Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

  • Home
  • Kazakhstan
  • Tselinograd
  • Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Мы предоставляем широкий спектр услуг в правоохранительной деятельности

21/08/2026
Елімізде жаңа Конституция қабылданғаннан кейін жүргізіліп жатқан ауқымды құқықтық реформа жағдайында құқық қорғау органд...
18/08/2026

Елімізде жаңа Конституция қабылданғаннан кейін жүргізіліп жатқан ауқымды құқықтық реформа жағдайында құқық қорғау органдарының жұмыс тәсілдері де өзгеруде.

Бүгінде жасалған қылмысқа ден қою жеткіліксіз. Біздің ортақ міндетіміз – қауіп-қатердің алдын алу, құқық бұзушылықтардың себептерін жою және азаматтардың құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ету.

Дәл осы мақсатта біз Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығын құрдық. Ол – қылмыстың салдарымен күресуден оны ерте кезеңде ескертуге көшудің негізгі құралдарының бірі.

Орталық тәулік бойы криминогендік ахуалды талдайды, ықтимал қауіптер мен осал аймақтарды анықтайды, тәуекелдерді болжайды және олардың алдын алу бойынша нақты шаралар әзірлейді. Жұмыстың жеке бағыты – қылмыстық қатерлердің жаңа түрлері мен тәсілдерін анықтау мақсатында шетелдік контентке мониторинг жүргізу.

Ең бастысы – бұл талдау жергілікті жерлерде нақты шешімдер қабылдауға негіз болады.

Мәселен, Ішкі істер министрлігі және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жасанды интеллект пен ұшқышсыз технологияларды қолдану арқылы азаматтарға қылмыстық қол сұғу ықтималдығы жоғары 360-тан астам қауіпті локация анықталды. Бұл жерлерде полицияның патрульдеуі күшейтіліп, 4 мыңға жуық жаңа жарықтандыру нүктесі және 3,5 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды.

Мұндай тәсіл өз нәтижесін беріп отыр. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елдегі қылмыс деңгейі 11%-ға төмендеді. Адам өлтіру, қарақшылық, тонау, қорқытып алушылық, ұрлық және көшелерде жасалатын қылмыстар азайды.

Есірткі қылмысына қарсы жүйелі әрі белсенді жұмыс жалғасуда. «Кибернадзор» жүйесі есірткіні насихаттау белгілері бар 10 мың материалды, оның ішінде 6 мыңнан астам есірткі дүкенін бұғаттады.

Прокуратура мен полиция органдарының тиімді өзара іс-қимылы нәтижесінде 464 мыңнан астам дропперлік шот бұғатталып, 2,6 млрд теңгеден астам есірткіден түскен кіріске тыйым салынды.

Соңғы жылдары алғаш рет интернет-алаяқтықтың өсу үрдісін өзгертуге қол жеткізілді – олардың саны 9%-ға төмендеді.

Құқық қорғау органдары мен «Қазақтелеком» АҚ-ның бірлескен күш-жігерімен миллионнан астам күдікті қоңырау тоқтатылып, шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл-орталықтың қызметі әшкереленді.

Мәселен, елордада прокуратураның бастамасымен осы байланыс операторының базасында құрылған Антиколл-орталық алаяқтардың қоңырауын 76 жастағы әйел оларға 21 млн теңге беруге дайындалып жатқан сәтте тоқтатты. Нәтижесінде қаражатты сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар Ұлттық Банктің Антифрод-орталығы арқылы 2,9 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық транзакциялар бұғатталды.

Осы сандардың артында нақты нәтиже – азаматтардың қорғалған өмірі, денсаулығы мен мүлкі тұр.

Біздің мақсатымыз – қауіптің қылмысқа айналуын күтпей, оны алдын ала анықтау, себептерін жою және салдарының алдын алу.

Конституциялық «Заң мен тәртіп» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыру дегеніміз – осы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға дәл осындай міндет қойып отыр.

В условиях масштабной правовой реформы, проводимой в стране после принятия новой Конституции, меняются и подходы в работ...
18/08/2026

В условиях масштабной правовой реформы, проводимой в стране после принятия новой Конституции, меняются и подходы в работе правоохранительных органов.

Сегодня недостаточно реагировать на уже совершенное преступление. Наша общая задача - предупреждать угрозы, устранять причины правонарушений и обеспечивать реальную защиту прав граждан.

