Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласының әкімдігі 🔰Тараз қаласы әкімдігінің ресми парақшасына қош келдіңіз

05/09/2026

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласында жалпықалалық сенбілік өтті.

Игі бастамаға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, мемлекеттік қызметшілер, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері, жастар, ардагерлер мен шаһар тұрғындары қатысты.

Бүгінгі тазалық жұмыстарына 5 мыңға жуық адам мен 25 техника жұмылдырылып, 150 тонна қоқыс шығарылды.

Сенбілік барысында негізгі жұмыстар "Ұлы дала" шағын ауданындағы "Үшбұлақ" каналының бойында жүргізілді. Мұнда канал жағалауы мен оған іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды.

Сонымен қатар, шаһардың өзге де белгіленген аумақтарында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласында сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – шаһардың санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындар мен аулалардың тазалығын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

Жыл басынан бері акция аясында ұйымдастырылған тазалық шараларына 100 мыңға жуық тараздық атсалысты. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде қала аумағынан 10 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Тазалық жұмыстары тек сенбілікпен шектелмей, қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бағытында да тұрақты түрде жалғасуда.

“Алатау” шағын ауданы, №52 тұрғын үй аумағындағы қоқыс алаңшасы тазаланды.Алдағы уақытта коммуналдық қызмет уақытылы көр...
05/09/2026

“Алатау” шағын ауданы, №52 тұрғын үй аумағындағы қоқыс алаңшасы тазаланды.

Алдағы уақытта коммуналдық қызмет уақытылы көрсетіледі.

ТАРАЗДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫРБүгін Тараз қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ...
05/09/2026

ТАРАЗДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін Тараз қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қала тұрғындарына жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылуда.

Жәрмеңкеге Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынып жатыр.

Сауда орындарында ет және сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, ұн, нан-тоқаш өнімдері, жұмыртқа, бал және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері сатылымға шығарылған.

Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – өнімдердің тікелей өндірушілерден ұсынылуы. Бұл тұрғындарға қажетті азық-түлік тауарларын қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік берсе, жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлерге өз өнімдерін өткізуге жағдай жасайды.

Мұндай жәрмеңкелер қала тұрғындарының сұранысын қамтамасыз ету, жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және ауыл мен қала арасындағы байланысты нығайту мақсатында тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қала тұрғындарын жәрмеңкеге келіп, жергілікті өндірушілердің өнімдерін сатып алуға шақырамыз!

***
В ТАРАЗЕ ВНОВЬ ПРОХОДИТ ЯРМАРКА СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ ПРОДУКЦИИ

Сегодня в Таразе проходит ярмарка сельскохозяйственной продукции. Жителям города предлагают широкий ассортимент товаров местного производства.

В мероприятии принимают участие сельхозтоваропроизводители и предприниматели города. На прилавках представлены мясная и молочная продукция, овощи, фрукты, мука, хлебобулочные изделия, яйца, мёд и другие продукты питания.

Особенность ярмарки — реализация продукции непосредственно от производителей. Благодаря этому горожане могут приобрести товары по доступным ценам, а местные производители — расширить возможности для сбыта своей продукции.

Проведение таких ярмарок способствует обеспечению населения качественными продуктами питания, поддержке отечественных товаропроизводителей и развитию прямых связей между производителями и потребителями.

Отметим, что ярмарки сельскохозяйственной продукции в Таразе проводятся на регулярной основе.

05/09/2026

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке жастар да белсене қатысты.

Солардың бірі - Мерей Жолдасбек мұндай шаралардың қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда маңызы зор екенін атап өтті.

05/09/2026

Бүгін Таразда жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына Жамбыл облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Эльмира Мырза-Ғали да арнайы қатысып, қала тұрғындарын туған қаламыздың тазалығына үлес қосуға шақырды.

Таза қала – ортақ жауапкершілік!

05/09/2026

Қалада өткен жалпықалалық сенбілікке 100-ге жуық ардагер де белсенді қатысты. Аға буын өкілдері тазалық жұмыстарына атсалысып, қала тұрғындарын туған жердің көркеюіне бірге үлес қосуға шақырды.

Солардың қатарында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев та бар.

