Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Taraz
  • Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Медицина и здоровье
Басқарманың Cенім телефоны 8 (7262) 43 59 96

04/09/2026

# # #ҰЛТСАУЛЫҒЫ

04/09/2026

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы – Жамбыл өңірінің денсаулық сақтау жүйесінде өзіндік орны қалыптасқан, талай жылдық тәжірибені заманауи медицинаның мүмкіндіктерімен ұштастырып келе жатқан ірі медициналық ұйымдардың бірі.

Аурухананың тарихы 1960 жылдан бастау алады. Алғашында 200 төсекке арналған мекеме бүгінде облыстағы ең ірі көпбейінді ауруханалардың біріне айналды.

«Ұлт саулығы» хабарында мекеменің тыныс-тіршілігі мен даму бағыты жайында айтылды.

📺 Толығырақ бүгін сағат 20:00-де «Jambyl» телеарнасынан көре аласыздар.

ЭПИДЕМИЧЕСКИЙ СЕЗОН: ГОТОВНОСТЬ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ УСИЛИВАЕТСЯВ связи с эпидемическим сезоном гриппа, ОРВИ и COVID-...
04/09/2026

ЭПИДЕМИЧЕСКИЙ СЕЗОН: ГОТОВНОСТЬ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ УСИЛИВАЕТСЯ

В связи с эпидемическим сезоном гриппа, ОРВИ и COVID-19 в 2026–2027 годах в медицинских организациях будут усилены профилактические меры и меры инфекционной безопасности.

С 1 сентября проводится еженедельный мониторинг заболеваемости, а с 1 октября контроль будет осуществляться в ежедневном режиме. С 1 октября для медицинских работников вводится масочный режим.

В медицинских организациях организуются «фильтры» для раннего выявления пациентов с признаками инфекции, а также усиливается дезинфекционный режим. При росте заболеваемости будут развернуты дополнительные инфекционные койки и организована работа мобильных бригад.

Особое внимание уделяется и вакцинации как одному из основных способов профилактики гриппа. С 15 сентября планируется проведение кампании по иммунизации против гриппа.

Основная задача в эпидемический сезон – не допустить распространения инфекции, сохранить доступность медицинской помощи для пациентов и предупредить развитие осложнений.

ЭПИДЕМИЯЛЫҚ МАУСЫМ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ2026–2027 жылдардағы тұмау, ЖРВИ және COVID-19 эпидемиял...
04/09/2026

ЭПИДЕМИЯЛЫҚ МАУСЫМ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

2026–2027 жылдардағы тұмау, ЖРВИ және COVID-19 эпидемиялық маусымына байланысты медициналық ұйымдарда алдын алу және инфекциялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

1 қыркүйектен бастап аурушаңдыққа апталық мониторинг жүргізіледі, ал 1 қазаннан бастап бақылау күнделікті режимге көшеді. Медицина қызметкерлері үшін 1 қазаннан бастап маска режимі енгізіледі.

Медициналық ұйымдарда инфекция белгілері бар пациенттерді ерте анықтау үшін «сүзгілер» ұйымдастырылып, дезинфекциялық режим күшейтіледі. Аурушаңдық өскен жағдайда қосымша инфекциялық төсектер ашылып, мобильді бригадалардың жұмысы ұйымдастырылады.

Тұмаудың алдын алуда вакцинацияға да ерекше мән беріліп отыр. 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізу жоспарланған.

Эпидемиялық маусымдағы негізгі міндет – инфекцияның таралуын болдырмау, пациенттерге медициналық көмектің қолжетімділігін сақтау және асқынулардың алдын алу.

04/09/2026

МИНЗДРАВ НАПОМИНАЕТ О ПРОТИВОПОКАЗАНИЯХ ДЛЯ БЕЗОПАСНОГО УПРАВЛЕНИЯ ТРАНСПОРТОМ

Министерством здравоохранения совместно с Министерством внутренних дел проводится работа по выявлению медицинских противопоказаний у водителей для безопасного управления транспортом.

На сегодня выявлено свыше 21 тысяча водителей, имевших сведения о медицинских противопоказаниях к управлению транспортом. При этом 2 246 человек сняты с диспансерного учета по различным основаниям.

В отношении более 13 тысяч человек территориальные департаменты полиции направили исковые заявления в суд. По вступившим в законную силу судебным решениям прекращено действие 7,4 тысячи водительских удостоверений.

