Жамбыл ауданы әкімдігі

Жамбыл ауданы әкімдігі Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің әлеуметтік желісі

ХабарландыруМемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына ...
11/08/2026

Хабарландыру

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, 2026 жылдың 21 тамызында Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Аса, Қаракемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Аса ауылдық округі, М.Төлебаев атындағы өнер мектебі, сағат 10.00-де

Қаракемер ауылдық округі, ауылдық клуб, сағат 11:30

Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланатын болады

24/07/2026
«БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ЖІГІТТЕРІ»: ЖАС САРБАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІБауыржан Момышұлы атындағы шекара заставасында әскери борышын өте...
18/07/2026

«БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ЖІГІТТЕРІ»: ЖАС САРБАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бауыржан Момышұлы атындағы шекара заставасында әскери борышын өтеп жүрген жас сарбаздарға «Анаға тағзым» облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығының мамандарымен «Біздің елдің жігіттері»тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараны Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері, майор Манарбекұлы Алтынбек пен кітапхана меңгерушісі Абсеметова Камила Дүйсембайқызы ұйымдастырды.
Кездесудің негізгі мақсаты – Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарып жүрген сарбаздардың әскери ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, патриоттық рухын нығайту және психологиялық тұрғыдан жігерлендіру.
Шара барысында «Анаға тағзым» облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығының Әлеуметтік даму және отбасы құндылықтарын қолдау бөлімінің басшысы Қымбат Қаржауқызы сарбаздарға жүрекжарды ақ тілегін жеткізіп, әскери қызметтің ер азаматты шыңдайтын өмір мектебі екенін атап өтті. Ол тәртіпке бағыну, жауапкершілік, сабыр мен төзімділік – әрбір сарбаздың басты қасиеті екенін айтып, әскери міндеттерін абыроймен атқарып, туған-туыстарының мақтанышына айналып, елге аман-есен оралуларына ізгі тілегін білдірді.
Кездесу аясында орталықтың психолог маманы Аида Назымбекова жас сарбаздарға арналған «Өзіңді таны» психологиялық тренингін өткізді. Тренингте арт-терапия элементтері қолданылып, қатысушылардың өзін-өзі тануына, эмоциялық тұрақтылығын арттыруға және ішкі әлеуетін дамытуға бағытталған жаттығулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар есте сақтау қабілетін жетілдіруге арналған тапсырмалар орындалып, еркін форматтағы сұрақ-жауап арқылы сарбаздар өз ойларымен бөлісті.
Кездесу жас сарбаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың рухани және психологиялық тұрғыдан серпіліс алуына ықпал етті. Мұндай тағылымды кездесулер жас буынның елге деген сүйіспеншілігін арттырып, әскери қызметке деген жауапкершілік сезімін нығайта түсетіні сөзсіз.

Құрметті аудан тұрғындары!Сіздерді еліміздің жүрегі, Тәуелсіз Қазақстанның айшықты символы – Астана қаласының мерекесі, ...
06/07/2026

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді еліміздің жүрегі, Тәуелсіз Қазақстанның айшықты символы – Астана қаласының мерекесі, 6 шілде – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – егемендігіміздің берік тірегі, бірлік пен болашаққа деген сенімнің көрінісі. Қысқа уақыт ішінде әлемге танылған сәулетті шаһар еліміздің саяси, экономикалық және мәдени дамуының басты орталығына айналды. Бас қаланың әрбір жетістігі – бүкіл Қазақстан халқының ортақ мақтанышы.

Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, Астанамыз әрдайым гүлдене берсін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

ХабарландыруМемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына ...
04/07/2026

Хабарландыру

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, 2026 жылдың 17 шілдеснде Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Ақбастау, Көлқайнар, Қарасу ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Ақбастау ауылдық округі, Бірлесу-Еңбек ауылы, ауылдық клуб, сағат 10.00-де

Көлқайнар ауылдық округі, Тастөбе ауылы, Ә.Тарази атындағы тірек мектебі, сағат 11.30

Қарасу ауылдық округі, Ащыбұлақ ауылы, ауылдық клуб, сағат 15.00

Объявление

В соответствии с Указом Главы государства от 3 марта 2022 года №826
«О проведении встреч акимов с населением»,
17 июля 2026 года состоится встреча акима Жамбылского района Ерлана Кыдыралыулы с жителями Акбастауского, Колькайнарского и Карасуского сельских округов.