Именно с этой целью мы создали Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности - один из ключевых инструментов перехода от реагирования на последствия к раннему предупреждению преступности.

Центр в круглосуточном режиме анализирует криминогенную обстановку, выявляет потенциальные угрозы и уязвимые зоны, прогнозирует риски и вырабатывает конкретные меры по их предупреждению. Отдельное направление - мониторинг зарубежного контента в части выявления новых форм и способов преступных угроз.

Главное - эта аналитика становится основанием для конкретных решений на местах.

Так, совместно с МВД и акиматами регионов с применением искусственного интеллекта и беспилотных технологий выявлено более 360 потенциально опасных локаций, где высока вероятность преступных посягательств на граждан. В этих местах усилено патрулирование полиции, установлено около 4 тысяч новых точек освещения и более 3,5 тысяч камер видеонаблюдения.

Такой подход уже дает результаты. По итогам первого полугодия преступность в стране снизилась на 11%. Стало меньше убийств, разбоев, грабежей, вымогательств, краж и преступлений на улицах.

Продолжается наступательная работа против наркопреступности. Система «Кибернадзор» заблокировала 10 тысяч материалов с признаками пропаганды наркотиков, в том числе более 6 тысяч наркомагазинов.

В результате эффективного взаимодействия органов прокуратуры и полиции заблокировано более 464 тысяч дропперских счетов, арестованы наркодоходы на сумму свыше 2,6 млрд теңге.

Впервые за последние годы удалось переломить тенденцию роста интернет-мошенничеств - их количество снизилось на 9%.

Совместными усилиями правоохранительных органов и АО «Казахтелеком» перехвачено свыше миллиона подозрительных звонков, пресечена деятельность 12 зарубежных мошеннических колл-центров.

Так, в столице Антиколл-центр, созданный по инициативе прокуратуры на базе этого оператора связи, перехватил звонок мошенников в тот момент, когда 76-летняя женщина уже готовилась передать им 21 млн теңге. Деньги удалось сохранить.

Наряду с этим посредством Антифрод-центра Национального Банка заблокированы мошеннические транзакции на сумму более 2,9 млрд теңге.

За всеми этими цифрами - конкретный результат: защищенные жизнь, здоровье и имущество граждан.

Наша цель - не ждать, когда угроза станет преступлением, а выявлять ее заранее, устранять причины и предупреждать последствия.

В этом и заключается практическая реализация конституционного принципа «Закон и порядок». Именно такую задачу ставит перед нами Глава государства Касым-Жомарт Токаев.

Берік Асылов қазақстандық спортшыларды нысана көздеуден әлем чемпионатындағы табысты өнер көрсетуімен құттықтады.Қазақст...
23/07/2026

Берік Асылов қазақстандық спортшыларды нысана көздеуден әлем чемпионатындағы табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстанның нысана көздеу федерациясының президенті Берік Асылов ұлттық құраманың мүшелерін Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан ISSF қозғалыстағы нысанаға атудан әлем чемпионатындағы табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының спортшылары түрлі бағдарламалар бойынша алтын, күміс және қола медальдарды жеңіп алып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Әйелдер арасында Шымкент қаласының өкілі Фатима Ирназарова «ВП-12 (10 m Moving Target Women)» жаттығуында әлем чемпионы атанса, осы бағдарламада жерлесі Зухра Ирназарова қола жүлдеге ие болды.

Жасөспірімдер арасында Шымкент қаласының спортшысы Валат Мусаев «ВП-11а (10 m Moving Target Mixed)» жаттығуында әлем чемпионы атанып, алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасында «ВП-12» жаттығуында алматылық Даниил Яковенко күміс жүлдеге ие болса, қыздар арасында осы бағдарламада шымкенттік Еңлік Асқар күміс медаль жеңіп алды.

Берік Асылов қазақстандық спортшылардың жеңістері олардың табандылығының, жоғары шеберлігінің және елімізде нысана көздеу спортын жүйелі түрде дамытудың лайықты нәтижесі екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол спортшыларды әлем чемпионатына дайындауға зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Наталья Валерьевна Юнусметоваға ерекше алғысын білдірді.

Федерация президенті қазақстандық спортшыларға зор денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер, жарқын жеңістер және халықаралық аренада Қазақстанның абыройын асқақтата берулеріне тілектестік білдірді.

___________________________

Берик Асылов поздравил казахстанских спортсменов с успешным выступлением на чемпионате мира по пулевой стрельбе.

