Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Taraz
  • Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

05/08/2026

БИЫЛ 3,4 МЛН. ТОННАДАН АСТАМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН ӨНДІРУ ЖОСПАРЛАНУДА
Биыл егіс алқаптарының жалпы көлемі 654,9 мың гектарды құрап, ауыл шаруашылығы дақылдарының құрылымы қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталды.
Атап айтқанда, 377,2 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 43,4 мың гектарға майлы дақылдар, 9,9 мың гектарға қант қызылшасы, 8,6 мың гектарға картоп, 29 мың гектарға көкөніс, 9 мың гектарға бақша дақылдары және 177,6 мың гектарға мал азығы дақылдары орналастырылды.
Сонымен қатар өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытындағы ірі инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Соның бірі – қытайлық Fufeng Group компаниясының жүгеріні терең өңдеуге арналған өндірістік кешені. 2026 жылы жобаның бірінші кезеңін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл кезеңде жылына 500 мың тонна жүгері өңделсе, кәсіпорын толық қуатына шыққан кезде өңдеу көлемі 3 млн тоннаға жетеді. Жобаның жалпы құны – 800 млрд теңге.
Осыған байланысты өңірде дәндік жүгері алқабы 25,6 мың гектарға дейін ұлғайтылып, биыл 179 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш.
Сондай-ақ қант қызылшасы алқабы 9,9 мың гектарға жеткізіліп, биыл 450 мың тонна өнім өндіру көзделген. Жиналған өнім облыстағы екі қант зауытында өңделеді. Тараз қант зауыты 25 жылдан кейін қайта жаңғыртылып, жаңа маусымнан бастап 200 мың тонна қант қызылшасын қабылдайды. Ал Меркі қант зауытының жылдық өңдеу қуаты 250 мың тоннаны құрайды. Нәтижесінде өңірде жалпы 44 мың тоннаға жуық қант өндіру жоспарланып отыр.
Күзгі дала жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін өңірге 8,3 мың тонна дизель отыны бөлінді. Шаруалар үшін жеңілдетілген баға литріне 288 теңге болып белгіленді. Бұл нарықтық бағадан 47–52 теңгеге немесе шамамен 13 пайызға төмен. Қазіргі таңда облысқа 1,7 мың тонна дизель жеткізіліп, оның 407 тоннасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне таратылды.
Бүгінгі күнге дейін масақты дәнді дақылдардың 257,3 мың гектары немесе 73,2 пайызы орылып, 483,2 мың тонна өнім жиналды. Оның ішінде 221,6 мың тонна бидай және 261,6 мың тонна арпа бастырылды.
Өткен жылы дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 7,6 центнерді құраса, биыл бұл көрсеткіш 18,8 центнерге жетіп, екі еседен астам өсті.
Сонымен қатар картоп, көкөніс және бақша дақылдарын жинау жұмыстары да жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда 53,8 мың тонна картоп, 195,2 мың тонна көкөніс және 151,6 мың тонна бақша өнімдері жиналды.
Жыл қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 3,4 млн тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жоспарланып отыр.
Қысқы кезеңге қажетті жем-шөп қоры алдын ала нақтыланып, жалпы 3,3 млн тонна мал азығын дайындау жоспарланған. Қазіргі уақытта 1,9 млн тонна пішен, 344,5 мың тонна сабан, 121,9 мың тонна пішендеме және 203,8 мың тонна қоспа жем дайындалды. Мал азығын дайындау жұмыстары қараша айының соңына дейін жалғасып, жоспарланған көлем толық қамтамасыз етіледі.
Өз кезегінде өңір басшысы егін жинау науқаны жоспарлы қарқынмен жүргізіліп жатқанын, алайда қазіргі кезең жұмыстың ең жауапты сәті екенін атап өтті. Оның айтуынша, егіннің қалған бөлігін уақытылы жинап алу ғана емес, жиналған өнімді сақтау, өткізу және шаруаларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мәселелерін де қатар шешу қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, қызылшасы бойынша жоспарланған 450 мың тонна өнімді қабылдау мен өңдеуге зауыттардың әзірлігін, қабылдау пункттері мен қоймалардың жағдайын нақтылап, шаруалардың өнімін өткізуде ешқандай кедергі туындамауын қамтамасыз етуді және жүгері бойынша жоспарланған 179 мың тонна өнімді қабылдау, сақтау және өткізу мәселелерін де алдын ала пысықтап, барлық дайындық жұмыстарын қазірден бастап жүргізуді тапсырды.

