01/06/2026
Қазақстан жастарын тереңірек түсінуге көмектесетін деректермен студенттер бүгінде-ақ жұмыс істеп жатыр 👀
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының базасында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Аймақтану» білім беру бағдарламасының студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде. Талдау және коммуникациялар басқармасының басшысы Алёна Дмитриеваның жетекшілігімен олар Орталықтың аналитикалық қызметімен танысып, «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамаларының зерттеу нәтижелерін, жастар статистикасын және мемлекеттік жастар саясаты саласындағы негізгі жобаларды зерделеуде.
Тәжірибе болашақ мамандарға деректердің аналитикаға, аналитиканың ұсынымдарға, ал ұсынымдардың жастарды қолдауға бағытталған нақты шаралар мен бастамаларға қалай айналатынын көруге мүмкіндік береді.
Көптеген студенттер үшін бұл нақты зерттеу материалдарымен жұмыс істеудегі алғашқы тәжірибе әрі университетте алған білімдерін практикада қолданудың маңызды мүмкіндігі. Сондықтан біз болашақ мамандардың алғашқы кәсіби тәжірибесін «Жастар» ҒЗО командасымен бірге жинақтап жатқанына қуаныштымыз.
__
Студенты уже работают с данными, которые помогают лучше понимать молодежь Казахстана 👀
На базе НИЦ «Молодежь» производственную практику проходят студенты специальности «Регионоведение» ЕНУ им. Л.Н. Гумилева. Под руководством руководителя Управления анализа и коммуникаций Дмитриевой Алёны они знакомятся с аналитической работой Центра, изучают результаты исследований ежегодных Национальных докладов «Молодежь Казахстана», молодежную статистику и ключевые проекты в сфере государственной молодежной политики.
Практика позволяет будущим специалистам увидеть, как данные превращаются в аналитику, аналитика – в рекомендации, а рекомендации – в конкретные меры и инициативы, направленные на поддержку молодежи.
Для многих это первый опыт работы с реальными исследовательскими материалами и возможность применить знания, полученные в университете, на практике. Именно поэтому мы рады, что свой первый профессиональный опыт будущие специалисты получают вместе с командой НИЦ «Молодежь».