Генеральный прокурор Республики Казахстан, Президент Казахстанской национальной федерации спортивной стрельбы Берик Асылов поздравил членов национальной сборной с успешным выступлением на чемпионате мира ISSF по стрельбе по движущейся мишени, который проходит в городе Таллине (Эстония).

На мировом первенстве высоких результатов добились представители Казахстана, завоевавшие золотые, серебряные и бронзовую медали в различных дисциплинах.

Среди женщин Фатима Ирназарова (г. Шымкент) стала чемпионкой мира в упражнении «ВП-12 (10 m Moving Target Women)», а Зухра Ирназарова (г. Шымкент) завоевала бронзовую медаль в этой же дисциплине.

Блестяще выступил представитель города Шымкента Валат Мусаев, который стал чемпионом мира среди юниоров в упражнении «ВП-11а (10 m Moving Target Mixed)».

Серебряными призерами мирового первенства также стали Даниил Яковенко (г. Алматы) в упражнении «ВП-12» среди юниоров и Еңлік Аскар (г. Шымкент) в упражнении «ВП-12» среди юниорок.

Берик Асылов подчеркнул, что победы казахстанских спортсменов стали достойным результатом их настойчивости, высокого мастерства и системной работы по развитию пулевой стрельбы в стране.

Отдельные слова признательности он выразил заслуженному тренеру Республики Казахстан Наталье Валерьевне Юнусметовой, внесшей значительный вклад в подготовку спортсменов к мировому первенству.

Президент Федерации пожелал казахстанским спортсменам крепкого здоровья, новых спортивных достижений, ярких побед и дальнейших успехов в достойном представлении Казахстана на международной арене.

2026 жылғы 21-24 шілде аралығында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ұлттық ведом...
21/07/2026

2026 жылғы 21-24 шілде аралығында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталығында АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасы (DEA) мен АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің (INL) өкілдерімен бірқатар кездесулер мен консультациялар өтуде.
Қазақстан тарапынан жұмысқа Бас прокуратураның, құқық қорғау, арнаулы және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда.
Кездесудің негізгі мақсаты екіжақты ынтымақтастықты нығайту және есірткінің, прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл және талдамалық қызметті жетілдіру саласындағы озық халықаралық тәжірибемен алмасу болып табылады.
Қатысушыларға Бас Прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов, Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай, Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ельдар Абдикенов, АҚШ Стамбул қаласындағы Есірткіге қарсы күрес басқармасы (DEA) кеңсесінің басшысы Натаниэль Клементсон, АҚШ Кедендік және шекаралық бақылау қызметінің Ұлттық таргетинг орталығының жедел қызметінің (CBP) басшысы Кип Шмидт сөз сөйледі (SVR).
Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде: «Бүгінгі таңда жаңа психоактивті заттар қоғамдық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Олардың тез таралуы, химиялық құрамының үнемі өзгеруі, заманауи цифрлық технологияларды қолдану және заңсыз айналымның трансұлттық сипаты, бізден уақтылы ақпарат алмасуды, күш-жігерді шоғырландыруды және бірлескен шешімдерді әзірлеуді талап етеді.
Накротизмге, жаңа психоактивті заттар мен прекурсорларға қарсы іс-қимыл прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өткен жылдың қыркүйек айында Комитет құрылымында - Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталық құрылды.
Таргетинг орталық нашақорлық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы мониторингті, деректерді талдамалық өңдеуді және ведомствоаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Таргетинг орталық жүйесі химиялық заттар мен прекурсорлар айналымының толық көрінісін көруге және ықтимал тәуекелдерді ерте анықтауға мүмкіндік береді» – деп атап өтті.
Өз кезегінде, АҚШ делегациясының өкілдері есірткі, химиялық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, АҚШ Кедендік және шекаралық бақылау қызметінің Ұлттық таргетинг орталығының жұмысын таныстырды.
Сонымен қатар, кездесу барысында әлемдегі есірткі ахуалының өзекті тенденциялары, химиялық прекурсорлардың қозғалысына мониторинг жүргізу мен бақылаудың заманауи тәсілдері, оларды есірткі заттарын заңсыз өндіру үшін пайдаланудың алдын алу тетіктері, тәуекел бейіндерін әзірлеу және тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану әдістемелері, жедел деректер негізінде таргетингтің, деректерді талдаудың және ведомствоаралық ақпарат алмасудың заманауи әдістері, талдамалық құралдарды одан әрі дамыту перспективалары мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Мұндай іс-шараларды өткізу ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдардың талдамалық әлеуетін дамытуға және Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталықтың қызметіне үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.
Тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға, кәсіптік тәжірибе алмасуды кеңейтуге және есірткі қылмысына, химиялық құралдар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы заманауи сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
__________________________

