Жамбыл Облысы Əкімдігінің Мəдениет Басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Taraz
  • Жамбыл Облысы Əкімдігінің Мəдениет Басқармасы

Жамбыл Облысы Əкімдігінің Мəдениет Басқармасы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы

06/09/2026
06/09/2026
⚜️ СМИ О НАС | 24KZ
06/09/2026

⚜️ СМИ О НАС | 24KZ

Масштабная ярмарка «Асқақ рухты Әулие-ата» развернулась в столице, ...

⚜️ БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ | 24KZ
06/09/2026

⚜️ БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ | 24KZ

Онда жамбылдық қолөнер шеберлерінің өнімдері қала халқы мен қонақта...

⚜️ Астанада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі бастау алды 📍 Астанада Креативті индустрияларды дамыту қорының “Creative ...
05/09/2026

⚜️ Астанада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі бастау алды

📍 Астанада Креативті индустрияларды дамыту қорының “Creative AIMAQ” республикалық жобасы аясында Жамбыл облысының жәрмеңкесі өтті. Іс-шара шымылдығын дәстүрлі әнші Бекарыс Көштаев Аяз Бетбаевтың “Жамбыл Жабаевқа арнауымен” ашты. “Асқақ рухты Әулиеата” тақырыбында өткен іс-шарада Әулиеата өңірінің тарихи-мәдени мұрасымен қатар 50-ден астам креатордың жобалары, IT өнімдері, инновациялық бастамалары мен заманауи идеялары көпшілік назарына ұсынылды.
📌 Жәрмеңкеге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетов келіп, жамбылдық креаторлардың жұмыстарымен танысты.
📖 Креативті жобалар қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің жасанды интеллект негізіндегі «Зияткерлік және спорттық кофехана», Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Hermes Analytica» цифрлық кәсіптік бағдар беру жүйесі, Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының «вайб-кодинг» технологиясымен әзірленген жобалары бар.
🧑‍💻 Жәрмеңкеде IT жобалармен қатар, жамбылдық қолөнершілердің табиғи жүннен әзірленген экологиялық таза өнімдері мен жібек талшығын өндіру бағытындағы жұмыстары таныстырылып, келушілерге сатылымға ұсынылды.
📚Сонымен қатар, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасы «Алтын қор» цифрлы кітабы, төрт форматты инклюзивті ертегі кітаптары және 3D-технология негізіндегі тактильді макеттер сынды креативті жобаларының таныстырылымын жасады.
👗 «ASPARA» брендінің неофольклор стиліндегі топтамаларының сән көрсетілімі, жасанды интеллект көмегімен әзірленген қазақ ертегілері мен анимациялық фильмдердің көрсетілімі, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Әулиеата әуендері Астана төрінде» концерттік бағдарламасы да жәрмеңкенің мазмұнын арттырды. Ал жергілікті баспалардың кітаптары, суретшілердің картиналары, Қали Қораласбаевтың мүсіндері мен Алтынбек Қартабайдың фотожұмыстары да назардан тыс қалмады.
🌷 Ерекше атап өтерлігі Жамбыл өңірінің табиғи ерекшелігін айқындайтын «Қызғалдақ-мұра» халықаралық фестивалі аясында жамбылдық қолөнершілер көлемі 200 шаршы метр болатын киіз басып, Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына енген болатын. Ұлттық қолөнер мен өңірдің табиғи ерекшелігін тоғыстырған бірегей туынды жәрмеңке барысында келушілерге таныстырылып, жәрмеңкенің көркін аша түсті.
💫 Жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі 6 қыркүйек күні де жалғасын табады.

05/09/2026

⚜️🌳 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында елді мекендердің санитариялық тазалығын қамтамасыз ету, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын күшейту мақсатында, мәдениет және тілдерді дамыту саласының қызметкерлері сенбілікке шықты.

⚜️ Құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!📌 Тіл – жай ғана сөз емес. Тіл – ананың ә...
05/09/2026

⚜️ Құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!

📌 Тіл – жай ғана сөз емес. Тіл – ананың әлдиі, атаның өсиеті, ұрпаққа аманат болған асыл мұра.

🖇️ Әр халықтың тілі – оның тарихы мен тағдырының үні. Сондықтан туған тілге құрмет – туған елге құрмет. Біздің қасиетті Жамбыл жері – талай ұлт пен ұлыстың басын қосқан, достық пен татулықты ту еткен берекелі мекен. Мемлекеттік тіл – ортақ шаңырағымыздың тілі,ал әр ана тілі – сол шаңырақтың ажырамас құндылығы.

💫 Тіліміз тұғырлы, бірлігіміз ғұмырлы болсын!

©️ Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбайдың құттықтауы.

⚜️ Бүгін – Қазақстан халқы тілдері күні. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл», дег...
05/09/2026

⚜️ Бүгін – Қазақстан халқы тілдері күні. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл», деген екен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.

📌 1989 жылғы 22 қыркүйекте «Тілдер туралы» заң қабылданды. Ал мереке 1998 жылдан бастап тойланады. Сол жылдың 22 қыркүйегі Қазақстан халқы тілдері күні болып жарияланды.

🖇️ Алайда жиырма жылдан соң атаулы датаның күні өзгерді. 2017 жылдың күзінде Үкімет қаулысымен Тілдер күні 5 қыркүйекке ауыстырылды. Өйткені, 5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сол себептен 2018 жылдан бастап атаулы датаның күні өзгеріп, 5 қыркүйекте мерекелене бастады.

05/09/2026

⚜️ 5 қыркүйек - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Address

Төле би 35, 5 қабат
Taraz

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

87262438863

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жамбыл Облысы Əкімдігінің Мəдениет Басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Жамбыл Облысы Əкімдігінің Мəдениет Басқармасы:

Shortcuts

Share