Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты образован с 1 июля 2025 года

🔹 Кассациялық сот адам өлтіру туралы істі  қайта қарады🔹 2025 жылғы 11 қаңтарда Алматы қаласындағы «Пинта» барында сотта...
19/08/2026

🔹 Кассациялық сот адам өлтіру туралы істі қайта қарады

🔹 2025 жылғы 11 қаңтарда Алматы қаласындағы «Пинта» барында сотталған Р. жәбірленуші Н. және басқа да адамдармен бір үстелде отырған. Н.-нің Р.-ға келуші әйелдердің біріне қатысты мінез - құлқына байланысты ескерту жасағаннан кейін, олардың арасында жанжал туындап, ол сыртта жалғасып, төбелеске ұласқан. Төбелес барысында Н. Р.-ға бірнеше рет соққы жасаған.
Осыдан кейін Р. пышақ алып, Н.-ға екі рет соққы жасаған, алған жарақаттарының салдарынан ол кейін қайтыс болған.

🔹 Кассациялық сатыдағы сот іс бойынша дәлелдемелер мен бейнежазбаларды зерттей келе, жанжалдың бұзақылық ниетпен емес, кенеттен туындаған араздық қатынастар негізінде пайда болғанын растады. Төбелестің бастамашысы Р.-ға дене күшін қолданған және ғимаратқа қарай кетіп бара жатқан Р.-ның соңынан жүруін жалғастырған жәбірленуші Н. болды. Р.-ның жауап ретінде жасаған әрекеттеріне дәл осы жанжал себеп болған.

🔹 Осыған байланысты кассациялық сот апелляциялық сатының «бұзақылық ниетпен» деген саралау белгісін алып тастау және Р.-дың әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 9) тармағынан 99-бабының 1-бөлігіне, яғни адамды қасақана өлтіру ретінде қайта саралау туралы шешімін негізді деп таныды.
Сондықтан облыстық сот Р.-ға тағайындалған жазаны 16 жылдан 14 жылға дейін дұрыс төмендетті (іс № 6003-26-00-1к/221).

*****

🔹 Кассационный суд пересмотрел дело об убийстве

🔹 11 января 2025 года в баре «Пинта» города Алматы осужденный Р. находился за одним столом с потерпевшим Н. и другими лицами. После замечания Н. по поводу поведения Р. в отношении одной из посетительниц между ними возник конфликт, который продолжился на улице и перерос в драку, в ходе которой Н. несколько раз ударил Р.
Затем Р. взял нож и нанёс Н. два удара, от полученных ранений тот впоследствии скончался.

🔹 Исследование кассационной инстанцией доказательств и видеозаписей подтвердило, что конфликт возник на почве внезапно возникших неприязненных отношений, а не из хулиганских побуждений. Инициатором драки явился потерпевший Н., применивший физическую силу к Р. и продолживший идти за уходящим в здание Р. Ответные действия Р. были вызваны именно этим конкретным конфликтом.

🔹 В связи с этим кассационная инстанция признала обоснованным решение апелляционной инстанции по исключению квалифицирующего признака «из хулиганских побуждений» и изменению квалификации действий Р. с пункта 9) части 2 статьи 99 УК на часть 1 статьи 99 УК — как умышленное причинение смерти человеку.
Поэтому наказание Р. областным судом правомерно снижено с 16 до 14 лет лишения свободы (№ 6003-26-00-1к/221).

* - изображение создано ИИ

🔸Кассациялық сот қаржылық пирамидаға қатысты істі  қайта қарады🔸Алты азамат ұйымдасқан топ құрамында өз бақылауындағы ко...
18/08/2026

🔸Кассациялық сот қаржылық пирамидаға қатысты істі
қайта қарады

🔸Алты азамат ұйымдасқан топ құрамында өз бақылауындағы компаниялар арқылы жәбірленушілердің қаражатын акциялар мен облигацияларды сатып алу сылтауымен тартқан және оларға 15–30 пайыз мөлшерінде табыс алуға уәде берген. Алайда іс жүзінде ақша қаражаты міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке жұмсалмай, сыбайластары арасында қайта бөлініп, өз қалаулары бойынша пайдаланылған. Қаражаттың бір бөлігі жаңа салымшылардан түскен ақшаның есебінен бұрынғы салымшыларға төлем жасауға бағытталған.

