«Тараз қаласының білім бөлімі» КММ

«Тараз қаласының білім бөлімі» КММ Мекен жайымыз: Қолбасшы Қойкелді 190
Қабылдау бөлмесі: 54 93 92
Мектепке дейінгі білім: 54 74 63

01/09/2026

№54 орта мектебінде Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

1 қыркүйек күні №54 орта мектебінде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына және Білім күніне арналған салтанатты іс-шара Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақбайұлы Қарашөкеевтің қатысуымен өтті.
Салтанатты жиында жаңа оқу жылының басталуымен оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар қауымына ізгі тілектер айтылды. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бірінші сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше маңызға ие болды. Алғашқы қоңырау үні соғылып, бүлдіршіндер білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасады.
Білім күні аясында Конституция құндылықтарын дәріптеуге, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына, «Таза Қазақстан» бастамасына, сондай-ақ «Заң және тәртіп», «Адал еңбек» қағидаттарына бағытталған Бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Жаңа оқу жылы білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктер мен толағай жетістіктерге толы болып, ұстаздар қауымының еңбегі жемісті болсын!

🔰Мектеп аулалары жаңа тыныс алды!2026 жылдың жаз мезгілінде қаламыздағы №8, 10, 11, 12, 17, 24, 28, 33, 34, 45 , 48 және...
01/09/2026

🔰Мектеп аулалары жаңа тыныс алды!

2026 жылдың жаз мезгілінде қаламыздағы №8, 10, 11, 12, 17, 24, 28, 33, 34, 45 , 48 және 50 мектептерінің аумағында заманауи футбол алаңдары орнатылды.

Енді оқушылардың спортпен шұғылданып, бос уақытын тиімді өткізуіне, футбол ойнап, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жаңа мүмкіндік бар.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАРБілім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жаңа оқу жылына сәтті ...
01/09/2026

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР

Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жаңа оқу жылына сәтті бейімделуіне қолайлы жағдай жасау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, білім беру ұйымдарының аумағында ерікті педагогтердің күндізгі кезекшілігі ұйымдастырылып, білім алушылардың қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді.

Жібек жолы және Әулиеата аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлесіп дәрістер мен кездесулер ұйымдастырылып, білім алушыларға олардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындарда және жол қозғалысы кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері, құқық бұзушылықтардың салдары, сондай-ақ буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар ата-аналар арасында профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәмелетке толмағандардың сабақтан тыс уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру және олардың құқықтық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігі ескертілді.

Бұдан бөлек, 1–4 қыркүйек аралығында «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылуда. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіп талаптарының сақталуын бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы бағыттағы жұмыстар білім беру ұйымдары, ата-аналар және құқық қорғау органдарының өзара тығыз ынтымақтастығы негізінде алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса береді.

01/09/2026

🔰«Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі»
Тараз қаласы, №67 орта мектеп
1 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 1 қыркүйек күні Тараз қаласындағы №67 орта мектепте Білім күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты салтанатты жиын өтті.
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауына арналған іс-шараға мектеп ұжымы, білім алушылар, ата-аналар және арнайы қонақтар қатысты.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Іс-шара барысында білім мен тәрбиенің сабақтастығы, Конституцияны құрметтеу, заң мен тәртіпті сақтау, азаматтық жауапкершілік, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше мән берілді.
Салтанатты жиынның қадірлі қонағы – Тараз қаласының әкімі Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков білім алушылар мен ұстаздарға жаңа оқу жылына ізгі тілегін білдіріп, жас ұрпақтың сапалы білім алып, ел болашағына өз үлесін қосуына сәттілік тіледі.
Ағымдағы жылы алғаш рет мектеп табалдырығын 163 бірінші сынып білім алушысы аттады.
Салтанатты жиын барысында жас бүлдіршіндер жүрекжарды жырларын арна�

31/08/2026

2026 жылдың 27 тамыз күні Тараз қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес № 29 бөбекжай -бақшасының ұйымдастыруымен «ППҚҚ құжаттарын жүйелі жүргізу – логопед жұмысының негізі» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты: бөбекжай-бақша логопедтерінің ППҚҚ аясындағы құжаттарды жүргізу бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру, құжаттарды дұрыс толтыру, жүйелеу және тәжірибеде тиімді қолданудың жолдарын көрсету
Нәтижесінде семинарға қатысқан педагогтер өздеріне қажетті тың ақпарат алып, тәжірибе алмасып, кәсіби қоржындарын толықтырды.
Өз тәжірибелерімен бөліскен барлық педагогтерге шығармашылық табыс тілейміз!

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУЛЫҚПЕН 100% ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІТараз қаласы бойынша жаңа оқу жылына дайындық аясында баспаларда...
31/08/2026

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУЛЫҚПЕН 100% ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Тараз қаласы бойынша жаңа оқу жылына дайындық аясында баспалардан тапсырыс берілген оқулықтар толық көлемде жеткізіліп, мектептерге таратылды.
Бүгінгі таңда Тараз қаласы білім бөлімі тарапынан 3-сынып оқушыларына арналған төмендегі пәндер бойынша жаңа оқулықтар сатып алынып, мектептерге толық жеткізілді:
• Қазақ тілі – оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін;
• Орыс тілі – оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін;
• Әдебиеттік оқу – оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін;
• Математика – оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін;
• Дүниетану – оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін;
• Музыка – оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін мектептер үшін.
Сонымен қатар, 7-сынып оқушыларына арналған:
• «Дүниежүзі тарихы»;
• «Всемирная история»
пәндері бойынша жаңартылған оқулықтар сатып алынды.
Тапсырыс берілген оқулықтар мектептердегі оқушы контингентіне сәйкес бөлініп, толық көлемде таратылды.
📞 Оқулықтарға қатысты сұрақтар бойынша
Оқулықтарды алу немесе оқулық қорына қатысты қандай да бір түсініксіз жағдайлар мәселелер туындаған жағдайда, Тараз қаласы білім бөлімінің кітапхана ісі жөніндегі әдіскері Т.Аяпбергеноваға тікелей хабарласуға болады. (87072798478)

28/08/2026

🔰«БІЛІМ САПАСЫ МЕН АДАМИ КАПИТАЛ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК БАСЫМДЫҚТАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЛАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Конференцияға Тараз қаласының әкімі Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Кзылкулова Лаззат Әбілдақызы, Білім сапасын бақылау департаментінің басшысы Нысанбаев Мухит Аманкулович, Тараз қаласы әкімдерінің орынбасарлары, құқық қорғау және атқарушы органдардың басшылары, кәсіподақ ұйымдары мен азаматтық қоғам өкілдері, білім саласының еңбек ардагерлері, ардақты ұстаздар мен жас педагогтер қатысты.
Жиын алдында қатысушылар «Білім, ізденіс, шығармашылық – болашаққа қадам» тақырыбындағы көрме жұмысымен танысып, «Адами капиталды дамыту: сапа. нәтиже, жетістік» тақырыбындағы бейнеролигін тамашалады.
Жиында Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Ахановна баяндама жасап, өткен оқу жылының қорытындылары мен жаңа 2026-2027 оқу жылына қойылатын басым міндеттерді саралады.
Пленарлық отырыста білім беру саласының өзекті бағыттарына арналған баяндамалар ұсынылды. Атап айтқанда, облыстық білім басқармасы басшысы

Address

Қ. Қойгелді 190
Taraz

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77262434490

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when «Тараз қаласының білім бөлімі» КММ posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to «Тараз қаласының білім бөлімі» КММ:

Shortcuts

Share