Талдықорған қаласының әкімдігі

Талдықорған қаласының әкімдігі Талдықорған қаласы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасы

05/09/2026

🔻 Бүгін Талдықорған қаласының іргесіндегі тарихи мекен «Қызылтас – Тасбақа» шатқалында абаттандырылған экопарктің алғашқы кезеңі ашылды.

Шараға қатысқан қала тұрғындары жаңарған тарихи мекен туралы өз әсерлерімен бөлісіп, экопарктің ашылуына оң бағасын берді.

05/09/2026

🔻 «Қызылтас – Тасбақа» экопаркінің алғашқы кезеңінің ашылуына қатысқан қала тұрғындары тарихи мекеннің жаңа келбеті туралы өз әсерлерімен бөлісті.

05/09/2026

🔻 Тарихтан – туризмге: Талдықорғанда «Қызылтас – Тасбақа» экопаркінің алғашқы кезеңі ашылды

****

🔻 От истории к туризму: в Талдыкоргане открылся первый этап экопарка «Қызылтас – Тасбақа»

🔻 Тарихтан – туризмге: Талдықорғанда «Қызылтас – Тасбақа» экопаркінің алғашқы кезеңі ашылдыБүгін Талдықорған қаласының і...
05/09/2026

🔻 Тарихтан – туризмге: Талдықорғанда «Қызылтас – Тасбақа» экопаркінің алғашқы кезеңі ашылды

Бүгін Талдықорған қаласының іргесіндегі тарихи мекен «Қызылтас – Тасбақа» шатқалында абаттандырылған экопарктің алғашқы кезеңі ашылды.

Экопарктің ашылуына Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қатысып, тарихи аумақты жаңғырту қаланың туристік әлеуетін арттырып, ішкі туризмді дамытуға жаңа мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жетісу облысында үш экопарк құру көзделген. Соның бірі «Қызылтас – Тасбақа» экопаркі. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қолдауымен аумақты абаттандыру жұмыстары қолға алынып, бүгінде жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асырылды. Үш кезеңнен тұратын жобаны 2027 жылы толық аяқтау жоспарланған.

Алғашқы кезең аясында демалушыларға арналған орындықтар, шолу алаңы, арнайы фотоаймақ пен санитарлық торап орнатылып, қоқыс жәшіктері қойылды. Сондай-ақ аумақты жарықтандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Шара аясында келушілер үшін шатқалдағы көне петроглифтерге экскурсия ұйымдастырылып, экологиялық акция, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, этно-дефиле, ұлттық ойындар және өзге де танымдық іс-шаралар өтті. Бұл шаралар тарихи мұраны кеңінен таныстырумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

Қала әкімі Ернат Бәзіл тарихи мұраны сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды.

– Тасбақа шатқалының тарихи маңызын ескере отырып, бұл аумақты сақтап қалу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. 2024 жылы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қолдауымен шатқал ерекше қорғауға алынды. Бүгінде бұл жер ата-бабамыздан қалған бай мұрамен танысып, көне тарихымызды тереңірек тануға мүмкіндік беретін бірегей мекен. Сондықтан бүгінгі шараның тарихи әрі тағылымдық мәні зор. Біз өткенін қастерлеп, тарихына құрметпен қарайтын халықпыз, – деді Ернат Бәзіл.

Сондай-ақ қоғам белсендісі, экожанашыр Динара Бакирова тарихи мекенді сақтау мен жаңғыртудың маңыздылығын атап өтіп, экопарктің бүгінгі келбеті экобелсенділер мен жергілікті әкімдіктің бірлескен жұмысының нәтижесі екенін жеткізді.

Алдағы уақытта экопаркті дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Негізгі мақсат тарихи мекенді қала тұрғындары мен қонақтары үшін ғана емес, шетелдік туристер үшін де тартымды туристік орынға айналдыру.

Айта кетейік, «Тасбақа» шатқалы көне тарихи мұраларға бай бірегей аумақтардың бірі. Мұнда 2 мыңнан астам петроглиф пен сақ дәуіріне тиесілі қорымдар бар. Тарихшылар арасында бұл аумақ «Талдықорған петроглифтері» деген атаумен де белгілі.

🔻 Құрметті талдықорғандықтар!Сіздерді 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Тіл ұлттың ру...
05/09/2026

🔻 Құрметті талдықорғандықтар!

Сіздерді 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тіл ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихы мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жалғайтын асыл мұра. Еліміздегі сан түрлі тіл мен мәдениет татулығымыз бен бірлігіміздің айқын көрінісі.

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі артып, ана тіліміз әрдайым құрмет төрінен орын ала берсін! Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, елімізге тыныштық пен ынтымақ тілеймін.

Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!

🔻 Талдықорған тіл саясатын жүзеге асыруда «Үздік қала» атанды, қала әкімдігінің маманы Сандуғаш Рысбаева «Үздік маман» д...
04/09/2026

🔻 Талдықорған тіл саясатын жүзеге асыруда «Үздік қала» атанды, қала әкімдігінің маманы Сандуғаш Рысбаева «Үздік маман» деп танылды

5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында бүгін Жетісу облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Тіл сарайында «Тіл – ел бірлігінің негізі» атты салтанатты шара өтті.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, өзге тілдерді дамыту және қоғамдағы тіл мәдениетін қалыптастыру ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.