🔸 Жергілікті соттар сотталғандарды ұйымдасқан топты құру, оларға басшылық ету, оларға қатысу, сондай-ақ қаржылық пирамиданы құру және оның қызметін ұйымдастыру бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына 9 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

🔸Кассациялық сатыдағы сотқа:
1. 9 жылға бас бостандығынан айырылған сотталған А.-ның қорғаушысы - оны ҚК-нің 262-бабы бойынша ақтауды және жазасын жеңілдетуді сұрап;
2. жәбірленуші Л. - 2,4 млн теңге мөлшеріндегі материалдық залалды және 1,17 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды сұрап;
3. 40 жәбірленушінің өкілі Е. - жазаны қатаңдатуды, неғұрлым ауыр қылмыстық-құқықтық саралауды қолдануды, сотталғандардың мүлкіне өндіріп алуды қолдануды және азаматтық талаптарды қайта қарауды сұрап жүгінген.

🔸 Кассациялық сот жергілікті соттардың істі қарау кезінде елеулі процестік бұзушылықтарға жол бермегені туралы қорытындыға келді.

Қорғаушы А.-ның уәждері қабылданбады. Ол 2014 жылы жұмыс істеп тұрған ұйымдасқан топқа қосылған, ал оның қылмыстық әрекетке қатысуы жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, құжаттармен, сыйақы төленгені туралы мәліметтермен және бейнежазбалармен расталған.

Л.-ның талаптары да қанағаттандырылмады. Оған өндірілген залал бұрын алған төлемдері ескеріле отырып айқындалып, 1,6 млн теңгені құраған. Тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

Кассациялық сот жәбірленушілер өкілінің қылмыстық-құқықтық саралауды ауырлатуға қатысты уәждерін қабылдамады. ҚК-нің 217-бабы бойынша саралау дұрыс деп танылды, өйткені бір әрекетті алаяқтық ретінде қосымша саралауға жол берілмейді. Мүлікке өндіріп алуды қолдануға да негіздер анықталған жоқ, себебі құқық қорғау органдары оның сотталғандарға тиесілі екенін және қылмыстық жолмен алынғанын растайтын дәлелдемелерді ұсынбаған.

🔸Нәтижесінде кассациялық сатыдағы сот актілерін өзгеріссіз қалдырып, кассациялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды (Іс № 6003-26-00-1к/257).

*****

🔸 Кассационный суд пересмотрел дело о финансовой пирамиде

🔸 Шестеро граждан в составе организованной группы через подконтрольные компании привлекали деньги потерпевших под видом приобретения акций и облигаций, обещая доходность 15–30 процентов. Однако фактически денежные средства не использовались в предпринимательской деятельности, способной обеспечить исполнение обязательств, а перераспределялись между соучастниками и использовались по их усмотрению, часть денег направлялась для выплат за счет поступлений от новых вкладчиков.

🔸 Местные суды признали фигурантов виновными в создании, руководстве и участии в организованной группе, а также создании и деятельности финансовой пирамиды, назначив наказание в виде лишения свободы от 9 до 11 лет.

🔸 В кассационную инстанцию обратились:
1. адвокат осужденной А., приговоренной к 9 годам лишения свободы, — с просьбой оправдать ее по статье 262 УК и смягчить наказание;
2. потерпевшая Л. - с требованием взыскать 2,4 миллиона тенге материального ущерба и 1,17 миллиона тенге неустойки;
3. представитель 40 потерпевших Е. — с просьбой усилить наказание, применить более тяжкую квалификацию, обратить взыскание на имущество осужденных и пересмотреть гражданские иски.

🔸Кассационный суд пришел к выводу об отсутствии со стороны местных судов существенных нарушений при рассмотрении дела.

Доводы защиты А. отклонены: она присоединилась к действующей организованной группе в 2014 году, а ее участие подтверждено показаниями потерпевших и свидетелей, документами, сведениями о выплате вознаграждений и видеозаписями.

Требования Л. отклонены: присужденный ей ущерб определен с учетом ранее полученных выплат и составил 1,6 миллионов тенге. Требование о взыскании неустойки относится к гражданско-правовым отношениям и может быть рассмотрено в порядке гражданского судопроизводства.

Доводы представителя потерпевших об усилении уголовно-правовой оценки Кассационный суд отклонил. Квалификация по статье 217 УК признана правильной, поскольку те же действия не могут дополнительно квалифицироваться как мошенничество. Оснований для обращения взыскания на имущество также не установлено, поскольку правоохранительными органами не представлено доказательств его принадлежности осужденным и их преступного происхождения.

