21/08/2026
Сот таратылған кәсіпорындағы жұмысын растап, еңбек өтілін белгіледі
◾️ Мойынқұм аудандық соты еңбек қызметінің заңды маңызы бар фактісін анықтау туралы азаматтық істі қарады.
◾️ Арыз беруші 1992 жылдың тамызы мен 2004 жылдың желтоқсаны аралығында бұрынғы «Х.» өндірістік кооперативінде жүргізуші болып жұмыс істегенін растау үшін сотқа жүгінді.
◾️ Сотқа жүгіну қажеттілігі кәсіпорынның құжаттары сақталмауына байланысты туындады. Мұрағаттық анықтамаға сәйкес кәсіпорынның құжаттары сақтауға түспеген. Сонымен қатар, кәсіпорын таратылып кеткеніне байланысты, ол мәліметтер базасында тіркелмеген.
◾️ Сотта куәлер мәлімделген кезең ішінде азаматтың аталған кооперативте жұмыс істегенін растады.
◾️ Сот қажетті құжаттарды және сол арқылы азаматтың зейнетақы аударымдарының мөлшерін ұлғайту құқығын басқа жолмен қалпына келтіру мүмкін еместігін атап өтті.
◾️ Сот, дәлелдемелерді зерттеп, азаматтың талаптары негізді деген қорытындыға келді.
◾️ Сот шешімімен арыз қанағаттандырылды. Арыз берушінің 1992 жылдың тамызынан 2004 жылдың желтоқсанына дейін жүргізуші ретінде жұмыс істеу фактісі анықталды.
◾️ Осылайша, сот қорғауы таратылған кәсіпорын құжаттарының болмауына байланысты ақпаратты қалпына келтіру мүмкін болмаған еңбек қызметінің кезеңін растауға мүмкіндік берді.
◾️ Шешім заңды күшіне енді.
Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық соты
🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.
https://t.me/jambyl_sottary
https://t.me/Jogargy_sot
️➖️➖️➖️
Суд установил трудовой стаж, подтвердив работу в ликвидированном предприятии
◾️ Мойынкумский районный суд рассмотрел гражданское дело об установлении юридически значимого факта трудовой деятельности.
◾️ Заявитель обратился в суд с просьбой подтвердить, что в период с августа 1992 года по декабрь 2004 года он работал водителем в бывшем производственном кооперативе «Х.».
◾️ Необходимость обращения в суд возникла в связи с тем, что документы предприятия не сохранились. Согласно архивной справке, документы предприятия на хранение не поступали. Кроме того, предприятие не зарегистрировано в базе данных, поскольку было ликвидировано.
◾️ В суде свидетели подтвердили факт работы гражданина в указанном кооперативе в течение заявленного периода.
◾️ Суд отметил, что восстановить необходимые документы, и, тем самым восстановить право гражданина на повышение размеров пенсионных отчислений, иным способом невозможно.
◾️ Исследовав доказательства, суд пришел к выводу, что требования гражданина являются обоснованными.
◾️ Решением суда заявление удовлетворено. Установлен факт работы заявителя водителем с августа 1992 года по декабрь 2004 года.
◾️ Таким образом, судебная защита позволила подтвердить период трудовой деятельности, сведения о котором невозможно было восстановить из-за отсутствия документов ликвидированного предприятия.
◾️ Решение вступило в законную силу.
Мойынкумский районный суд Жамбылской области
🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".
https://t.me/jambyl_sottary
https://t.me/Jogargy_sot