Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Taraz
  • Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!Мемлекет басшысының Жарлығына (01.07.2026ж. №1338) сәйкес 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикас...
09/07/2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Мемлекет басшысының Жарлығына (01.07.2026ж. №1338) сәйкес 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы тағайындалды.

Оны дайындау мен өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен егжей-тегжейлі регламенттелген.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен (01.07.2026ж. №26/41) аталған сайлауды Дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді.

Көрсетілген Күнтізбелік жоспарға сай 2026 жылғы 2 және 23 шілде аралығында партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу кезеңдері өтеді, ал 2026 жылғы 23 шілдеде, сағат 18:01-ден бастап сайлау алдындағы үгiт басталады.

Ол 2026 жылғы 22 тамыз, сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

Осыған байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабының 2-тармағына сай партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін қандай да бір сайлау алдындағы үгiт жүргізуге жол берілмейді.

Осы талапты бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабының 9-тармағына сәйкес сайлау алдындағы жөнсiз үгіттi жүргiзуге тыйым салынады.

Мұндай үгітке сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беру, қызметтер көрсету, лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындай уәде беру жатады.

Жөнсіз жүргізілген үгіт үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 122-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауаптылық көзделген.

Егер параға сатып алумен ұласқан құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 150-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды.

Сондай-ақ сайлау тағайындалған кезден бастап кандидаттарға, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға, сонымен бірге олардың атынан немесе оларды қолдап кез келген жеке және заңды тұлғаларға ойын-сауық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық іс-шараларын өткізуге тыйым салынатынын атап өткен маңызды.

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!Сіздерді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күн...
27/06/2026

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің кәсіби еңбектеріңіз қоғамды шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіп, ел бірлігі мен өңірдің дамуына зор үлес қосып келеді.

Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, шалқар шабыт және толағай жетістіктер тілейміз!
____________________________________

Уважаемые работники средств массовой информации!

От всей души поздравляем вас с Днем работников средств массовой информации!

Ваш профессионализм, объективность и преданность делу играют важную роль в обеспечении общества достоверной информацией и способствуют развитию региона.

Желаем вам крепкого здоровья, творческого вдохновения, новых успехов и благополучия!

⚜️28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «AULIEATA-MEDIA» ЖШС Бас директоры...
26/06/2026

⚜️28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «AULIEATA-MEDIA» ЖШС Бас директоры Данияр Асқарұлы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

⚜️Осы ретте өңірдің басты ақпарат айдыны саналатын медиа серіктестіктің басшысын барлық редакция ұжымы атынан құттықтай отырып, толайым шығармашылық табыс тілейміз.

*Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі* ✔️Президент ең алдымен бұқаралық ақпарат қ...
26/06/2026

*Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі*

✔️Президент ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Бұл кәсіби мерекенің ел өмірінде алатын орны айрықша. Себебі журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Ел Президенті ретінде бүгін мен барша медиа саласы мамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

⚜️23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні23 маусымда әлем елдерінде мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі аталып өті...
24/06/2026

⚜️23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні

23 маусымда әлем елдерінде мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. 2002 жылдың 20 желтоқсанында 57-ші сессияда БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусым күні - Мемлекеттік қызметшілер күні деп жариялаған.

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәлімдеуінше, өңірде 4 165 мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Бос лауазымдар үлесі 6,2 пайызды құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 41,2. Сондай-ақ сала мамандарының орташа мемлекеттік қызмет өтілі – 12,8 жыл.

📞Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары әкімдерінің баяндам...
19/06/2026

📞Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары әкімдерінің баяндамасын тыңдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Әкімдер Президентке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есеп берді. Сондай-ақ облыс жетекшілері Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Шәпкеновке, Ербол Қарашөкеевке, Нұрдәулет Қилыбайға және Дастан Рыспековке аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдері қажет екенін ескертті.

Сонымен қатар облыстардың экономикалық әлеуетін арттыру және азаматтар мүддесіне қатысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Президент балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, балаларды оңалту орталықтарының, емханалар мен ауруханалардың құрылысын жеделдету міндетін жүктеді. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» қоғамдық-саяси акциясы аясында ауқымды жұмыс жүргізу аса маңызды екенін атап айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтармен ұдайы байланыста болып, туындаған түйткілдерді уақтылы шешу қажеттігіне айрықша назар аударды. Бұдан бөлек, өңір басшыларына экологиялық ахуалды бақылауда ұстау, криминогендік құбылыстармен, заңды қасақана бұзу әрекеттерімен батыл түрде күрес жүргізу жөнінде тапсырма берілді.

Address

Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share