С 21 по 24 июля 2026 года в Национальном межведомственном Таргетинг центре Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры проходит серия встреч и консультаций с представителями Управления по борьбе с наркотиками США (DEA) и Отдела по международной борьбе с наркотиками и соблюдению законности (INL) Посольства США, а также представители Национального таргетинг центра Службы таможенного и пограничного контроля США (CBP).
Со стороны Казахстана в работе принимают участие представители Генеральной прокуратуры, правоохранительных, специальных государственных и уполномоченных государственных органов.
Основной целью встречи является укрепление двустороннего сотрудничества и обмен передовым международным опытом в сфере противодействия незаконному обороту наркотиков, прекурсоров и совершенствования аналитической деятельности.
С приветственными словами к участникам выступили Заместитель Генерального Прокурора Ерлан Утегенов, Председатель Комитета Сабит Нурлыбай, исполняющий обязанности Председателя Комитета по противодействию наркопреступности Министерства внутренних дел Ельдар Абдикенов, руководитель офиса Управления по борьбе с наркотиками США (DEA) в г.Стамбул Натаниэль Клементсон, Руководитель оперативной службы Национального таргетинг центра Службы таможенного и пограничного контроля США (CBP) Кип Шмидт.
В своем выступлении Сабит Нурлыбай отметил: «Сегодня новые психоактивные вещества представляют одну из наиболее серьезных угроз общественной безопасности и здоровью населения.
Их стремительное распространение, постоянное изменение химического состава, использование современных цифровых технологий и транснациональный характер незаконного оборота требуют от нас своевременного обмена информацией, консолидации усилий и выработки совместных решений.
Противодействие наркотизму, новых психоактивных веществ и прекурсоров является одним из приоритетных направлений органов прокуратуры.
В рамках исполнения поручения Главы государства, в сентября прошлого года в структуре Комитета создан - Национальный межведомственный таргетинг центр.
Таргетинг центр обеспечивает мониторинг, аналитическую обработку данных и межведомственный обмен информацией в сфере противодействия наркоугрозам.
Система Таргетинг центр позволяет видеть полную картину оборота химических веществ и прекурсоров и на ранней стадии выявлять потенциальные риски».
В свою очередь, представители делегации США поделились опытом в сфере противодействия незаконному обороту наркотиков, химических средств и прекурсоров, в том числе презентовали работу Национального таргетинг центра Службы таможенного и пограничного контроля США.
Также в ходе встречи обсуждены актуальные тенденции наркоситуации в мире, современные подходы к мониторингу и контролю перемещения химических прекурсоров, механизмы предупреждения их использования для незаконного производства наркотических средств, методики разработки профилей рисков и применения риск-ориентированного подхода, современные методы таргетинга, анализа данных и межведомственного обмена информацией на основе оперативных данных, перспективы дальнейшего развития аналитических инструментов и укрепления международного сотрудничества.
Проведение подобных мероприятий способствует повышению эффективности межведомственного взаимодействия, развитию аналитического потенциала государственных органов и внедрению лучших международных практик в деятельность Национального межведомственного Таргетинг центра.
Стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем развитии партнерства, расширении профессионального обмена опытом и реализации совместных инициатив, направленных на противодействие современным вызовам в сфере противодействия наркопреступности, незаконного оборота химических средств и прекурсоров.

