Түркістан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Türkistan
  • Түркістан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Түркістан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Управление координации занятости и социальных программ Туркестанской области

26/08/2026

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНДАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН 8 ӨҢІР БАР

Солардың бірі – Ақмола облысы.

Тарихи Отанына оралған этникалық қазақтарды жаңа ортаға бейімдеу, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсету – маңызды бағыттардың бірі. Сондықтан, қабылдаушы өңірлерде этникалық қазақтарға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, олардың жаңа ортаға бейімделуі үшін жағдай жасалады.

Ақмола облысында да қандастарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен бейімдеу орталықтарының жұмысы жолға қойылған. Мұнда қандастар мемлекеттік қызметтерді алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау шаралары бойынша қажетті ақпарат пен кеңес ала алады.

Бейнероликтен Ақмола облысында этникалық қазақтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен бейімдеу орталықтарының жұмысы туралы толық ақпаратпен таныса аласыздар.

АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚАРАЛДЫБүгін Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар...
26/08/2026

АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚАРАЛДЫ

Бүгін Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және мемлекеттік бағдарламаларға қатысты мәселелерін айтып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Жеке қабылдау барысында әрбір азаматтың мәселесі тыңдалып, көтерілген ұсыныс-тілектерді шешу жолдары талқыланды. Тиісті жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, әр сауалдың заңнама талаптарына сәйкес қаралуы бақылауға алынды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша семинар өттіТүркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әл...
26/08/2026

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша семинар өтті.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 7 шілдедегі №119 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, ішкі бақылауды ұйымдастыру, бақылау іс-шараларын жүргізу, есептілікті ұсыну тәртібі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері қаралды. Іс-шараға басқарма қызметкерлері мен бағынысты мекеме директорлары қатысты.

25/08/2026
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республика...
20/08/2026

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың сайлау құқығын толыққанды жүзеге асыруы үшін Түркістан облысында қажетті жағдайлар жасалуда.

Атап айтсақ, сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында пандустар, кіреберістерде және ғимарат ішінде тактильді бағыттағыштар қарастырылған. Сонымен қатар, облыстағы 824 елді мекенде сайлау күні ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды көлікпен қамту үшін 170 автокөлік бөлінді.

Оның ішінде:
🚐 65 – инватакси
🚐 49 – әлеуметтік такси
🚐 56 – арнайы автокөлік.

Дауыс беру кезінде азаматтарға қолдау көрсету үшін 209 сурдоаудармашы, жүріп-тұруы қиын I топтағы мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсететін 770 жеке көмекші және 950 волонтер жұмылдырылады.

Сайлау учаскелері арнайы қажеттіліктері бар азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бейімделген форматтағы мониторы бар компьютерлермен, құлаққаптармен, Брайль қарпімен орындалған ақпараттық материалдармен, қосымша жарықтандыру шамдарымен, үлкейткіш құралдармен және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Айта кетейік, қазір Түркістан облысында 103 543 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде 18 жастан асқан, сайлау құқығына ие 87 946 адам бар. Ал дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін сайлаушылар саны – 14 873 азамат.

Олардың қатарында:
🔹 Кресло-арбаны пайдаланатын – 3 365 азамат
🔹 Зағип және нашар көретін – 7 643 азамат
🔹 Есту қабілеті бұзылған – 3 865 азамат бар.

©️Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

19/08/2026

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және оларды қоғамға қайта бейімдеу шараларын жетілдіру мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиында пробация есебіндегі тұлғаларды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, кәсіптік оқытуға тарту, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ олардың қоғамға бейімделуіне қажетті жағдай жасау бағыттары талқыланды. Кеңес барысында бұл туралы Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Байғұтов баяндады.

Бүгінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста пробация есебіндегі 436 азамат жұмыспен қамту шараларына өтініш берген. Оның 401-і жұмыспен қамтылды.

Атап айтқанда, 307 адам тұрақты жұмыс орындарына, 55 азамат субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Сонымен қатар 5 адамға қайтарымсыз грант берілді. Бұл ретте аталған санаттағы тұлғалардың кәсіп бастауына және тұрақты табыс көзіне қол жеткізуіне мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдау шаралары да қарастырылуда.

