырман» номинациясымен марапатталып, велосипедке ие болды. ІІ орынға шыққан Серік Еркебұлан «Үздік оқырман» номинациясымен марапатталып, Halyk Bank тарапынан арнайы бонус картасын және 20 000 теңге көлемінде сыйақы алды. ІІІ орынды иеленген Абдықадыр Зейнеп «Кітаптың ең адал досы» номинациясымен марапатталып, оған оқу құралдары салынған сөмке табысталды. Сонымен қатар жобаға белсенді қатысқан барлық жас оқырмандар арнайы номинациялармен және жүлделі сыйлықтармен марапатталды.

Жоба аясында балалар «Алтын қорға үлес қос» бастамасына қатысып, үйлерінде оқыған кітаптарын кітапхана қорына сыйға тартты. Бұл игі бастама жас оқырмандардың кітапхана қорын толықтыруға үлес қосып, өздері сүйіп оқыған шығармаларды басқа оқырмандардың да пайдалануына мүмкіндік берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

-------------------------

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЕЛ ЗАКЛЮЧИТЕЛЬНЫЙ ВЕЧЕР ПРОЕКТА «ЖАЗҒЫ КІТАП ФЕСТ»

1 сентября, в День знаний, в областной универсальной научной библиотеке «Фараб» города Туркестана прошел заключительный вечер проекта «Жазғы кітап Фест», направленного на эффективную организацию летнего отдыха детей и повышение интереса к чтению книг.

В проекте, длившемся около трех месяцев, приняло участие более 100 юных читателей. Они читали книги и делились своими впечатлениями. В ходе проекта у детей развились познавательные способности, сформировались исследовательские навыки, а также появилась возможность с пользой проводить свободное время.

На заключительном вечере была представлена концертная программа, прозвучали песни для детей, организованы различные игры и познавательные мероприятия. В ходе вечера были награждены юные читатели, проявившие активность в чтении книг в течение всего лета.

Обладательницей Гран-при стала Амина Серик. Ей вручили номинацию «Жұлдызы Жазғы кітап Фест» и детский велосипед. Первое место занял Ерасыл Калдарбек. Он получил номинацию «Үздік оқырман» и также был награжден велосипедом. Второе место занял Еркебулан Серик, который получил номинацию «Үздік оқырман», специальную бонусную карту от Halyk Bank и денежное вознаграждение в размере 20 000 тенге. Третье место заняла Зейнеп Абдыкадыр. Она награждена номинацией «Кітаптың ең адал досы», ей вручили рюкзак со школьными принадлежностями.

Кроме того, все юные читатели, активно участвовавшие в проекте, были отмечены специальными номинациями и поощрительными призами.

В рамках проекта дети приняли участие в инициативе «Вклад в золотой фонд», подарив в библиотечный фонд книги, которые они прочитали дома. Эта добрая инициатива позволила юным читателям внести свой вклад в пополнение библиотечного фонда и дала возможность другим читателям узнать о произведениях.

Пресс-служба акима Туркестанской области

МӘРТЕБЕЛІ КӨРЕРМЕН! 🎭Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры ХХVII маусымының шымылдығын айры...
01/09/2026

МӘРТЕБЕЛІ КӨРЕРМЕН! 🎭

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры ХХVII маусымының шымылдығын айрықша премьералар шеруімен ашады!

Сіздерді жаңа маусымның ашылу салтанатына және қатарынан ұсынылатын 5 ерекше қойылымға шақырамыз!

📅 8 қыркүйек
🎶 М. Мақатаевтың 95 жылдығына арналған
«Есіңе мені алғайсың»
Әдеби-сазды лирика

📅 9 қыркүйек
🎭 Т. Нұрмағамбетов
«Табалдырығыңа табын»
Драма

📅 10 қыркүйек
🎭 Р. Отарбаев
«Соңғы спектакль»
Комедия

📅 11 қыркүйек
🎭 Б. Сердәлі, Н. Мараим
«Қатынқамал»
Перформанс

📅 12 қыркүйек
🎭 У. Шекспир
«Лир патша»
Трагедия

⏰ Барлық қойылымның басталу уақыты — 19:00

🎟 Билеттер:
TICKETON сайтында және театр кассасында

📞 Байланыс:
8777 696 94 21
8775 554 49 49

Келіңіздер! Көріңіздер!
Жаңа маусымның алғашқы әсерін бірге бөлісейік! ❤️

🎭 ХХVII маусым. Жаңа белес. Жаңа қойылымдар. Жаңа әсерлер!

