05/06/2026
Есіл ауданында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының есептік конференциясы өтті
Оның жұмысына «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Ғабит Тажмұратов, бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрбол Тұрсынбаев және «AMANAT» партиясы Есіл аудандық филиалының төрағасы Санира Жүсіпова қатысты.
Конференцияны Санира Жүсіпова ашып, жиынның күн тәртібімен таныстырды. Ол есептік кезеңде атқарылған жұмыстарға тоқталып, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру, тұрғындармен кері байланысты нығайту және қоғамдық бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстардың маңызын атап өтті.
Жиында Ғабит Тажмұратов сөз сөйлеп, партияның алдағы міндеттері мен негізгі басымдықтарына тоқталды.
Есептік конференция барысында аудандық филиал Саяси кеңесінің 2023 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы мамырға дейін атқарған жұмысы туралы есеп тыңдалды. Сондай-ақ сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы қаралып, орындалған жұмыс сараланды.
Бұдан бөлек, партияның депутаттық фракциясының атқарған жұмысы, бастауыш партия ұйымдарының қызметі және әйелдер қанатының есебін Санди Сұлтан баяндады. Ал
Конференция барысында жұмыс тәртібі бекітіліп, барлық шешімдерді ашық дауыс беру арқылы қабы