🔸 В результате кассационная инстанция оставила судебные акты без изменения, а жалобы — без удовлетворения (№6003-26-00-1к/257).

* - при создании изображения использовался ИИ

🔹 Мекеме әкімшілігінің  заңсыз талаптарына қаскөйлікпен бағынбағаны  үшін қылмыстық жауаптылық туындамайды 🔹 Қылмыстық і...
14/08/2026

🔹 Мекеме әкімшілігінің заңсыз талаптарына қаскөйлікпен бағынбағаны үшін қылмыстық жауаптылық туындамайды

🔹 Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-бабының 1-бөлігі (бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына қаскөйлікпен бағынбауы) бойынша кінәлі деп танылған П-ға қатысты бірінші сатыдағы сот үкімінің және апеллциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жойып, оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтатты.

🔹 Соттар П.-ны қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз ретінде мекеме әкімшілігі төрт ай ішінде қолданған 27 тәртіптік жазаның болғанын анықтаған. Оның ішінде 26 тәріптік жаза сотталған адамды тәртіптік изоляторда және жалғыз адамдық камерада ұстау кезеңінде жіберілген бұзушылықтарға байланысты болған.

🔹 Кассациялық сот П.-ны жауаптылыққа тартуға негіз болған мекеме әкімшілігінің талаптары заңды болмаған деген қорытындыға келді.
Бұл мән-жайлар тергеу соттарының қаулыларымен, уәкілетті органдар жүргізген тексерулердің нәтижелерімен және істің басқа да материалдарымен расталған.

Сонымен қатар, тәртіптік жазалар сотталған адам сәлемдеменің бір бөлігін заңсыз алып қоюға шағымданғаннан кейін ғана қолданыла басталғаны анықталды. Бұған дейін оның екінші оң мінез-құлық дәрежесі мен көтермелеуі болған.

Бұл жағдайда мекеме әкімшілігінің талаптары заңды болмағандықтан, ал сотталған адамның әрекеттері өз құқықтарын қорғауға бағытталып, мекеменің қалыпты қызметіне кедергі келтірмегендіктен, оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаған.
Осыған байланысты сот актілернің күші жойылып, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды (№ 6003-26-00-1к/1157).

****

🔹 Незаконность требований администрации учреждения
исключает ответственность за злостное неповиновение

🔹 Кассационный суд по уголовным делам отменил приговор суда первой инстанции и постановление апелляционной инстанции в отношении осужденного П., признанного виновным по части 1 статьи 428 Уголовного кодекса Республики Казахстан (злостное неповиновение законным требованиям администрации учреждений уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы лицом, отбывающим наказание в местах лишения свободы), и прекратил уголовное дело за отсутствием в его действиях состава уголовного правонарушения.

🔹 Судами установлено, что основанием для привлечения П. к уголовной ответственности послужили 27 дисциплинарных взысканий, наложенных администрацией учреждения в течение четырех месяцев. При этом 26 взысканий были связаны с нарушениями, допущенными уже во время содержания осужденного в дисциплинарном изоляторе и одиночной камере.

🔹 Кассационный суд пришел к выводу, что требования администрации учреждения, за невыполнение которых П. привлекался к ответственности, не являлись законными.
Это подтверждено постановлениями следственных судов, результатами проверок уполномоченных органов и другими материалами дела.

Кроме того, установлено, что взыскания начали применяться после того, как осужденный стал обжаловать незаконное изъятие части посылки, а ранее он имел 2-ую положительную степень поведения и поощрения.

Поскольку требования администрации в данном случае не являлись законными, а действия осужденного были обусловлены защитой своих прав и не нарушили нормальную деятельность учреждения, состав уголовного правонарушения отсутствует.
В связи с этим судебные акты отменены, уголовное дело прекращено (№ 6003-26-00-1к/1157).

* - при создании изображения использовался ИИ

🔷 Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары...
24/07/2026

🔷 Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларын шығарды

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллинаның төрағалығымен Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша жұмыс кеңесі өтті.

🔹 Кеңеске Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы Ақан Жұмағұлов, осы соттың судьялары, сондай-ақ Сот әкімшілігінің қызметкерлері қатысты.

🔹 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары туралы Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы Ақан Жұмағұлов, судьялар Азамат Тілепов пен Ерлік Сералин баяндама жасады.

