03/09/2026
▪️Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жедел медициналық көмек фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасы туралы іс бойынша сот отырысы жалғасуда.
▪️Сот отырысының басында қорғаушы А.Таңкыбаев тұрғын үй кондоминиумының бұрынғы сенім білдірілген өкілі Г.Ахметовадан қосымша жауап алу және сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жауап алынбаған К.Тәжібаевтың сұрау хаттамасын, сондай-ақ адвокаттық сауалды іс материалдарына қосу туралы өтінішхат мәлімдеді.
▪️Бұл өтінішхат сот тарапынан ішінара қанағаттандырылды.
▪️Бірінші болып өнеркәсіптік альпинизммен айналысатын және 2021 жылы тұрғын үйдің қасбетін жөндеген куә С.Тимуштан жауап алынды.
▪️Одан кейін сот сол үйдің тұрғыны, куә К.Костенкодан жауап алды.
▪️Содан соң сот іс материалдарын зерттеуді жалғастырды.
▪️Түскі үзілістен кейін қорғаушы тарап мәлімдеген қосымша куәлерден жауап алынды және іс материалдары зерттелді.
▪️Сотталушының өзін жайсыз сезінуі туралы мәлімдеуіне байланысты, одан жауап алу үшін сот отырысы 2026 жылғы 9 қыркүйекке сағат 10.00-ге кейінге қалдырылды.
***
▪️В Межрайонном суде по уголовным делам города Астаны продолжается судебное заседание по делу о гибели фельдшера скорой медицинской помощи Улданы Мырзуан.
▪️В начале судебного заседания защитником Танкыбаевым А. заявлено ходатайство о дополнительном допросе прежнего доверенного лица кондоминиума жилого дома Ахметовой Г. и о приобщении к материалам дела протокола опроса Тажибаева К.К., который не был допрошен на стадии досудебного расследования, а также адвокатского запроса.
▪️Данное ходатайство судом было удовлетворено частично.
▪️Первым был допрошен свидетель Тимуш С., занимающийся промышленным альпинизмом и производивший ранее в 2021 году ремонт фасада жилого дома.
▪️Далее суд допросил свидетеля Костенко К., который является жителем дома.
▪️Затем судом было продолжено исследование материалов дела.
▪️После обеденного перерыва были допрошены дополнительные свидетели, заявленные стороной защиты и исследованы материалы дела.
▪️Судебное заседание отложено на 9 сентября 2026 года в 10.00 часов для допроса подсудимой, поскольку последней заявлено о плохом самочувствии.