Жуалы ауданы әкімдігі

Жуалы ауданы әкімдігі Жуалы ауданы

05/09/2026
04/09/2026

Цифрлық жүйелер: жұмыс сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері

Аудан әкімдігінің аппарат басшысы Дидар Ғалымжанұлының төрағалығымен «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі, «Документолог» электрондық құжат айналымы жүйесі және азаматтарды жеке қабылдау бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинар барысында азаматтардың жолданымдарын сапалы әрі уақтылы қарау, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарын сақтау, өтініштерді қарау және қайта бағыттау мерзімдерін сақтау, сондай-ақ электрондық жүйелермен жұмыс барысында туындайтын мәселелер талқыланды.

Семинар қорытындысында жауапты қызметкерлерге өтініштерді қарау сапасы мен мерзімдеріне тұрақты мониторинг жүргізу, электрондық жүйелерді тиімді пайдалану бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

04/09/2026
03/09/2026

🔰«Заң мен тәртіп қағидаты аясында: Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз қоғам кепілі»

Бәйтерек ауылдық мәдениет үйінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында «Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз қоғам кепілі» атты маңызды кездесу өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары, модератор Анар Садыққызы Ахметова ашып, елдегі заңдылық пен тәртіпті сақтау – бейбіт әрі тұрақты қоғамның басты негізі екенін атап өтті.
Жиын барысында әр саланың білікті мамандары көкейкесті мәселелер бойынша баяндама жасап, тұрғындарға пайдалы ақпарат берді:
🔹Заңдылық пен цифрлық қауіпсіздік: Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ринат Бақытханұлы Заппаров интернет-алаяқтық, азаматтарды «дропперлік» заңсыз әрекеттерге тарту, фишингтік сайттар мен ұрлықтың алдын алу жолдарын түсіндірді.
🔹Маусымдық қауіпсіздік: Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының у.м.а. Мейірхан Жартыбайұлы Әлімбеков жазғы маусымдағы өрт қауіпсіздігі мен су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелеріне тоқталды.
🔹Отбасылық құндылықтар: Аудандық отбасын қолдау орталығының директоры Жәмиля Қожамұратқызы Калимбетова тұрмыстық зорлық-зомб

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ Қазақстанда алғашқы республик...
03/09/2026

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде қысқаша пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

01/09/2026

🔰 Жаңа оқу жылының алғашқы күні №19 Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Білім күніне арналған салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Анар Садыққызы Ахметова қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Салтанатты жиында мектеп директоры Орынбек Жанболат Пернебекұлы сөз сөйлеп, білім алушыларға сәттілік тілеп, ұстаздар қауымына еңбектеріне толағай табыс тіледі. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, жаңа оқу жылында білім мен тәрбиенің қатар өрістейтініне тоқталды.

Шараға арнайы шақырылған қонақтар — Роза Дарханбекқызы мен Мамаджанов Шакиржан Хаджиевич те ізгі тілектерін білдіріп, жас ұрпаққа білімнің маңызын айтып, оқушыларға жарқын болашақ тіледі.

Білім күні — балғын жүректерге жаңа үміт, ұстаздарға жаңа міндет, ата-аналарға зор қуаныш сыйлайтын айтулы күн. Әсіресе, алғашқы қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушылары үшін бұл күн өмірлеріндегі ерекше белес болып қалмақ.

Салтанатты жиын барысында оқушылардың өнері мен мерекелік көңіл-күйі де көрініс тауып, алғашқы қоңырау соғылды. Осылайша №19 Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының ұжымы жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастап, білім биігіне бастар тағы бір оқу жылына қадам басты.

01/09/2026

Алғашқы қоңырау – үлкен арманның бастауы

Жуалы ауданындағы білім беру саласының қарашаңырағына айналған Шерхан Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауына арналған салтанатты жиын өтті.

Білім күніне арналған тағылымды шараға Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза арнайы қатысып, мектеп ұжымы мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде білімнің – ел болашағын қалыптастыратын басты құндылықтардың бірі екенін атап өтіп, ұстаздарға шығармашылық табыс, ал оқушыларға сапалы білім мен биік жетістіктер тіледі.

Салтанатты жиынға аудандық полиция бөлімінің бастығы Сәбит Мамытбеков те қатысып, ұстаздар мен оқушыларға жүрекжарды тілегін жеткізді. Ол жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен тәрбиесі қатар жүретін маңызды міндет екенін атап, оқушыларды тәртіптілікке, жауапкершілікке және Отанға деген сүйіспеншілікке үндеді.

Мектеп директоры Мұхамеджан Бейшенов жаңа оқу жылының басталуымен барша ұстаздар қауымын, оқушылар мен ата-аналарды құттықтап, білім ордасының алдағы оқу жылындағы мақсат-міндеттеріне тоқталды.

Шара барысында мектептің жоғары сынып оқушылары да ерекше бастама көтерді. 11-сынып оқушылары мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып бүлдіршіндеріне арнайы тақталар тарту етіп, оларға өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Бұл – үлкен сынып оқушыларының кішілерге деген қамқорлығын көрсетіп қана қоймай, мектептегі сабақтастық пен ізгі дәстүрдің жалғасын тапқанын аңғартатын әсерлі сәт болды.

01/09/2026

БІЛІМГЕ БАСТАР АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

Жаңа оқу жылы Жуалы ауданында ерекше сән-салтанатпен басталды

Бүгін – барша білім алушы асыға күткен жаңа оқу жылының алғашқы күні. Қыркүйектің қоңыр салқынымен бірге мектептерде бала күлкісі қайта естіліп, білім ордаларының есігі оқушыларға айқара ашылды. Бұл күн әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін айрықша мәнге ие.

Жуалы ауданында да Білім күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, жаңа оқу жылы көтеріңкі көңіл-күймен басталды. Биыл аудан бойынша 871 оқушы 1-сыныпқа қабылданып, алғаш рет мектеп партасына отырды.

Address

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі 12
Taraz
080300

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жуалы ауданы әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share