🔹 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларын судья Мирас Сатыбалдин таныстырды.

Кеңесте сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина заң талаптарын, Жоғарғы Соттың құқықтық ұстанымдарын және сот практикасын ескере отырып, құқық қолдану практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

🔷 «Кассациялық саты заңсыз соттау фактілерін уақтылы анықтауға тиіс. Егер азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы төмен тұрған сот сатыларында жойылмаған болса, Жоғарғы Сот мұндай заңсыз сот актілеріне қатаң ден қойып, тиісті шаралар қабылдайды.

Кінәлі адамдарға қатысты жазаны даралау қағидатын сақтау қажет. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен рецидивтік қылмыстылық қылмыстық-құқықтық ықпал етудің ең қатаң шараларын қолдануды талап етеді. Бұл — азаматтарымыздың қауіпсіздігінің кепілі.

Қылмыстық-процестік заң нормаларының сақталуына ерекше назар аудару қажет. Атап айтқанда, тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтату істі мәні бойынша қарау болып табылмайды, өйткені дәлелдемелер толық көлемде зерттелмейді. Демек, адамның кінәсіздігі туралы уәждерді тексеру үшін іс жаңа сот қарауына жіберілуге тиіс», — деп атап өтті Н. Рахметуллина.

🔹 Талқылау қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

***

🔷 Кассационный суд по уголовным делам подвел итоги отправления правосудия за первое полугодие 2026 года

Под председательством Назгуль Рахметуллиной, председателя судебной коллегии по уголовным делам Верховного Суда Республики Казахстан, состоялось рабочее совещание по итогам отправления правосудия Кассационным судом по уголовным делам за первое полугодие 2026 года.

🔹 В совещании приняли участие председатель Кассационного суда по уголовным делам Акан Жумагулов, судьи этого суда, а также сотрудники Судебной администрации.

🔹 С докладами об итогах отправления правосудия по уголовным делам за первое полугодие 2026 года выступили председатель Кассационного суда по уголовным делам Акан Жумагулов, судьи Азамат Тлепов и Ерлик Сералин.

🔹 Итоги отправления правосудия по делам об административных правонарушениях представил судья Мирас Сатыбалдин.

Выступая на совещании, председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного Суда Республики Казахстан Назгуль Рахметуллина акцентировала внимание на необходимости обеспечить единообразие правоприменения с учетом требований закона, правовых позиций Верховного Суда и судебной практики.

🔷 «Кассационная инстанция должна своевременно выявлять факты незаконного осуждения. Если нарушения конституционных прав граждан не были устранены нижестоящими судебными инстанциями, Верховный Суд будет жестко реагировать на такие незаконные судебные акты и принимать соответствующие меры.

В отношении виновных лиц необходимо соблюдать принцип индивидуализации наказания. Семейно-бытовое насилие и рецидивная преступность требуют применения самых строгих мер уголовно-правового воздействия. Это залог безопасности наших граждан.

Отдельное внимание следует уделить соблюдению норм уголовно-процессуального закона. В частности, прекращение дела в связи с примирением сторон не является рассмотрением дела по существу, поскольку доказательства не исследуются в полном объеме. Следовательно, для проверки доводов о невиновности лица дело надлежит направить на новое рассмотрение», — сказала Н. Рахметуллина.

🔹 По итогам обсуждения определены приоритетные задачи на предстоящий период и дан ряд конкретных поручений, направленных на дальнейшее повышение эффективности и качества отправления правосудия.

🔷 Кассациялық сот іс жүргізуді тоқтатты: айыптау тарапы қылмысты жасыру фактісін дәлелдей алмады🔹 Сот үкіміне сәйкес, 20...
16/07/2026

🔷 Кассациялық сот іс жүргізуді тоқтатты: айыптау тарапы қылмысты жасыру фактісін дәлелдей алмады

🔹 Сот үкіміне сәйкес, 2021 жылы К. Байқоңыр қаласында ұялы телефондағы хат алмасуды өшіру арқылы таныстарының заңсыз әрекеттерінің іздерін жасырған. Бірінші сатыдағы сот оны аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалғаны үшін кінәлі деп таныды (ҚК-нің 432-бабы). Рақымшылық жасау туралы актіні ескере отырып, оған 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

🔷 Қорғау тарапы К.-ның кінәсін растайтын жеткілікті дәлелдемелердің жоқ екенін көрсетіп, оны ақтауды және сот актілерінің күшін жоюды сұрады.

