Байзақ ауданының мемлекеттік архиві

Байзақ ауданының мемлекеттік архиві Байзақ ауданының мемлекеттік архиві

АРХИВТІК АНЫҚТАМАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № ...
03/07/2026

АРХИВТІК АНЫҚТАМАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына негізделеді және осы қағиданың 1 – қосымшаға сәйкес архивтік анықтамалар мен архивтік құжаттардың көшірмелерін беру қызметі тікелей мемлекеттік архив, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қызметтi электронды түрде алу:
www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы қызмет көрсету үшiн ұстанылуға тиiс алғашқы жағдайлар:
Өтiнiш берушi «Электронды үкiмет» порталына тiркеліп және қызметтi электронды түрде алу үшiн ХҚКО арқылы электронды-цифрлық қолтаңба алуы тиiс.
1.«Кiру» — порталда авторизациядан өту (ЖСН және 6 символдан тұратын құпиясөз енгiзу);
2.Қызмет түрiн таңдап алу;
3.Онлайн қызмет түрiне тапсырыс беру;
4.Қажет жолдарды толтыру, сонымен бiрге қажет құжаттарды беру;
5.Сұраныс жiберу;
6.Электронды цифрлы қолтаңбамен қол қою (ЭЦҚ);
7.Архивтiк анықтама, архив құжаттарының көшiрмелерiн немесе үзiндiлерiн, немеесе қызмет көрсетуде бас тарту туралы дәлелдi жауабын электронды түрде алу.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Өтiнiш беру кезiнде қажет құжаттардың тiзбесi:
1.Растауды қажет ететiн мәлiметтер көрсетiлген өтiнiш (хат);
2.Қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшiрмесi немесе өзге тұлғаның нотариалды куәландырылған сенiмхаты . Бар болған жағдайда өтінішке сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері қоса беріледі.
Архив кеңсесiнде құжат тiркелгеннен бастап 11 (он бір) жұмыс күн iшiнде архивтік анықтамалар мен архивтік көшірмелер дайындалады.

19.06.2026 жылы №47 (9533) сериясымен аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінде «Архив-ұлттық құндылықтар қазынасы» тақырыбында...
30/06/2026

19.06.2026 жылы №47 (9533) сериясымен аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінде «Архив-ұлттық құндылықтар қазынасы» тақырыбында аудандық газетке мақала жарияланды.

Байзақ ауданының мемлекеттік архивінінің ғимаратына фезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.
26/06/2026

Байзақ ауданының мемлекеттік архивінінің ғимаратына фезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ!Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер тура...
18/06/2026

ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ!
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» № 326-1 Заңын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары» туралы № 235 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту» туралы № 236 бұйрығын басшылыққа ала отырып, «Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне ведомстволық сақтау мерзімі өткен құжаттарын өңдеуге, тізімдеме жасауға және іс жүргізу және архив ісі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың талапқа сай орындалуына әдістемелік көмек көрсетілді, кеңестер берілді.

«Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электронды құжат айналымы жүйелерін пайдалану» тақырыбында семинар – сабақ өт...
05/06/2026

«Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электронды құжат айналымы жүйелерін пайдалану» тақырыбында семинар – сабақ өткізілді.

Мекеменің 2026 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 5 маусымында Байзақ ауданының мемлекеттік архивінің жинақтау көзі тізіміндегі мекемелердің іс жүргізуші және жауапты мамандарына «Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электронды құжат айналымы жүйелерін пайдалану» тақырыбында семинар - сабақ өтті.
Семинар – сабақта құжаттаманы жасау және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары негізінде мекемелердегі басқару құжаттарын дұрыс құжаттауға әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан көмек көрсету және слайд арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар – сабаққа жинақтау көзі тізіміндегі іс жүргізушілер мен жауапты мамандар қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының «Байзақ ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемл...
05/06/2026

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының «Байзақ ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы 4 маусым күні «Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін және архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері бойынша «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру, архивтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеру болды.
Аталған іс-шараға халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Абикаримов Данияр Дарханұлы, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпарациясы комерциялық емес акционерлік қоғамының Байзақ аудандық зейнетақы бөлімінің маманы Мырзахметова Акнур және архив қызметкерлері қатысып, келушілерге мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар архивтік анықтамалар алу, құжат көшірмелерін рәсімдеу және өзге де архив қызметтеріне қатысты сұрақтарына жауап алды.

4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай Байзақ ауданының мемлекеттік архивінде архив қ...
04/06/2026

4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай Байзақ ауданының мемлекеттік архивінде архив қызметкерлерінің қатысыуымен әнұран орындалды.

Байзак ауданынын, мемлекеттік архивінің 2026 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда ...
01/06/2026

Байзак ауданынын, мемлекеттік архивінің 2026 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығы сәйкес ұжым арасында оқу сабағы өткізілді

29/05/2026

Address

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Қонаев көшесі №138
Taraz
080100

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Байзақ ауданының мемлекеттік архиві posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share