Салтанатты жиында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, тіл мәдениетін қалыптастыруға және тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі, кәсіби біліктілігі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сандуғаш Рысбаева «Үздік маман» номинациясымен марапатталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және тіл мәдениетін дамыту бағытындағы жүйелі әрі нәтижелі жұмысы үшін Талдықорған қаласының әкімдігі «Үздік қала» номинациясына ие болды.

Бұл марапаттар қалада мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қоғамдық өмірдегі қолданысын кеңейту және тіл мәдениетін қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға берілген жоғары баға.

04/09/2026

🔻 Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс және инфрақұрылым нысандарындағы жұмыс барысын тексерді

****

🔻 Аким города Ернат Бәзіл проверил ход работ на строительных и инфраструктурных объектах

🔻 Қала әкімі құрылыс және инфрақұрылым нысандарындағы жұмыс барысын тексердіБүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзі...
04/09/2026

🔻 Қала әкімі құрылыс және инфрақұрылым нысандарындағы жұмыс барысын тексерді

Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс, абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді.

Алдымен қала әкімі «Ынтымақ» тұрғын алабында салынып жатқан бес қабатты, 200 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс қарқынын бағамдады. Мердігер ұйымға жұмыс қарқынын арттырып, нысандарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды тапсырды.

Одан кейін әкім «Алматы – Өскемен» автожолының 259 шақырымында салынып жатқан жаңа жол айрығының құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жол айрығын қыркүйек айында толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Сондай-ақ, Ернат Бәзіл Жансүгіров көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту және «Мүшелтой» шағын ауданындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысын көрді. Жауапты мамандарға жұмыстардың сапасына ерекше мән беріп, белгіленген мерзімдерді сақтау тапсырылды.

Бұдан бөлек, қала әкімі Біржан сал көшесінде «Ұлттық жоба» аясында жүргізіліп жатқан жылу желілерін жаңғырту жұмыстарын тексерді. Мұнда мердігер ұйымның жұмыс қарқынын сынға алып, жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жауапты мердігерге жұмыс қарқынын күшейтіп, анықталған ескертулерді екі апта ішінде жоюды міндеттеді.

Аралау барысында «Жастар» және «Ардагерлер» саябақтарындағы автоматтандырылған суару жүйелерін салу жұмыстары да назардан тыс қалмады. Қазіргі таңда «Жастар» саябағында автоматты суару жүйесін салу толық аяқталып, жасыл желектерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ал «Ардагерлер» саябағында автоматтандырылған суару желілерін салу жалғасуда. Аталған жұмыстарды қазан айында толық аяқтау жоспарланған.

Қала әкімі жауапты мердігер ұйымдарға жасыл желектерді толық қалпына келтіруді, барлық жұмыстың сапасын қамтамасыз етуді және нысандарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

🔻 Талдықорған қалалық мәслихатының кезекті LVIII сессиясы өттіБүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық мәслихат тө...
03/09/2026

🔻 Талдықорған қалалық мәслихатының кезекті LVIII сессиясы өтті

Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық мәслихат төрағасы Темірболат Ахажанның төрағалығымен Талдықорған қалалық мәслихаты VIII шақырылымының кезекті LVIII сессиясы өтті.

Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселе қаралды. Соның ішінде қала әкімі Ернат Бәзіл депутаттар алдында Талдықорғанның биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады.

Қала әкімі өз баяндамасында жеті айдың қорытындысы бойынша қала экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталғанын атап өтті. Осы кезеңде қалаға 42 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 120 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр, оның 59 млрд теңгесі – бюджеттен тыс қаражат.

– Қаламыздың негізгі экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика сақталуда. Әсіресе құрылыс, сауда және өнеркәсіп салаларында өсім бар. Бұл жаңа жобаларды жүзеге асыруға, жұмыс орындарын ашуға және қаланың инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Соның бір мысалы – «Жастар-3» тұрғын үй алабы. Мұнда басты мақсатымыз тек баспана салумен шектелмей, тұрғындарға қажетті толыққанды инфрақұрылым қалыптастыру. Биыл 350 үйді кезең-кезеңімен қолданысқа беріп, жол, тротуар және абаттандыру жұмыстарын жалғастырамыз. Сонымен қатар, әлеуметтік және спорттық нысандар салу жоспарланған. Алдағы уақытта да қаланы дамыту мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз, – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Сессия барысында сондай-ақ Талдықорған қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, тиісті шешім қабылданды.

Сессия қорытындысында қала әкімі Ернат Бәзіл депутаттармен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталып, қаланы дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және өзекті мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да бірлесіп жалғасатынын атап өтті.

Address

Талдыкорган
Taldykorgan
040000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77022733365

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Талдықорған қаласының әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Талдықорған қаласының әкімдігі:

Shortcuts

Share