30/08/2026
🔹Creative Aimaq жобасы аясында Түркістан облысының креаторлары 21 млн теңгенің өнімін сатты
📌2026 жылғы 29-30 тамызда Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық жобаларын таныстырды. Көпшілікке кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар, ұлттық кілемдер, заманауи дизайнерлік киімдер, ат әбзелдері, домбыра, сондай-ақ киізден, ағаштан және қыштан жасалған бұйымдар, сәндік паннолар, жібек орамалдар, тақиялар, көрпешелер мен сөмкелер сатылды.
Екі күн ішінде жәрмеңкеге 5 200-ге жуық адам барды. Креаторлар жалпы 21 млн теңгенің өнімін сатты.
Іскерлік және мәдени бағдарлама аясында шеберлік сабақтары өтті. Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға негізделген инновациялық жобалар мен стартаптар таныстырылды. Келушілер үшін сән көрсетілімі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Жәрмеңке өңір креаторларына өз туындыларын елорда жұртшылығына танытып қана қоймай, жаңа серіктестер табуға, іскерлік байланыс орнатуға және өз брендтерін кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.
Creative Aimaq жобасы әлі де жалғасады. Келесі кезекте Жамбыл облысының креаторлары өз өнімдері мен жобаларын таныстырады.
🔹Креаторы Туркестанской области реализовали продукцию на 21 млн тенге в рамках проекта Creative Aimaq
📌29–30 августа 2026 года на площадке Qazaq Creative Hub в Астане состоялась ярмарка креативных индустрий Туркестанской области в рамках республиканского проекта Creative Aimaq.
Свою продукцию и проекты представили 50 креаторов региона. Гости и жители столицы могли приобрести сувенирную продукцию, ювелирные украшения, национальные ковры, современную дизайнерскую одежду, домбры и традиционное конское снаряжение, а также изделия из войлока, дерева и керамики, декоративные панно, шелковые платки, тюбетейки, көрпеше и сумки.
За два дня ярмарку посетили около 5 200 человек. Объем прямых продаж креативной продукции составил 21 млн тенге.
Деловая и культурная программа включала мастер-классы, презентации стартапов и инновационных проектов с применением искусственного интеллекта и цифровых технологий. Для гостей также состоялись показ мод и концертная программа.
Участие в ярмарке позволило региональным креаторам представить свою продукцию столичной аудитории, установить прямые контакты с потенциальными покупателями и партнерами, а также повысить узнаваемость своих брендов.
Проект «Creative Aimaq» продолжается. Следующей свою продукцию представит Жамбылская область.