Ограничение возможно только при наличии установленных медицинских противопоказаний, если состояние здоровья человека может повлиять на безопасность управления автомобилем. Окончательное решение о прекращении права управления принимает суд.

Перечень медицинских противопоказаний к управлению транспортом установлен приказом № 853 Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

К абсолютным противопоказаниям относятся заболевания и состояния, при которых человек по медицинским показаниям не может безопасно управлять транспортом. В их числе эпилепсия, слепота обоих глаз, отдельные тяжелые психические расстройства, а также определенные психические и поведенческие расстройства, связанные с употреблением психоактивных веществ.

При этом речь идет не о любом диагнозе. Например, при отдельных нарушениях зрения, слуха или опорно-двигательного аппарата предусмотрена возможность управления транспортом при соблюдении определенных медицинских требований или использовании специальных средств – очков и контактных линз, слухового аппарата, ручного управления и других средств адаптации.

Если у водителя выявлены медицинские противопоказания и имеются предусмотренные законодательством основания, соответствующая информация передается в органы внутренних дел. Далее при наличии оснований полиция обращается в суд.

Таким образом, водительские права не прекращаются автоматически из-за наличия диагноза – окончательное решение принимается в установленном законом порядке.

Медицинские требования к водителям направлены прежде всего на снижение рисков на дорогах и защиту самих водителей, пассажиров и других участников дорожного движения.

04/09/2026

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ КӨЛІК ҚҰРАЛЫН ҚАУІПСІЗ БАСҚАРУҒА ҚАТЫСТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР ТУРАЛЫ ЕСКЕ САЛАДЫ

Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, көлік құралын қауіпсіз басқару мақсатында жүргізушілердегі медициналық қарсы көрсетілімдерді анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңда көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар екендігі туралы мәліметтері анықталған 21 мыңнан астам жүргізуші тіркелді. Сонымен қатар, 2 246 адам әртүрлі негіздер бойынша диспансерлік есептен шығарылды.

13 мыңнан астам адамға қатысты аумақтық полиция департаменттері сотқа талап-арыздар жіберді. Заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде 7,4 мың жүргізуші куәлігінің күші тоқтатылды.

Шектеу тек медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда, яғни адамның денсаулық жағдайы көлік құралын қауіпсіз басқаруға әсер етуі мүмкін болған кезде ғана қолданылуы мүмкін. Көлік құралын басқару құқығын тоқтату туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Көлік құралын басқаруға арналған медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №853 бұйрығымен бекітілген.

Абсолюттік қарсы көрсетілімдерге адамға медициналық себептер бойынша көлік құралын қауіпсіз басқаруға мүмкіндік бермейтін аурулар мен жағдайлар жатады. Олардың қатарында эпилепсия, екі көздің көрмеуі, кейбір ауыр психикалық бұзылыстар, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдануға байланысты белгілі бір психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар бар.

Бұл ретте кез келген диагноз туралы сөз болып отырған жоқ. Мысалы, көру, есту немесе тірек-қимыл аппаратының жекелеген бұзылыстары кезінде белгілі бір медициналық талаптарды сақтау немесе арнайы құралдарды пайдалану жағдайында көлік құралын басқаруға рұқсат етіледі. Оларға көзілдірік пен байланыс линзалары, есту аппараты, қолмен басқару құрылғылары және басқа да бейімдеу құралдары жатады.

Егер жүргізушіден медициналық қарсы көрсетілімдер анықталып, заңнамада көзделген негіздер болса, тиісті ақпарат ішкі істер органдарына беріледі. Одан әрі негіздер болған жағдайда полиция сотқа жүгінеді.

Осылайша, жүргізуші куәлігінің күші диагноздың болуына байланысты автоматты түрде тоқтатылмайды – түпкілікті шешім заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.

Жүргізушілерге қойылатын медициналық талаптар ең алдымен жолдардағы қауіп-қатерлерді азайтуға және жүргізушілердің, жолаушылардың әрі жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

04/09/2026

Почему новорождённые особенно уязвимы перед коклюшем?

04/09/2026

Неліктен жаңа туған сәбилерге көкжөтел аса қауіпті?

Address

Улица Желтоксан, 78
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 08:00 - 17:00
Sunday 08:00 - 17:00

Telephone

+77262433636

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы:

Shortcuts

Share