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау ор...
17/07/2026

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі
2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасы түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсіміне қатысты.
Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары, сондай-ақ Maqsut Narikbayev University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана халықаралық университеті, Astana IT University, Ұлттыққорғаныс университеті және Ішкі істер министрлігінің Академиясы сияқты жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Соңғы он жылда Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша құқық қорғау органдарының 534 қызметкері білім алды. Оның ішінде 459-ы магистратураны, 75-і докторантураны тәмамдады.
Академияның басты ерекшелігі – әртүрлі ведомстволардың өкілдері бір аудиторияда білім алады. Бұл құқық қорғау қызметіндегі түрлі тәжірибелерді біріктіріп, Заң және Тәртіпті қамтамасыз етуге негізделген бірыңғай кәсіби ынтымақтастық мәдениетімен ортақ экожүйені қалыптастырады.
Салтанатты рәсімді аша отырып, Бас Прокурор бүгінгі түлектер ел дамуының тарихи кезеңінде білімалып шыққанын атап өтті.
Жаңа Конституция адам құқықтарын қорғаудың сапалық жаңа деңгейін бекітіп, алғаш рет адам капиталын дамыту, ғылым, білім беру, азаматтардың цифрлық құқықтары, сондай-ақ прогресстің, инновациялардың және білім құндылықтарын жауапты отансүйгіштіктің конституциялық негізі ретінде айқындады.
Берік Асыловтың айтуынша, дәл осы өзгерістер құқық қорғау жүйесінің одан әрі эволюциясының бағытын айқындайды.
«Бүгінде Академия ғылымды, білімді, IT-технологияларды және практиканы біріктіретін құқық қорғау жүйесінің интеллектуалдық әрі технологиялық өзегіне айналуда. Біз цифрлық ортада тиімді жұмыс істейтін, қатерлерді жаппай сипат алмай тұрып алдын ала болжай алатын жаңа буын мамандарын даярлап жатырмыз.
XXI ғасырда қылмысқа жылдам әрекет ететін емес, оны алдын ала болжай алатын ғана жеңіске жетеді. Сондықтан құқық қорғау жүйесінің болашағы бүгіннен – ғылыми зертханаларда, Академия аудиторияларында және жаңа технологияларды әзірлеу орталықтарында басталады», – деді Берік Асылов.
Бас Прокурор цифрландыруды дамыту елдің жаңа конституциялық моделіне және Мемлекет басшысының азаматтарға мінсіз қызмет етуге, Заң үстемдігін қамтамасыз етуге әрі технологиялық тұрғыдан егемен, икемді Қазақстан құру жөніндегі стратегиялық бағытына толық сәйкес келетінін атап өтті.
Президенттің білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Академия цифрлық криминалистика, киберқылмыстарды тергеу, электрондық дәлелдемелерді, ашық дереккөздерді талдау және құқық қорғау қызметінде жасанды интеллектіні қолдану салаларында мамандар даярлаудың кешенді экожүйесін қалыптастыруда.
Осы мақсатта Цифрлық технологиялар және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл институты құрылып, онда цифрлық криминалистика мен киберқылмыстарды, оның ішінде криптоактивтерді пайдалана отырып жасалған қылмыстарды тергеуге арналған бірегей білім беру бағдарламалары әзірленді.
Тағы бір стратегиялық бағыт – құқық қорғау жүйесінің бірыңғай ғылыми кеңістігін қалыптастыру. Бүгінгі таңда Академияның бастамасымен 60-тан астам ведомствоаралық ғылыми зерттеу жүргізілді.
Келесі кезеңде Ғылыми-әдістемелік кеңес азаматтық жоғары оқу орындарының қатысуымен Ведомствоаралық кеңес болып қайта құрылады.
Бұл формат құқық қорғау жүйесін дамытудың бірыңғай шешімдерін әзірлеу үшін ғылыми әлеуетті, практикалық тәжірибені және заманауи білім беру тәсілдерін біріктіруге мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта Академия зерттеу университеті мәртебесін алуды, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді, қос диплом бағдарламалары мен академиялық ұтқырлықты дамытуды жоспарлап отыр.
Рәсімге қатысушыларға Киберполигонның, Форсайт-орталықтың, Innovation Lab және Ғылыми превенция мен ведомствоаралық өзара іс-қимыл орталығының
жұмысы таныстырылды.
Пилоттық режимде жұмыс істейтін Форсайт-орталық дипфейк технологияларын пайдалану арқылы жасалатын алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, ұшқышсыз жүйелерді дамыту және көлеңкелі цифрлық нарықтар мәселелері бойынша терең талдамалық зерттеулер әзірледі.
Innovation Lab зертханасы аясында тәжірибеде қолданылып жатқан 14 қолданбалы өнім (әдістемелік ұсынымдармен алгоритмдер) әзірленді. Бұл тәжірибе өңірлік ProLab зертханаларының желісі және аумақтық прокуратуралардағы оқу-практикалық кабинеттер арқылы кеңейтілуде.
Академия пайдалы модельдерге 20-ға жуық патент алды. Әзірлемелер қатарында ұшқышсыз ұшу аппараттарының прототиптері, тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған мамандандырылған техникалық құралдар, сондай-ақ іздестіру іс-шаралары мен криминалистикалық зерттеулерде қолданылатын металл заттарды анықтауға арналған ұшқышсыз суасты дроны бар.
Сапар қорытындысын шығара отырып, Берік Асылов қазіргі заманғы мемлекеттің қауіпсіздігін ғылымсыз, технологиясыз және жасанды интеллектісіз қамтамасыз ету мүмкін емес екенін атап өтті.

