25/08/2026
🤖 Қазақстандық студенттер ABU Robocon 2026 халықаралық чемпионатында жүлдеге ие болды
Гонконгта өткен ABU Robocon 2026 робототехникадан халықаралық чемпионатында Қазақстан атынан қатысқан Назарбаев Университетінің BULAN командасы Mabuchi Motor Award жүлдесіне ие болды. Байқауға 21 елдің университет командалары қатысты.
Mabuchi Motor Award инженерлік шешімдердің бірегейлігі, механикалық конструкцияның сапасы, сондай-ақ механикалық, электрондық және бағдарламалық компоненттерді тиімді үйлестіре білгені үшін беріледі.
Қазақстанның ABU Robocon 2026 чемпионатына қатысуы еліміздің жеті жылдық үзілістен кейін халықаралық жарысқа қайта оралуы болды. Биыл ұлттық іріктеуді өткізу және ел құрамасын жасақтау жұмыстарын USTEM Foundation ҚҚ ұйымдастырды.
Ұлттық кезең 1 шілдеде Almaty Tech Cup аясында өтті. Оның қорытындысы бойынша Назарбаев Университетінің BULAN командасы жеңімпаз атанып, Гонконгтағы халықаралық финалда Қазақстан атынан қатысу құқығына ие болды.
Қазақстан құрамасына механика, электроника, бағдарламалау, дизайн және жобаларды басқару бағыттарын қоса алғанда, түрлі мамандықтар бойынша білім алып жүрген 28 студент енді. Мұндай пәнаралық тәсіл робототехникалық шешімдерді әзірлеу мен дайындау барысында инженерлік және цифрлық құзыреттерді ұштастыруға мүмкіндік берді.
Халықаралық кезеңде Қазақстан атынан Мейіржан Таздарбай, Темірлан Амангелді, Аймедет Тауфик, Фаршед Иброхимов және Дастан Мусрепов өнер көрсетті.
Mabuchi Motor Award – шағын электр қозғалтқыштарын өндіретін жапондық Mabuchi Motor компаниясының арнайы жүлдесі. Ол жобалауда бірегей тәсіл, механикалық инженерияның жоғары деңгейін және технологиялық шешімдерді кешенді қолдану шеберлігін көрсеткен командаларға табысталады.
Қазақстандық команданың ABU Robocon 2026 чемпионатындағы нәтижесі студенттік инженерия мен робототехника саласындағы әлеуеттің артып келе жатқанын, сондай-ақ қазақстандық жас әзірлеушілердің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.
🤖 Казахстанские студенты завоевали международную награду на ABU Robocon 2026
Команда BULAN Назарбаев Университета, представлявшая Казахстан на международном чемпионате по робототехнике ABU Robocon 2026 в Гонконге, завоевала Mabuchi Motor Award. В соревнованиях приняли участие университетские команды из 21 страны.
Mabuchi Motor Award присуждается за оригинальность инженерных решений, качество механической конструкции и эффективную интеграцию механических, электронных и программных компонентов.
Участие в ABU Robocon 2026 стало возвращением Казахстана на международный чемпионат после семилетнего перерыва. Национальный отбор и формирование сборной страны в этом году организовал ОФ USTEM Foundation.
Национальный этап состоялся 1 июля в рамках Almaty Tech Cup. По его итогам победителем стала команда BULAN Назарбаев Университета, получившая право представить Казахстан на международном финале в Гонконге.
В состав сборной Казахстана вошли 28 студентов различных специальностей, включая механику, электронику, программирование, дизайн и управление проектами. Такой междисциплинарный подход позволил объединить инженерные и цифровые компетенции при разработке и подготовке робототехнических решений.
На международном этапе Казахстан представляли Мейіржан Таздарбай, Темірлан Амангелді, Аймедет Тауфик, Фаршед Иброхимов и Дастан Мусрепов.
Mabuchi Motor Award учреждена японской компанией Mabuchi Motor – производителем малых электродвигателей. Награда вручается командам, продемонстрировавшим оригинальный подход к проектированию, высокий уровень механической инженерии и комплексное применение технологических решений.
Результат казахстанской команды на ABU Robocon 2026 свидетельствует о растущем потенциале студенческой инженерии и робототехники, а также конкурентоспособности молодых казахстанских разработчиков на международной площадке.