Қазақстан Халық партиясы

Қазақстан Халық партиясы Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Қазақстан Халық партиясы, Political Party, Qonaev Street, 14D, Tselinograd.

23/08/2026

Бүгін — еліміз үшін айрықша тарихи әрі мерекелі күн!
Сайлау нәтижесі қандай болса да, бұл тарихи додадағы ең басты жеңімпаз — тұтас еліміз бен барша қазақстандықтар!
Біріншіден, бірінші шақырылымдағы Құрылтайды қалыптастыру — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ауқымды саяси реформаларының заңды жалғасы. Көктемде жаңа Конституцияны қабылдап, бүгін өкілді билік институттарын жаңғырту бағытында маңызды қадам жасадық. Мемлекет басшысы бастаған осынау тарихи бетбұрыстың жай ғана куәгері емес, тікелей қатысушысы болу — әрқайсымыз үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік.
Екіншіден, бұл сайлау науқаны саяси мәдениетіміздің жаңа деңгейге көтерілгенін айқын көрсетті. Біз нағыз ашық бәсекені, бағдарламалар тартысын және қызу дебаттарды көрдік. Сайлау процесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын әрі оның ашықтығы мен жариялылығын әлемнің ондаған елінен келген 800-ге жуық халықаралық байқаушы мен шетелдік парламентарийлердің қатысуы да толық дәлелдейді.
Қазақстан шынайы демократия мен әділ әрі ашық сайлау стандарттарына бейілділігін бүкіл әлемге паш етті.
Баршаңызды бүгінгі тарихи күнмен шын жүректен құттықтаймын, құрметті достар!

#Выборы2026 #Курултай

21/08/2026

Сайлау - жаңа өзгерістердің бастауы!

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, алдағы сайлау ел игілігіне бағытталған ауқымды реформалардың жаңа кезеңіне жол ашады.

Дауыс беру - азаматтың таңдау жасау құқығы ғана емес, ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам. Әрбір берілген дауыс - Әділетті Қазақстанды бірге құруға қосылған жеке үлес.

#Курултай #Выборы2026

21/08/2026

23 августа отдайте свой голос за Народную партию Казахстана!

#нпк #қазақстанхалықпартиясы #народнаяпартияказахстана #қхп

21/08/2026

ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛАҚЫ, ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС, САПАЛЫ БІЛІМ - БІЗДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ!

Қазақстан Халық партиясы үшін халықтың әл-ауқатын арттыру - басты басымдық.

Әр азаматтың лайықты жалақы алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы, ал әр баланың сапалы білімге қол жеткізуі - әділетті қоғамның негізі.

Халықтың әл-ауқаты артпай, елдің әлеуеті толық ашылмайды.

21/08/2026

ЖАСТАРДЫ ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕРЕК

Қазақстан Халық партиясы атынан Құрылтайға ұсынылған кандидат Асылбек Нұралин жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді.

Жастардың жеке баспанаға қол жеткізуі - олардың болашағына сенімді қадам жасауына мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік мәселе. Осы бағытта тиімді әрі қолжетімді тұрғын үй тетіктерін дамыту қажет.

21/08/2026

ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҮНІ – ҚҰРЫЛТАЙДА!

Еңбек адамдарының мәселесі – қоғамның назарынан тыс қалмауы тиіс маңызды тақырып. Бұл туралы подкастта ҚХП атынан Құрылтайға ұсынылған кандидат Асылбек Нұралин өз ойымен бөлісті.

Партия үшін еңбек адамының еңбегін лайықты бағалау, еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін көтеру – маңызды бағыттардың бірі.

#ҚазақстанХалықПартиясы #ҚХП #Құрылтай #ЕңбекАдамы #ХалықҮні

21/08/2026

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ТІКЕЛЕЙ ДИАЛОГ

Қазақстан Халық партиясының кандидаттары Атырау қаласындағы №5 «Дәулет» базасының еңбек ұжымы және кәсіпкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында шағын және орта бизнестің дамуы, сауда саласының өзекті мәселелері, әлеуметтік саясат және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

Кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, кандидаттарға сұрақтарын қойды. Партия өкілдері әр ұсыныс пен пікірдің маңыздылығын атап өтіп, халықпен тікелей диалогты жалғастырудың қажеттігін жеткізді.

Қазақстан Халық партиясы үшін кәсіпкерлікті қолдау, еңбек адамдарының мүддесін қорғау және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету - басты бағыттардың бірі.

#ҚазақстанХалықПартиясы #ХалықҮні #Кәсіпкерлік #ЕңбекАдамы #ҚұрылтайСайлауы

Address

Qonaev Street, 14D
Tselinograd

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77000881917

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қазақстан Халық партиясы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Қазақстан Халық партиясы:

Shortcuts

Share