___________________________

Искусственный интеллект, кибербезопасность, научные исследования и новая Конституция становятся основой трансформации Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре
16 июля 2026 года Генеральный Прокурор Республики Казахстан Берик Асылов принял участие в торжественной церемонии вручения дипломов выпускникам магистратуры и докторантуры Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре.
В церемонии приняли участие Министр науки и высшего образования Саясат Нурбек, руководители правоохранительных, специальных органов, а также ведущих вузов, включая Maqsut Narikbayev University, Евразийский национальный университет им. Гумилева, Международный университет Астаны, Astana IT University, Национальной университет обороны и Академию МВД.
За 10 лет послевузовское образование в Академии получили 534 сотрудника правоохранительных органов: 459 завершили магистратуру, 75 – докторантуру.
Принципиальная особенность Академии в том, что за одной партой обучаются представители разных ведомств, что формирует общую профессиональную культурусотрудничества, объединяющую разные практики в единую экосистему обеспечения Закона и Порядка.
Открывая церемонию, Генеральный прокурор отметил, что нынешний выпуск завершает обучение в исторический период развития страны.
Новая Конституция закрепила принципиально новый уровень защиты прав человека, впервые подняв на конституционный уровень развитие человеческого капитала, науки, образования, цифровых прав граждан, а также ценности прогресса, инноваций и знаний как основу ответственного патриотизма.
По словам Берика Асылова, именно эти изменения определяют дальнейшую эволюцию правоохранительной системы.
«Академия сегодня трансформируется в интеллектуальное и технологическое ядро правоохранительной системы, объединяющее науку, образование, IT-технологии и практику. Мы уже готовим специалистов нового поколения для эффективной работы в цифровой среде, чтобы предвидеть угрозы еще до того, как они приобретут массовый характер.
В XXI веке побеждает не тот, кто быстрее реагирует на преступления, а тот, кто способен их предвидеть. Именно поэтому будущее правоохранительной системы начинается сегодня – в научных лабораториях, аудиториях Академии и центрах разработки новых технологий» – отметил Берик Асылов.
Глава надзорного ведомства отметил, что развитие цифровизации полностью соответствует новой конституционной модели страны и стратегическому курсу Главы государства на построение адаптивного, технологически суверенного Казахстана, ориентированного на безукоризненное служение гражданам и верховенство Закона.
В рамках поручений Президента страны о повышении качества образования и иследований Академия формирует комплексную экосистему подготовки специалистов в области цифровой криминалистики, расследования киберпреступлений, анализа электронных доказательств, открытых источников информации и применения искусственного интеллекта в правоохранительной деятельности.
Для этого создан Институт противодействия киберпреступности и цифровых технологий, которым разработаны уникальные программы по цифровой криминалистике и расследованию киберпреступлений, в том числе совершенных с использованием криптоактивов.
Еще одним стратегическим направлением становится формирование единого научного пространства правоохранительной системы. На сегодняшний день Академией уже проведено более 60 межведомственных научных исследований.
Следующим этапом станет преобразование Научно-методического совета в Межведомственный совет с участием гражданских университетов.
Такой формат позволит объединить научный потенциал, практический опыт и современные образовательные подходы для выработки единых решений по развитию правоохранительной системы страны.
В перспективе Академия планирует получить статус исследовательского университета, расширить международное сотрудничество, развивать программы двойных дипломов и академическую мобильность.
Участникам церемонии была презентована работа Киберполигона, Форсайт-центра, Innovation Lab и Центра научной превенции и межведомственного взаимодействия.
Работая в пилотном режиме, Форсайт-центр подготовил глубокие аналитические исследования по противодействию мошенничествам с использованием технологий дипфейк, развитию беспилотных систем и теневым цифровым рынкам.
В рамках лаборатории Innovation Lab разработано 14 прикладных продуктов (методических рекомендаций и алгоритмов), которые уже внедряются в практику. Данный опыт масштабируется через региональную сеть лабораторий ProLab и учебно-практических кабинетов в территориальных прокуратурах.
Академией получено около 20 патентов на полезные модели. Среди разработок – прототипы беспилотных летательных аппаратов, специализированные технические средства для проведения следственных действий, а также беспилотный подводный дрон для поиска и обнаружения металлических объектов, применимый в поисковых мероприятиях и криминалистических исследованиях.
Подводя итоги визита, Берик Асылов подчеркнул, что современная безопасность государства уже невозможна без науки, технологий и искусственного интеллекта.