05/09/2026

Тараз қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков тазалық жұмыстарына белсене қатысқан жастарға алғысын білдіріп, туған қаланың көркейіп, таза әрі жайлы болуы әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай іс-шаралар қала тазалығын қамтамасыз етумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

04/09/2026

«Медициналық көмектің флагманы»: Жамбыл облысының үздік медициналық ұйымдары анықталды

Тараз қаласында «Медициналық көмектің флагманы» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздарға марапаттарды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова және Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Отарбаева табыстады.

Байқауды Қор өзінің құрылғанына 10 жыл толуына орай, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетушілердің медициналық көмектің сапасын арттыруына ынталандыру, озық тәжірибелерді дамыту және медициналық ұйымдардың қызметін жетілдіру мақсатында ұйымдастырды.

Байқау 2026 жылғы 1 мамыр мен 1 тамыз аралығында өтті. Оған медициналық қызмет көрсететін барлық ұйымдар автоматты түрде қатысты.

Қатысушылар көрсетілетін медициналық көмектің негізгі бағыттарына қарай екі топқа бөлінді.

Бірінші топқа бастапқы медициналық-санитариялық көмек, консультативтік-диагностикалық және шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық қызмет берушілер кірді.

🏆 Бірінші топ бойынша жеңімпаз – «Шу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК.

Екінші топқа стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін медициналық қызмет берушілер қатысты.

🏆 Екінші топ бойынша жеңімпаз – «Қалалық көпбейінді аурухана және консультативтік-диагностикалық орталық» ШЖҚ КМК.

Байқау қорытындысы бойынша комиссия қатысушылардың нәтижелерін саралап, қызметінің жоғары көрсеткіштерін көрсеткен, жұмысты тиімді ұйымдастырған және медициналық көмектің сапасын тұрақты арттыруға ұмтылған медициналық ұйымдарды анықтады.

«Медициналық көмектің флагманы» атағы – медициналық ұжымдардың кәсіби біліктілігіне, сапалы қызмет көрсетуге және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесіне берілген лайықты баға.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Медициналық ұжымдарға кәсіби жетістіктер, жаңа жобалар мен толағай табыстар тілейміз!

#МӘМСЖАМБЫЛ #ОСМСЖАМБЫЛ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке мәсе...
04/09/2026

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар Тараз қаласы, Дулати көшесін тазалау жұмыстарын жүргізу, Саңырық батыр көшесі, №55/8 үйдің құрылысы, Төле би даңғылы, №9 А үйдің артындағы қоқыс мәселесі, осы үйдің алдына асфальт төсеу, үйдің маңына автотұрақ орнату, жылу желісін реттеу жөнінде сауалдармен келді.

Сондай-ақ тұрғын үй кезегі, жер кезегі, қоқыс алаңшасын уақытылы тазалау жөніндегі мәселелерді жеткізді.

Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының ішкі жұмыстары мәселесін жеделдету жұмыстары бойынша сұрақтар көтерді.

Қала әкімі сауалдардың барлығы заңнама талаптарына сәйкес зерделеніп, белгіленген жоспар аясында кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

***

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» аким города Тараза Бакытжан Орынбеков провёл очередной личный приём граждан. Горожане озвучили вопросы, связанные с благоустройством, жилищно-коммунальной сферой, строительством и содержанием городской инфраструктуры.

В частности, обращения касались санитарной очистки улицы Дулати, строительства дома №55/8 по улице Санырак батыра, а также благоустройства территории возле дома №9А на проспекте Толе би. Жители попросили обратить внимание на вывоз мусора, укладку асфальта, обустройство парковочных мест и регулирование работы тепловых сетей.

Кроме того, были затронуты вопросы продвижения в очереди на получение жилья и земельных участков, а также своевременного обслуживания контейнерных площадок.

Отдельное обращение касалось ускорения работ по внутреннему обустройству полигона твердых бытовых отходов.

По итогам встречи аким города поручил ответственным службам рассмотреть поступившие обращения. Бакытжан Орынбеков подчеркнул, что каждый вопрос будет изучен в установленном порядке с учётом требований законодательства, а решения будут приниматься поэтапно в рамках утверждённого плана.

Address

Ы. Сүлейменов 3
Taraz

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77262437293

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Тараз қаласының әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Тараз қаласының әкімдігі:

Shortcuts

Share