Целиноград ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Целиноград ауданының әкімдігі, Government Organization, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, Tselinograd.

04/06/2026

Порядок предоставления услуг индивидуального помощника лицу с инвалидностью

04/06/2026

Мүгедектігі бар азаматтардың жеке көмекші қызметін көрсету тәрібі

04/06/2026

2026 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Заңына, жұмылдыру дайындығы жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына, сондай-ақ Ақмола облысы әкімінің өкіміне сәйкес «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметшілер мен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдарды жұмылдыру бойынша хабардар ету жаттығуы өткізілді.

Жаттығу барысында жауапты лауазымды тұлғаларды хабардар ету және жинау тәртібі, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталып, жұмылдыру дайындығы іс-шараларын орындауға әзірлік деңгейі тексерілді.

Аталған іс-шара қатысушылардың үйлесімді іс-қимылын жетілдіруге, жұмылдыру дайындығы бойынша міндеттерді орындау кезіндегі әзірлікті арттыруға және ерекше кезең жағдайында жедел әрекет ету жүйесін нығайтуға мүмкіндік берді.

04/06/2026

4 июня 2026 года в соответствии с Законом Республики Казахстан «О мобилизационной подготовке и мобилизации», Планом основных мероприятий по мобилизационной подготовке, а также на основании распоряжения акима Акмолинской области в ГУ «Аппарат акима Целиноградского района» проведена тренировка по оповещению о мобилизации государственных служащих и взаимодействующих государственных органов.

В ходе тренировки были отработаны алгоритмы оповещения, порядок сбора ответственных должностных лиц, а также механизмы взаимодействия государственных органов при выполнении задач мобилизационной подготовки.

Проведённое мероприятие позволило проверить уровень готовности к выполнению мероприятий мобилизационной подготовки, повысить слаженность действий участников и укрепить систему оперативного реагирования в условиях особого периода.

03/06/2026
02/06/2026

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Целиноград ауданында ерекше қуаныш пен шаттыққа толы мереке ретінде аталып өтті.

Жаздың алғашқы шуақты күнінде Ақмол ауылының орталық алаңы балғындардың сыңғырлаған күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйіне бөленді. Мерекелік шарада Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Асқар Айтмұхамбетұлы Нұртазин бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, әр балаға бақытты балалық шақ, мықты денсаулық пен жарқын болашақ тіледі.

Сахна төрінде өнерлі балалар ән шырқап, би билеп, өздерінің таланты мен шығармашылығын паш етті. Түрлі-түсті шарлар мен әсем әуендер мерекенің сәнін келтіріп, ерекше көңіл күй сыйлады.

Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі – көпбалалы аналардың салтанатты шеруі болды. Ана мейірімі мен отбасы құндылықтарын дәріптеген бұл көрініс көпшіліктің жүрегіне жылулық ұялатып, мерекеге ерекше мән берді.

Балалардың шат күлкісі мен қуанышқа толы жанарлары – еліміздің жарқын болашағының айқын көрінісі. Әр бала бақытты болсын, әр шаңырақта қуаныш пен береке орнасын!

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Целиноград ауданында ерекше күтімді қажет ететін балаларға мерекелік көңіл-күй ...
01/06/2026

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Целиноград ауданында ерекше күтімді қажет ететін балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлы балалардың үйлеріне барып, мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Балалардың жүзіндегі шаттық пен қуаныш – бұл күннің ең басты сыйы болды.
Әрбір бала бақытты балалық шаққа лайық. Балалардың күлкісі әр шаңыраққа қуаныш, әр жүрекке мейірім сыйлай берсін!

Қадірлі Целиноград ауданының ардақты тұрғындары!Сіздерді барша мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Құрбан айт мерекес...
27/05/2026

Қадірлі Целиноград ауданының ардақты тұрғындары!

Сіздерді барша мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – жүректерге жылу сыйлап, адамзатты мейірім мен кешірімге, қайырымдылық пен жанашырлыққа бастайтын ұлы рухани құндылықтардың мерекесі. Бұл күндері әр шаңырақта береке орнап, ақ дастархан жайылып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, мұқтажға қол ұшын созу – халқымыздың асыл дәстүріне айналған игі амалдар жаңғыра түседі. Осындай ізгі істер қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтып, ортақ ынтымағымызды бекемдейді.

Осынау қасиетті мереке әр отбасыға шаттық пен береке, ырыс пен молшылық, ең бастысы – амандық пен тыныштық әкелсін. Жүректеріңіз мейірімге, шаңырақтарыңыз қуаныш пен жылулыққа толы болсын.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, тәуелсіз Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуі жалғаса берсін!
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Аудан әкімі Дарын Сабырғали

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадыЦелиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәс...
21/05/2026

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында Ақмол және Оразақ ауылдары тұрғындарының өтініштері қаралды. Көтерілген мәселелер экология, инфрақұрылымды дамыту, жолдардың жағдайы және өзге де өзекті тақырыптарға қатысты болды.

Атап айтқанда, тұрғындар келесі маңызды мәселелерді көтерді:
🔹 Ақмол ауылындағы құс фабрикасының қызметіне байланысты жағымсыз иісті азайту;
🔹 Оразақ ауылындағы жолға қиыршық тас төсеу және грейдерлеу жұмыстарын жүргізу;
🔹 Нұра өзені арнасының бір бөлігін санациялау жобасын іске асыру.

Аудан әкімі азаматтардың барлық өтініштерін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берді. Сондай-ақ, жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, белгіленген мерзімде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

📞 Маңызды: Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала келесі телефон нөмірі бойынша жазылуға болады:
👉 8 (71651) 30-509

Құрметті жерлестер! Қарулы күштердің қызметкерлері мен сала мамандары! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын ж...
07/05/2026

Құрметті жерлестер! Қарулы күштердің қызметкерлері мен сала мамандары!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – мемлекетіміздің егемендігі мен тыныштығын күзеткен айбынды ерлеріміздің, Отан алдындағы борышын адал атқарып жүрген азаматтарымыздың ортақ мерекесі. Бұл күн тек әскери қызметшілердің ғана емес, сонымен қатар еліміздің гүлденуіне үлес қосып, отбасының тірегі болып жүрген әрбір ер-азаматтың мерейлі сәті.

Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизм – мемлекетіміздің басты құндылықтары. Бүгінгі ұрпақ – ата-бабаларымыздың ерлігін ұлықтап, ел іргесінің бүтіндігін сақтауды басты парыз санайды.

Осы айтулы мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат және отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, бейбітшілік заманымыз мәңгі болсын!

Құрметпен,
Целиноград ауданының әкімі
Дарын Сабырғали

Address

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34
Tselinograd
021800

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77165130102

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Целиноград ауданының әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Целиноград ауданының әкімдігі:

Shortcuts

Share