04/08/2026

“Жерлерге зерттеп - қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты” ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы топырақ зерттеу, жер учаскесінің бонитет балын анықтау, агрохимиялық және геоботаникалық іздестірулер жүргізуіге мүдделі тұлғаларды төмендегі мекен-жай бойынша күтеді.
Тараз қаласы, 2-бұрылыс Қазыбек би, 26 ғимараты.
Ргп Гипрозем

ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІМемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын мүлтіксіз сақта...
24/07/2026

ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын мүлтіксіз сақтау мәдениетін қалыптастыру, қызметтік тәртіпті нығайту және кәсіби әдеп қағидаларын сақтау бағытында ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі өкілі Айбек Тасеменов «Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік тәртіп пен кәсіби әдеп талаптарын сақтау» және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ернар Жылысбаев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлық тәуекелдерін басқару, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қолда бар заңдарды толық қолданып, қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты жоюда еңбек етіп, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Кеңес соңында спикерлер басқарма қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ТАРАТУШЫ ОПЕРАТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА! «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік оператор...
03/07/2026

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ТАРАТУШЫ ОПЕРАТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ күзгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығының 2-параграф 18-тармағына сәйкес,
ХАБАРЛАНДЫРУ:

2026 жылғы күзгі дала жұмыстарына арналған мемлекет тарапынан бөлінетін дизель отынын таратушы операторларды айқындау жөніндегі облыстық коммиссияның отырысына тиісті құжаттар топтамасын қабылдау 03.07.2026 жылдан басталады.

Құжаттар топтамасы 2026 жылғы 03 және 09 шілде аралығында қабылданады.

Жұмысшы органның орналасқан жері: Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №119 үй
- Почталық мекенжай: 080008
- Байланыс телефонының номері: 8 (7262) 45-54-86
- Электрондық почта: [email protected];

Комиссия отырысын 2026 жылғы 10 шілдеде, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы ғимаратында өткізу жоспарлануда.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (777) 845 30 95

***

ВНИМАНИЮ ОПЕРАТОРОВ, РАСПРОСТРАНЯЮЩИХ НЕФТЕПРОДУКТЫ!

В соответствии с пунктом 18 параграфа 2 приказа и. о, министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 апреля 2023 года №137 «Об утверждении Правил определения региональных операторов распределения нефтепродуктов на сельскохозяйственные работы, а также правил формирования и распределения объемов нефтепродуктов для производителей сельскохозяйственной продукции в период осенне-полевых и уборочных работ»,
ОБЪЯВЛЕНИЕ:

Прием соответствующего пакета документов на заседание областной комиссии по определению операторов по распределению дизельного топлива, выделяемого государством на осенние полевые работы в 2026 году начнется 03.07.2026 года.

Пакет документов принимается с 03 по 09 июля 2026 года.

Местонахождение рабочего органа: Управление сельского хозяйства акимата Жамбылской области, город Тараз, проспект Абая, дом № 119
- Почтовый адрес: 080008
- Номер контактного телефона: 8 (7262) 45-54-86
- Электронная почта: [email protected];

Заседание комиссии планируется провести 10 июля 2026 года в здании Управления сельского хозяйства акимата области.