Бас Прокурор прокуратура органдарының ардагерлерімен «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және жастарды тәрбиелеу мәсел...
15/07/2026

Бас Прокурор прокуратура органдарының ардагерлерімен «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және жастарды тәрбиелеу мәселелерін талқылады.
Салтанатты кездесу прокуратура органдарының әр буын өкілдерін біріктіріп, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын одан әрі ілгерілету, заңдылықты нығайту, жастарға патриоттық тәрбие беру және ұрпақтар сабақтастығын сақтау мәселелерін талқылауға арналды.
Іс-шараны ашқан Бас Прокурор Берік Асылов прокуратура органдары Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру жөніндегі бағытын дәйекті түрде іске асырып келе жатқанын атап өтті. Бұл бағытта заң үстемдігі, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық диалогты дамыту және «Заң мен Тәртіп» қағидаты мемлекеттік саясаттың негізгі бағдарлары болып табылады.
Ол бұл құндылықтардың жаңа Конституцияда бекітілгенін және Президент оларды мемлекеттің орнықты дамуы мен азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтудың негізі ретінде айқындағанын айтты.
Кездесуде Мемлекет басшысының прокуратура органдарының алдына қойған стратегиялық міндеттердің іске асырылуына ерекше назар аударылды.
Бүгінде мемлекетке заңсыз шығарылған 1,3 триллион теңге көлеміндегі активтер қайтарылды. Осы қаражат есебінен 350 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды. Оның ішінде 179 сумен жабдықтау нысаны, 159 денсаулық сақтау мекемесі, 6 білім беру нысаны, 3 спорт нысаны, 2 инженерлік инфрақұрылымның нысаны және 1 көлік инфра құрылымының нысаны бар.
«Қазынаға қайтарылған әрбір теңге – нақты адамдар сезінетін әділдіктің қалпына келуі. Бұл – жаңа мектептерде білім алып жатқан балалар, қауіпсіз әрі жайлы жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар», – деп атап өтті Берік Асылов.
Сонымен қатар прокурорлар жаңа өндірістерді іске қосуға, жұмыс орындарын ашуға және экономикалық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыруға бағытталған 3 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. Тек биылдың өзінде олардың үйлестіруімен 42 жаңа өндіріс іске қосылып, шамамен 3 мың жұмыс орны құрылды.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне тоқталған қадағалау органының басшысы прокуратура органдары ардагерлерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.
Прокуратураның бастамасымен және Мемлекет басшысының қолдауымен мектептер мен колледждерде «Заң мен Тәртіп» пәні енгізілді. Талғар ауданындағы бірқатар орта білім беру ұйымдарында прокуратура мен полиция ардагерлерінің қатысуымен 8 мыңнан астам оқушыны қамтыған пилоттық жоба жасөспірімдер қылмысының (7-ден 0-ге дейін) және әкімшілік құқықбұзушылықтардың (135-тен 89-ға дейін) төмендегенін көрсетті.
Бүгінде республика бойынша құқық қорғау және арнаулы органдардың 317 ардагері жастармен кездесулер мен дәрістер өткізіп, аталған қағидатты, сондай-ақ «Адал азамат» пен «Таза Қазақстан» бастамаларын түсіндіріп, Конституцияға, заңға және патриоттық құндылықтарға құрметті қалыптастыруға үлес қосуда.
Берік Асылов Мемлекет басшысының: отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілік пен өзеліңе пайдалы болуға ұмтылыс деген сөзін еске салды.
Бас Прокурор ардагерлерге арнап сөйлеген сөзінде оларды тәлімгерлік пен құқықтық ағарту жұмыстарына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіне белсенді қатысуды жалғастыруға шақырды. Сондай-ақ Бас прокуратура жанынан заңдылықты нығайту және жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін тұрақты түрде талқылайтын алаң құруды ұсынды.
Кездесуді қорытындылай келе, Берік Асылов ардагерлерді 13 шілдеде аталып өткен Прокуратура органдары ардагерлері күнімен құттықтады. Бұл күнді прокуратура органдарының құрметті демалысқа шыққан бұрынғы қызметкерлерінің мерекесі ретінде ардагерлер қауымдастығы айқындаған. Заңға адал әрі мінсіз қызметі және еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін ардагерлерге алғысын білдірді.
Салтанатты жағдайда оларға Бас Прокурордың ведомстволық наградалары, сондай-ақ Прокуратура органдары ардагерлері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық одағының медальдары табыс етілді.

