25/08/2026
📍 Жамбыл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2026 жылғы 25 тамыз күні Жамбыл ауданында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық қағидаттарын насихаттау және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ақпараттық-үлестірмелі үнқағаздар таратылды.
Іс-шараны Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды.
🤝 Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам — ортақ мақсатымыз!
Адалдықты дәріптеу, заңды құрметтеу және қоғамның әр мүшесінің жауапкершілігін арттыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды негізі.
#ЖамбылАуданы #АдалҚоғам #СыбайласЖемқорлыққаҚарсы #АқпараттықТүсіндіру #Адалдық #ЗаңЖәнеТәртіп