По дополнительным вопросам: 8 (777) 845 30 95

Құрметті агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері!Қадірлі жерлестер!Баршаңызды ел тарихындағы маңызды оқиға – жаңа, халықты...
01/07/2026

Құрметті агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері!
Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды ел тарихындағы маңызды оқиға – жаңа, халықтық Конституцияның заңды күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа Ата Заңымыз – тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуына негіз болатын маңызды құжат. Ол заң үстемдігін нығайтып, қоғамдық келісім мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Конституцияның заңды күшіне енуі – еліміздің болашағына бастайтын тарихи қадам. Бұл өзгерістер агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыруға және еңбек адамын қолдауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жамбыл облысының аграрлық саласы өңір экономикасының маңызды тірегі болып қала береді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын жаңғырту және ауылдың өркендеуіне үлес қосу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Конституциямыздың тұғыры биік, Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!

Ізгі тілекпен,

Әбдірәсіл Желеубаев,
Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау туралы хабарламаЖамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы сыбайлас ж...
30/06/2026

Ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау туралы хабарлама

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 2026 жылдың 2 шілде күні Тараз қаласы, Абай даңғылы №119 мекенжайда өтетінін хабарлайды.

***

Уведомление о проведении публичного обсуждения результатов внутреннего анализа

Управление сельского хозяйства акимата Жамбылской области сообщает, что публичное обсуждение результатов внутреннего анализа коррупционных рисков проведенного в Управлении состоится 2 июля 2026 года по адресу: г. Тараз, прос. Абая №119.

📢 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ👤 Тасеменов Айбек Жаханбайұлы📍 Мекенжай:Тараз қ., Абай даңғылы, 1...
23/06/2026

📢 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ

👤 Тасеменов Айбек Жаханбайұлы

📍 Мекенжай:
Тараз қ., Абай даңғылы, 125
№101 кабинет
Индекс: 080008

🕒 Азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді қабылдау:
📅 Әр бейсенбі
⏰ 15:00 – 18:00

📞 Байланыс:
43-72-59
📱 +7 701 75 333 76
📧 [email protected]

⚖️ Егер мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілеріне тап болсаңыз, төмендегі нөмірге хабарласа аласыз:

📲 +7 701 75 333 76

***

📢 УПОЛНОМОЧЕННЫЙ ПО ЭТИКЕ АППАРАТА АКИМА ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

👤 Тасеменов Айбек Жаханбаевич

📍 Адрес:
г. Тараз, проспект Абая, 125
кабинет №101
Индекс: 080008

🕒 График приема государственных служащих и граждан:
📅 Каждый четверг
⏰ с 15:00 до 18:00

📞 Контактные телефоны:
43-72-59
📱 +7 701 75 333 76
📧 [email protected]

⚖️ Если вы столкнулись с фактами нарушения норм служебной этики государственными служащими, вы можете обратиться по телефону:

📲 +7 701 75 333 76

Комплексный план 2026-2030: масштабные инвестиции и стратегические ориентиры отрасли Правительство одобрило Комплексный ...
14/06/2026

Комплексный план 2026-2030: масштабные инвестиции и стратегические ориентиры отрасли

