12/06/2026
▪️ Жетісу облысы Текелі қалалық сотында Е. және К.-ға қатысты психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу фактілері бойынша (ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 2) және 3) тармақтары, 296-бабы 4-бөлігі) қылмыстық іс қаралды.
▪️ Сотта анықталғандай, 2025 жылдың қыркүйек айында Е. заңсыз түрде «мефедрон» психобелсенді затын сатып алып, сақтаған, оның бір бөлігін өзі пайдаланған. Кейін танысы К.-ға ақшалай қарызы болғандықтан, қарызын психотроптық зат беру арқылы қайтаруды шешкен.
▪️ 2025 жылғы 16 қыркүйектен 17 қыркүйекке қараған түні Е. Алматы қаласынан Талдықорған қаласына келіп, К.-мен кездескен. Одан кейін олар Текелі қаласына барып, бірге психотроптық зат қолданған. Кейін Е. ішінде бірнеше орамдағы «мефедрон» бар сөмкені К.-ның қолында қалдырған. Бұдан әрі Е. өзінде қалған психотроптық заттың бір бөлігін алып жүріп, оны басқа бір есірткі затына айырбастау мақсатында кездесу ұйымдастырған. Алайда, Текелі қаласына келген кезде полиция қызметкерлері оны ұстаған.
▪️ Е.-ні жеке тінту және ол жүрген автокөлікті тексеру барысында ұнтақ тәрізді зат салынған орамдар мен есірткі заттарын қолдануға арналған құралдар табылып, тәркіленген.
▪️ Сонымен қатар, К. өзіне қалдырылған сөмкеде психотроптық зат бар екенін біле тұра, оны заңсыз сақтап, өзінің автокөлігімен Талдықорған қаласы аумағында тасымалдағаны анықталды. Полиция қызметкерлері оны ұстаған кезде сөмкеден есірткі заты табылып, тәркіленген.
▪️ Сот сараптамаларының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар Қазақстан Республикасының заңнамасымен айналымына тыйым салынған «мефедрон» психотроптық заты болып табылады.
▪️ К. сотта өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Ал Е. есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша кінәсін мойындамай, тек оларды сақтау және пайдалану фактілерін ғана растады.
▪️ Ұсынылған дәлелдемелерді зерттеген сот айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді деген қорытындыға келді. ҚР ҚК-нің 11-бабына сәйкес, Е. мен К. жасаған қылмыстар ауыр қылмыстар санатына жатады.
▪️ Сот үкімімен Е. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. К. ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
***
▪️ Текелийским городским судом области Жетісу рассмотрено уголовное дело в отношении Е. и К. по факту незаконного приобретения, хранения, перевозки и сбыта психотропных веществ (п.2) и 3) ч.3 ст.297 и ч.4 ст.296 УК РК).
▪️ Судом установлено, что в сентябре 2025 года Е. незаконно приобрела и хранила психоактивное вещество «мефедрон», часть которого употребила лично. В последующем, имея денежный долг перед знакомым К., она решила вернуть долг путем передачи ему психотропного вещества.
▪️ В ночь с 16 на 17 сентября 2025 года Е. прибыла из города Алматы в город Талдыкорган, где встретилась с К. После этого они направились в город Текели, где совместно употребили психотропное вещество. Позже Е. оставила у К. сумку с несколькими свертками, содержащими «мефедрон». В дальнейшем Е. имея при себе часть психотропного вещества, договорилась о встрече с лицом, которому намеревалась передать имеющийся у нее «мефедрон» в обмен на другое наркотическое средство. Однако при прибытии в город Текели была задержана сотрудниками полиции.
▪️ В ходе личного обыска Е., а также обыска автомобиля, на котором она передвигалась, были обнаружены и изъяты свертки с порошкообразным веществом, а также приспособления для употребления наркотических средств.
▪️ Кроме того, установлено, что К., достоверно зная о наличии в оставленной ему сумке психотропного вещества, незаконно хранил его и перевозил на принадлежащем ему автомобиле по территории города Талдыкорган. При задержании сотрудниками полиции сумка с наркотическим веществом была обнаружена и изъята.
▪️ Согласно заключениям судебных экспертиз, изъятые вещества являются психотропным веществом «мефедрон», оборот которого запрещен законодательством Республики Казахстан.
▪️ К. в суде вину признал, раскаивался в содеянном. Е. свою вину по факту сбыта наркотических средств не признала, признала только факт хранения и употребления наркотиков.
▪️ Исследовав представленные доказательства, суд пришел к выводу о доказанности вины подсудимых. Согласно статьи 11 УК преступление, совершённое Е. и К. относится к категории тяжких преступлений.
▪️ Приговором суда Е. признана виновной в совершении преступления, предусмотренного пунктами 2) и 3) части 3 статьи 297 УК РК и назначено наказание в виде лишения свободы сроком на 8 лет. К. признан виновным в совершении преступления, предусмотренного частью 4 статьи 296 УК РК и назначено наказание в виде лишения свободы сроком на 3 года.
Приговор суда не вступил в законную силу.