Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Қазақстанның жаңа заман тарихының архиві

05/09/2026

Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!

ҚР Президенті Архивінің делегациясы 3-4 қыркүйекте Берн қаласында өткен Дипломатиялық құжаттар редакторларының 18-інші х...
04/09/2026

ҚР Президенті Архивінің делегациясы 3-4 қыркүйекте Берн қаласында өткен Дипломатиялық құжаттар редакторларының 18-інші халықаралық конференциясына (ICEDD) қатысты.

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде директор Әлия Мұстафина мен Гданьск қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс...
04/09/2026

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде директор Әлия Мұстафина мен Гданьск қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс музейінің делегациясы кездесті.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кәсіби тәжірибе алмасу перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, тарихи материалдарды зерделеп, оларды насихаттауға бағытталған бірлескен көрмелер мен білім беру жобаларын дайындау мәселелері қозғалды.

Жаңалықтар

Женева қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің делегациясы БҰҰ Кітапханасы және архивтерінің директоры Шар...
03/09/2026

Женева қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің делегациясы БҰҰ Кітапханасы және архивтерінің директоры Шарлотта Варакауллемен кездесті. Жиын барысында биыл бірқатар бірлескен бастаманы жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Жаңалықтар

02/09/2026

3 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Құжаттық жарияланымдарды әзірлеудегі құжаттарды археографиялық рәсімдеудің өзекті мәселелері» тақырыбында кезекті онлайн MeetUp кездесуі өтеді.

Қатысу сілтемесі: us02web.zoom.us/j/85414133019?pwd=kznLSrIHPQDRjNEosmwPxFka6m2xEz.1
Конференция идентификаторы: 854 1413 3019
Кіру коды: 009593


3 сентября в 11:00 состоится очередная онлайн-встреча MeetUp на тему «Актуальные проблемы археографического оформления документов при подготовке документальных публикаций».

Ссылка для участия: us02web.zoom.us/j/85414133019?pwd=kznLSrIHPQDRjNEosmwPxFka6m2xEz.1
Идентификатор конференции: 854 1413 3019
Код доступа: 009593

01/09/2026

Бір құжат – бір тарих

Архив Президентінің қорында 1976 жылғы 31 тамызда түсірілген ерекше фотодерек сақтаулы. Суретте №12 қазақ орта мектебінің алғашқы сынып оқушылары алғашқы ұстазымен бірге бейнеленген.

Жарты ғасыр бұрынғы бұл кадр – мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың қуанышты сәтін бүгінге жеткізген тарихи құжат.

Құрметті зерттеушілер! Архив құжаттарымен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау және құжаттарға қолжетімділікті арттыру мақ...
01/09/2026

Құрметті зерттеушілер!

Архив құжаттарымен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау және құжаттарға қолжетімділікті арттыру мақсатында 1 қыркүйектен бастап ҚР Президенті Архивінің оқу залы жаңа жұмыс кестесіне көшетінін хабарлаймыз. Енді оқу залы дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс – сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Әр айдың соңғы жұмыс күні – санитарлық күн (бұған дейін әр жұма санитарлық күн болған еді).

30/08/2026

«Архив келбеті» айдарының бүгінгі кейіпкері – ҚР Президенті Архивінің Білім беру жобалары және халықаралық ынтымақтастық орталығының аға сарапшысы Ануар Сагатов.

Ол архив саласына қалай келгені, халықаралық тәжірибенің маңызы және бір ғана құжаттың артында тұтас тарих тұруы мүмкін екені туралы ой бөліседі.

24/08/2026

«Ал сіз білесіз бе?» айдарының кейіпкері — бірінші санатты архивші Еркін Дүйсен.

Архив құжаттары қандай жағдайда сақталады? Құжаттардың қозғалысын цифрлық жүйе арқылы қалай бақылауға болады?

Жауабын видеодан көре аласыздар!

Address

Қазақстан Республикасы,, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 15
Tselinograd
010000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві:

Shortcuts

Share