________________________________

Генеральный Прокурор обсудил с ветеранами органов прокуратуры реализацию принципа «Закон и Порядок» и вопросы воспитания молодежи.
Торжественная встреча объединила поколения прокуроров для обсуждения дальнейшего продвижения идеологемы «Закон и Порядок», укрепления законности, патриотического воспитания молодежи и сохранения преемственности поколений.
Открывая мероприятие, Генеральный Прокурор Берик Асылов отметил, что органы прокуратуры последовательно реализуют курс Главы государства на построение Справедливого Казахстана, где верховенство закона, защита прав граждан, развитие общественного диалога и принцип «Закон и Порядок» являются ключевыми ориентирами государственной политики.
Он подчеркнул, что эти ценности закреплены в новой Конституции и определены Президентом как основа устойчивого развития государства и укрепления доверия граждан.
Особое внимание было уделено реализации стратегических задач, поставленных Главой государства перед органами прокуратуры.
На сегодняшний день государству возвращено 1,3 трлн теңге незаконно выведенных активов. За счет этих средств уже завершено строительство 350 социальных объектов, в том числе 179 объектов водоснабжения, 159 учреждений здравоохранения, 6 объектов образования, 3 спортивных сооружения, 2 объекта инженерной инфраструктуры и 1 транспортный объект.
«Каждый теңге, вернувшийся в казну, – это восстановленная справедливость, которую ощущают конкретные люди: дети, получающие образование в новых школах, семьи, живущие в безопасных и комфортных условиях», – подчеркнул Берик Асылов.
Одновременно прокуроры сопровождают более 3 тысяч инвестиционных проектов, направленных на создание новых производств, рабочих мест и точек экономического роста. Только в этом году при их координации запущено 42 новых производства с созданием порядка 3 тысяч рабочих мест.
Говоря о формировании правовой культуры, глава надзорного ведомства отметил важную роль ветеранов органов прокуратуры в воспитании подрастающего поколения и продвижении идеологемы «Закон и Порядок».
По инициативе прокуратуры и при поддержке Главы государства в школах и колледжах внедрен предмет «Закон и Порядок». Пилотный проект, реализованный в ряде средних учебных заведений Талгарского района с охватом более 8 тысяч школьников, при участии ветеранов прокуратуры и полиции, показал снижение подростковой преступности (с 7 до 0) и административных правонарушений (со 135 до 89) в этих школах.
Сегодня по всей стране уже 317 ветеранов правоохранительных и специальных органов проводят встречи и лекции с молодежью, разъясняя указанный принцип, в т.ч. принципы «Адал азамат» и «Таза Қазақстан», формируя уважение к Конституции, закону и патриотическим ценностям.
Берик Асылов напомнил слова Главы государства о том, что патриотизм – это, конечно, любовь к Родине, ноеще и гражданская ответственность и стремление быть полезным своей стране.
Обращаясь к ветеранам, Генеральный Прокурор призвал их и далее активно участвовать в наставничестве и правовом просвещении законности и порядка, а также предложил создать при Генеральной прокуратуре постоянную площадку для обсуждения вопросов укрепления законности и воспитания молодого поколения.
Завершая встречу, Берик Асылов поздравил ветеранов с прошедшим 13 июля Днем ветеранов органов прокуратуры – датой, которую ветеранское сообщество определило днем празднования бывшх работников прокуратуры, вышедших на заслуженный отдых – поблагодарив их за многолетнюю безупречную службу Закону и неоценимый вклад в развитие правовой системы страны.
В торжественной обстановке им были вручены ведомственные награды Генерального Прокурора, а также медали Республиканского союза общественных объединений ветеранов органов прокуратуры.

Address

Казахстан
Tselinograd
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77172316758

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті:

Shortcuts

Share