Пробация есебіндегі азаматтарды жұмысқа орналастырудың тағы бір тиімді тетігі – жұмыс орындарына квота белгілеу. 2026 жылы 119 мекемеге 180 квота орны бекітілген. Бүгінгі таңда квота бойынша 163 адам жұмысқа жолданып, жоспар 90,6 пайызға орындалған.

Бұдан бөлек, жиында осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі күшейту, пробация қызметі, жұмыспен қамту органдары және жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

18/08/2026

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың қатысуымен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті. ​​​​​​​

Жиын барысында өңірдегі еңбек нарығын тұрақтандыру, кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Осы шешімдер аясында Сарыағаш ауданы бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие «Тігінші», «Арнайы тігінші», «Пішуші» мамандықтары бойынша 25 адамды кәсіптік оқытуға жіберу нақтыланды.

Курстар тікелей жұмыс берушінің өндірістік орындарында өтеді. ​​Бұл түлектерге заманауи құрылғыларды меңгеріп, оқуды аяқтаған бойда 100% жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты басқармаларға ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты азайту және білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту бағытында нақты тапсырмалар берілді.

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОСПАРЛАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ОРЫНДАЛДЫТүркістан облысы...
18/08/2026

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОСПАРЛАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ОРЫНДАЛДЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жіті бақылауында.

16 тамыздағы жағдай бойынша өңірлік жұмыспен қамту картасының жылдық жоспары 87,2%-ға орындалды. Жылға жоспарланған 74 516 жұмыс орнының бүгінде 65 009-ы құрылды.

Жұмыспен қамтудың негізгі бағыттарында да нақты нәтиже бар.

Ұлттық жобалар аясында жылдық жоспарланған 2 465 жұмыс орнының 2 072-сі құрылып, жоспар 84,1%-ға орындалды.

Бос жұмыс орындары бойынша белгіленген 40 595 орынның 30 770-і қамтылып, көрсеткіш 75,8%-ға жетті.

Ал Мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі – 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру бағыты бойынша жылдық жоспар толық орындалды. Жоспарланған 11 476 жаңа жұмыс орнының барлығы құрылып, көрсеткіш 100 пайызды құрады.

Субсидияланатын жұмыс орындарын құруда да жоспардан жоғары нәтиже көрсетілді. Жылдық жоспар 18 530 болса, 16 тамыздағы жағдай бойынша 19 964 жұмыс орны құрылып, жоспар 107,7%-ға орындалды.

Бұл көрсеткіштер өңірде халықты тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралардың нақты нәтижесін көрсетеді. Әсіресе жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыз азаматтарды еңбекке тарту және еңбек нарығындағы сұранысқа сай мүмкіндіктерді кеңейтуге басымдық беріліп отыр.

Жұмыспен қамту көрсеткіштерін арттырумен қатар, жұмыс орындарының сапасына да мән берілуде. Негізгі мақсат – тұрғындарды уақытша еңбекке ғана тарту емес, тұрақты табыс әкелетін, әлеуметтік тұрғыдан орнықты жұмысқа орналастыру.

Осы бағытта өңірдегі инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту және қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыру арқылы жұмыс орындарын көбейтуге басымдық берілуде.

Жұмыспен қамту саласындағы жоспарлардың орындалу барысы облыс әкімінің жіті бақылауында. Жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері алдында көрсеткіштерді уақытылы орындау ғана емес, құрылған жұмыс орындарының тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету міндеті тұр.

Жыл

17/08/2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 30 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және өңірдегі еңбек нарығын тұрақтандыру мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынға Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығы мен жауапты сала мамандары қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамту, әлеуметтік саладағы реформалардың жүзеге асырылуы мен атаулы әлеуметтік көмек беру үдерісінің ашықтығы талқыланды.

Түркістан облысы жыл басынан бері Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында біршама оң көрсеткіштерге қол жеткізген. Атап айтқанда, биыл өңірде 60 мыңнан астам азамат белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды. Оның ішінде 30 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бөлінген бюджеттік қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын, бос жұмыс орындарына азаматтарды орналастыру сапасын арттыруды тапсырды.

Address

Микрорайон Жаңа қала, Улица 32, здание 20
Türkistan
161200

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00

Telephone

+77253359544

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Түркістан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Түркістан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:

Shortcuts

Share