Акбастауcкий сельский округ, село Бірлесу-Еңбек, сельский клуб, в 10:00

Колькайнарский сельский округ, село Тастөбе, опорная школа имени А. Тарази, в 11:30

Карасуский сельский округ, село Ащыбулак, сельский клуб, в 15:00

Су – тіршілік көзі. Оны үнемдеу – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.Бүгінгі таңда су ресурстарының азаюы әлемдік деңгейдегі...
08/06/2026

Су – тіршілік көзі. Оны үнемдеу – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Бүгінгі таңда су ресурстарының азаюы әлемдік деңгейдегі маңызды мәселе болып отыр. Сондықтан әр тамшы судың қадірін білу, тұрмыста және өндірісте суды тиімді пайдалану – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз.
Күнделікті өмірде суды ысырап етпеу, ақаулы крандарды уақытында жөндеу, су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру арқылы табиғатты қорғауға өз үлесімізді қоса аламыз.
Суды үнемдеу – тек экономия емес, бұл экологияға, өмірге деген құрмет.

ЕЛ РӘМІЗДЕРІ - ЕЛ РУХЫ4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Тараз политехникалық коллед...
05/06/2026

ЕЛ РӘМІЗДЕРІ - ЕЛ РУХЫ
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Тараз политехникалық колледжінде «Ел рәміздері – ел рухы» атты тарихи құрылтай ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары, тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы Данияр Рамазанұлы Сарымсақов пен Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бірлескен ұйымдастыруымен өтті.
Құрылтайдың негізгі мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздердің маңызын түсіндіру және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру болды.
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз еліміздің айбыны мен мәртебесін айқындайтын басты құндылықтар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны халқымыздың тарихын, мәдениетін, дәстүрі мен рухын бейнелейтін қасиетті белгілер болып табылады.
Көк Туымыз – бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ашық аспан мен жарқын болашақтың нышаны. Тудың ортасындағы алтын күн мен қыран құс еркіндікке, биік мақсаттарға ұмтылуды және елдің болашаққа деген сенімін білдіреді.
Мемлекеттік Елтаңба – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының белгісі. Ондағы шаңырақ бейнесі ортақ үйіміз – Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық ұлт пен ұлыстың татулығын көрсетеді.
Ал Мемлекеттік Әнұран – әрбір азаматтың жүрегінде туған елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін оятатын ерекше рухани құндылық. Әнұран орындалған сәтте әр қазақстандықтың бойында елге деген құрмет пен жауапкершілік сезімі арта түседі.
Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздердің тарихы, олардың қоғамдағы рөлі мен маңызы туралы кеңінен айтылып, студенттер арасында танымдық пікір алмасу өтті. Қатысушылар ел рәміздерін құрметтеу – әр азаматтың қасиетті парызы екендігін атап өтті.
Ел рәміздері – біздің тәуелсіздігіміздің, елдігіміздің және ұлттық рухымыздың айқын көрінісі. Сондықтан оларды қадірлеу мен қастерлеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын белгісі.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес 2026 жылдың 18 маусым күні Жамбыл а...
03/06/2026

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес 2026 жылдың 18 маусым күні Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Бесағаш, Гродеково, Қызылқайнар ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Бесағаш ауылы, ауылдық клуб, сағат 10:00.

Гродеково ауылы, ауылдық мәдениет үйі, сағат 12:00

Қызылқайнар ауылы, ауылдық мәдениет үйі, сағат 15:00

Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланады.

В соответствии с Указом Главы государства «О проведении встреч акимов с населением», 18 июня 2026 года аким Жамбылского района Ерлан Кыдыралыулы проведёт встречи с жителями Бесагашского, Гродековского и Кызылкайнарского сельских округов.

Село Бесагаш, сельский клуб — 10:00.
Село Гродеково, сельский дом культуры — 12:00.
Село Кызылкайнар, сельский дом культуры — 15:00.

Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері, аға лейт...
22/05/2026

Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері, аға лейтенант К.Н. Байтиков және кітапханашы К.Д. Абсеметова Тараз қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Абай атындағы орталық кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп, Жамбыл ШБ клубында қазақтың ұлы жыршысы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты поэзиялық кеш ұйымдастырды.
Шара барысында жыр алыбының өмірі мен шығармашылығы дәріптеліп, оның өлеңдері мен жыр-толғаулары оқылды. Кешке қатысушылар ақын мұрасының халықтық құндылығы мен ұлт руханиятындағы орнын айрықша атап өтті.
Іс-шара аясында «Жыр дүлділі» атты кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандарға Жамбыл шығармашылығына арналған әдебиеттер ұсынылды.
Поэзия мерекесі рухани мазмұнға толы әсерлі басқосу ретінде өткізіліп, қатысушыларға ұлы жыраудың өнерге толы өмірінен мол мағлұмат берді.

Address

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Абай көшесі № 122
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77054436425

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жамбыл ауданы әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Жамбыл ауданы әкімдігі:

Shortcuts

Share