07/07/2026
ҚХР БАС КЕДЕН БАСҚАРМАСЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ: САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ
Бүгін Ұлттық сараптама орталығының алаңында Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасының Санитариялық-карантиндік бақылау департаментінің делегациясымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу Қазақстан–Қытай мемлекеттік шекарасындағы санитариялық-карантиндік бақылау саласында тәжірибе алмасу және екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналды.
Кездесуге қатысушыларға сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар инфекциялық аурулардың трансшекаралық таралуының алдын алу, мемлекеттік шекараның өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік бақылауды жетілдіру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға енгізілген түзетулерді іске асыру, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы тәуекелдерді бағалау және санитариялық-карантиндік қызметтердің әлеуетін арттыру бойынша тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар Ұлттық сараптама орталығы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айнагүл Мусина Қазақстанның зертханалық қызметінің құрылымы, мүмкіндіктері және негізгі даму бағыттары туралы таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті нығайтуға, халық денсаулығын қорғауға, озық тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендіктерін растады.
__________________________________________________________
РАБОЧАЯ ВСТРЕЧА С ДЕЛЕГАЦИЕЙ ГЛАВНОГО ТАМОЖЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ КНР: УКРЕПЛЕНИЕ СОТРУДНИЧЕСТВА В СФЕРЕ САНИТАРНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ
Сегодня на площадке Национального центра экспертизы состоялась рабочая встреча с делегацией Департамента санитарно-карантинного контроля Главного таможенного управления Китайской Народной Республики, посвященная вопросам обмена опытом и развития сотрудничества в сфере санитарно-карантинного контроля на казахстанско-китайской государственной границе.
С приветственным словом к участникам встречи обратилась Председатель Комитета санитарно-эпидемиологического контроля - Главный государственный санитарный врач Республики Казахстан Сархат Бейсенова, подчеркнув важность укрепления двустороннего взаимодействия в обеспечении санитарно-эпидемиологической безопасности.
В ходе встречи стороны обсудили вопросы предупреждения трансграничного распространения инфекционных заболеваний, совершенствования санитарно-карантинного контроля в пунктах пропуска через государственную границу, а также обменялись опытом по реализации поправок к Международным медико-санитарным правилам (ММСП), оценке рисков в области общественного здравоохранения и развитию потенциала профильных служб.
Первый заместитель Председателя Правления Национального центра экспертизы Айнагуль Мусина представила деятельность лабораторной службы Казахстана, рассказав о ее структуре, возможностях и ключевых направлениях развития.
По итогам встречи участники подтвердили заинтересованность в дальнейшем развитии сотрудничества, обмене передовым опытом и реализации совместных инициатив, направленных на укрепление санитарно-эпидемиологической безопасности и защиту здоровья населения.