Правительство одобрило Комплексный план развития животноводства на 2026-2030 годы, разработанный по поручению Главы государства. На сегодняшний день отрасль формирует 39% валовой продукции сельского хозяйства, однако текущая динамика ежегодного роста в 2-3% (при которой производство мяса составляет 1,2 млн тонн, а молока – порядка 3,8 млн тонн) в полной мере не раскрывает потенциал сектора.
Реализация нового стратегического документа призвана форсировать эти показатели: к 2030 году запланировано увеличение численности поголовья крупного рогатого скота (КРС) до 12 млн голов, мелкого рогатого скота (МРС) до 28 млн голов, рост производства мяса до 1,8 млн тонн, а также увеличение объемов экспорта готовой и мясной продукции в 2 раза (с 82 до 165 тыс. тонн), что гарантирует полную продовольственную независимость государства и сформирует стабильную сырьевую базу для отечественных перерабатывающих заводов.
Для достижения указанных индикаторов запускается масштабный комплекс мер финансовой поддержки. Вводятся доступные кредитные продукты по фиксированной ставке не более 6% годовых на приобретение племенного поголовья: кредит «Игілік» (на покупку от 100 до 500 голов КРС или от 500 до 1 тыс. голов МРС) и кредит «Береке» для крупных хозяйств (от 500 и более голов КРС, а также от 1 тыс. и более голов МРС).
Для системной поддержки отгонного животноводства готовится к старту единый продукт «Жайлау», средства которого пойдут на обводнение пастбищ, создание пастбищной инфраструктуры и приобретение мобильных вагончиков для чабанов.
Кроме того, под единую ставку 5% годовых запускаются программы финансирования операционной деятельности общим объемом 275 млрд тенге: из них 50 млрд тенге направят на закуп кормозаготовительной техники, а 225 млрд тенге – на пополнение оборотных средств (кормы, ветпрепараты, ГСМ, запчасти и ФЗП).
Помимо финансового стимулирования бизнеса, Комплексный план закрепляет жесткие меры по улучшению условий труда и кадровому обеспечению отрасли. Данный подход напрямую отвечает стратегическому курсу Президента на построение Справедливого Казахстана, где социальная защита работников возведена в ранг приоритета. В рамках реализации этих принципов документом утверждается право пастухов и чабанов на получение специальных социальных выплат по достижении 55 лет, а также поддержка строительства жилья для специалистов в сельской местности, что призвано системно повысить качество жизни на селе.
Проводится модернизация ветеринарных объектов, внедряется ежедневный контроль на торговых объектах и повышения ответственности владельцев животных.
Результаты Национальной сельскохозяйственной переписи будут интегрированы в цифровые платформы, которые станут единым источником данных для обеспечения прозрачности и точного учета.

Азан Абдуллаев,
руководитель КХ «Нарзан»

День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страныКаждое второе воскресенье июня в Ка...
14/06/2026

День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны

Каждое второе воскресенье июня в Казахстане отмечается профессиональный праздник – День животноводов.
Эта отрасль является драйвером отечественного агропроизводства, обеспечивая более 39% всей валовой продукции АПК.
Данные Бюро национальной статистики за первые 4 месяца т.г. подтверждают стабильный рост поголовья по всем направлениям. Так, численность крупного рогатого скота увеличилась по сравнению с аналогичным периодом прошлого года на 3,4% (превысив 9 774,5 тыс. голов), поголовье овец и коз выросло на 1,6% (составив более 25,7 млн голов, из которых 23,4 млн – овцы), а самый высокий темп роста демонстрирует коневодство – сразу на 7,1% (свыше 5,1 млн голов).
Также за указанный период произведено 338,2 тыс. тонн мяса всех видов, что на 3,4% выше уровня прошлого года (говядины – 112,9 тыс. тонн; баранины – 34,7 тыс. тонн; конины – 41,2 тыс. тонн; мяса птицы – 126,7 тыс. тонн).
Положительная динамика сохраняется по молоку – 986,8 тыс. тонн ростом на 3,1% (в 2025 году – 957,2 тыс. тонн) и яйцам – 1 519,8 млн штук ростом на 8,6% (в 2025 году – 1 399,2 млн штук).
Положительную динамику подтверждают и финансовые показатели: за первые 4 месяца текущего года объем валовой продукции животноводства в стране превысил 1 триллион 158 миллиардов тенге, благодаря чему индекс физического объема (ИФО) достиг отметки в 103,5%.
Животноводство напрямую обеспечивает социальную стабильность казахстанских сел, формируя постоянную занятость для десятков тысяч сельских жителей. Этот сектор наглядно отражает тезис Главы государства о ключевой ценности «Человека труда» и принципе честного труда. Именно ежедневная работа аграриев на фермах и пастбищах формирует реальную продовольственную безопасность страны.

Ауесхан Байгелов,
руководитель КХ «Жаныс Баба»

07/04/2026

«Суды үнемде – болашақты сақта!»

Address

Улица Абая 119
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00

Telephone

+77262454230

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы:

Shortcuts

Share