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 200 ОРЫНДЫҚ ЕКІ ЗАМАНАУИ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІБілім күнінде Ордабасы ауданында екі жа...
01/09/2026

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 200 ОРЫНДЫҚ ЕКІ ЗАМАНАУИ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Білім күнінде Ордабасы ауданында екі жаңа білім беру нысаны пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Төрткүл ауылдық округіндегі 200 орындық «Төрткүлтөбе» жалпы білім беретін мектебі және Ынтымақ елді мекеніндегі Сұлтан Ысқақов атындағы негізгі орта мектептің 200 орындық жаңа ғимараттары ел игілігіне тапсырылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары, ұстаздар, ата-аналар мен тұрғындар қатысты. Жиын барысында аудан әкімі Азат Оралбаев ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Мемлекеттің келешегі – білімді әрі тәрбиелі ұрпақтың қолында. Сондықтан жас ұрпаққа сапалы білім беріп, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Биыл ауданымызда екі жаңа типтік мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Бұл – ауыл балалары үшін сапалы білім алуға жасалған маңызды мүмкіндік, – деді аудан әкімі.

Іс-шара барысында мектеп директорларына жаңа ғимараттардың кілттері табысталды. Ауыл ақсақалдары жаңа білім ұясының лентасын қиып, ауыл балаларына заманауи мектепте білім алуға мүмкіндік жасалғанына ризашылықтарын білдіріп, ұстаздар мен оқушыларға ақжолтай тілектерін жеткізді.

«Төрткүлтөбе» жалпы білім беретін мектебінің жаңа ғимаратының құрылысы 2024 жылдың шілде айында басталған. Бұған дейін оқушылар ыңғайластырылған ғимаратта білім алып келсе, енді заман талабына сай жаңа мектепте оқитын болады.
Жаңа білім беру нысандары заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда оқу кабинеттерімен қатар информатика, биология кабинеттері, зертханалар, еңбек және шығармашылық бағыттағы сыныптар, тігін шеберханалары мен спорт залдары қарастырылған.

Жаңа оқу жылында қос білім ошағында оқушыларға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасалып, білім ордаларының материалдық-техникалық базасы нығая түсті.

Айта кетейік, бүгінде Ордабасы ауданында 77 мектепте 37 962 оқушы білім алуда. Сонымен қатар аудандағы 61 мектепке дейінгі білім беру ұйымында 8 700 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 99 пайызға жеткен.
Ауданда білім беру нысандарын жаңғырту, материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңа мектептер салу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_______________

ТУРКЕСТАН: В ОРДАБАСИНСКОМ РАЙОНЕ ВВЕДЕНЫ В ЭКСПЛУАТАЦИЮ ДВЕ СОВРЕМЕННЫЕ ШКОЛЫ НА 200 МЕСТ

В День знаний в Ордабасинском районе введены в эксплуатацию два новых объекта образования - новая общеобразовательная школа «Төрткүлтөбе» на 200 мест в Торткульском сельском округе и новое здание основной средней школы имени Султана Ыскакова на 200 мест в населенном пункте Ынтымак.

В церемонии открытия приняли участие аким района Азат Оралбаев, председатель районного маслихата Бакдаулет Жумабеков, депутат областного маслихата Гани Раимбеков, депутаты районного маслихата, аксакалы села, учителя, родители и жители. В ходе встречи аким района поздравил учителей и учащихся с новым учебным годом и рассказал о проводимой работе в сфере образования.

– Будущее государства – в руках образованного и воспитанного подрастающего поколения. Поэтому предоставление качественного образования и создание условий для всестороннего развития детей – одна из главных задач. В этом году в нашем районе завершено строительство двух новых типовых школ, они введены в эксплуатацию. Это возможность для сельских детей получать качественное образование, – сказал А. Оралбаев.

В ходе мероприятия директорам школ были вручены ключи от новых зданий. Аксакалы перерезали ленты и выразили благодарность за предоставленную сельским детям возможность учиться в современных условиях.

Строительство нового здания общеобразовательной школы «Төрткүлтөбе» началось в июле 2024 года. Ранее учащиеся обучались в приспособленном здании, теперь же они будут учиться в новой школе, соответствующей современным требованиям.

Школы оснащены по современным требованиям. Здесь, помимо учебных кабинетов, предусмотрены кабинеты информатики, биологии, лаборатории, классы трудового и творческого направлений, швейные мастерские и спортивные залы.

В новом учебном году в двух учебных заведениях для учащихся созданы благоприятные условия для получения качественного образования, материально-техническая база школ укреплена.

Отметим, в 77 школах Ордабасинского района обучаются 37 962 ученика. Кроме того, в 61 дошкольной организации образования воспитывается 8 700 детей. Показатель охвата дошкольным воспитанием достиг 99%.

Работа по модернизации объектов образования, укреплению материально-технической базы и строительству новых школ в районе будет продолжена.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Address

Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 18
Türkistan

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Túrkistan oblysynyń ákimdigi Акимат Туркестанской области posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Túrkistan oblysynyń ákimdigi Акимат Туркестанской области:

Shortcuts

Share