🔹 Кассациялық сот істі зерделеу барысында К.-ның кінәлілігі туралы қорытындылар жеткілікті әрі сенімді дәлелдемелермен расталмағанын анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында нақты қандай хат алмасудың өшірілгені, оның кіммен жүргізілгені, мазмұны қандай болғаны және оны өшірудің қылмыс іздерін жасырумен қандай байланысы бар екені анықталмаған.

🔷 Осындай мән-жайларда айыптау тарапы К.-ның аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу құрамын құрайтын белсенді әрекеттер жасағанын дәлелдей алмаған.

🔹 Істі кассациялық тәртіппен қарау нәтижесінде кассациялық сот төмен тұрған сатыдағы соттардың сот актілерінің күшін жойып, К.-ны оның әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабында көзделген қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтатты (№ 6003-25-00-1к/983(2).

***

🔷 Кассационный суд прекратил производство по делу: обвинение не доказало факт укрывательства

🔹 Согласно приговору, в 2021 году К. будучи в городе Байконыр удалил переписку в мобильном телефоне, чем скрыл следы незаконной деятельности своих знакомых. Судом первой инстанции он был признан виновным в заранее не обещанном укрывательстве особо тяжкого преступления (статья 432 УК). С учетом акта амнистии ему назначено наказание в виде 8 месяцев лишения свободы.

🔷 Защита просила отменить судебные акты и оправдать К., указывая на отсутствие доказательств его вины.

🔹 Кассационный суд установил, что выводы о виновности К. не подтверждены достаточными и достоверными доказательствами. В ходе досудебного расследования не было установлено, какая именно переписка была удалена, с кем она велась, каково было ее содержание и каким образом ее удаление свидетельствовало о сокрытии следов преступления.

🔷 При таких обстоятельствах обвинением не доказано совершение К. активных действий, образующих состав заранее не обещанного укрывательства особо тяжкого преступления.

🔹 По итогам рассмотрения дела кассационный суд отменил состоявшиеся судебные акты и прекратил производство по делу К. за отсутствием в его действиях состава преступления, предусмотренного статьей 432 УК (№ 6003-25-00-1к/983(2).

🔷 Кассациялық сот бағалы металдардың заңсыз айналымы және заңсыз кәсіпкерлік туралы істі қайта қарады🔹 2021–2023 жылдар ...
13/07/2026

🔷 Кассациялық сот бағалы металдардың заңсыз айналымы және заңсыз кәсіпкерлік туралы істі қайта қарады

🔹 2021–2023 жылдар аралығында Көкшетау қаласында Т. тазартылған алтынды заңсыз сатып алып, одан зергерлік бұйымдар жасап, оларды сатып отырған. Оның заңсыз қызметтен тапқан табысы 224 миллион теңгеден асты.

🔹 Т.-ның қол астында жұмыс істеген Б. оның тапсырмасы бойынша Шымкент қаласына жалпы салмағы шамамен 744 грамм болатын алтын құймалары салынған сәлемдемені жөнелтуді ұйымдастырған.

🔹 Бірінші сатыдағы сот Т.-ны бағалы металдардың заңсыз айналымы, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, бағалы металдар айналымы саласында қызметпен айналысу құқығынан 5жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Б. бағалы металдарды аса ірі мөлшерде заңсыз тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, осыған ұқсас қосымша жазамен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

🔹 Кассациялық шағымдарда қорғау тарапы сот актілерінің күшін жоюды сұрады. Т.-ның қорғаушысы оның кәсіпкерлік қызметті заңды негізде жүзеге асырғанын, ал алынған табыс делдалдық қызметтің нәтижесі екенін алға тартты. Б.-ның қорғаушысы оның жөнелтілген сәлемдеменің ішінде не болғанынан хабарсыз болғанын көрсетті.

🔹 Кассациялық сот сотталғандардың кінәсі іс бойынша жиналған әрі соттар зерттеген дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденген, ал сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертугенегіз болатын қылмыстық және қылмыстық-процестік заң бұзушылықтар анықталмаған деген қорытындыға келді. Тағайындалған жаза заңды әрі әділ деп танылып, сот актілері өзгеріссіз қалдырылды (№6003-25-00-1к/3063).

***

🔷 Кассационный суд пересмотрел дело о незаконном обороте драгоценных металлов и незаконном предпринимательстве

🔹 С 2021 по 2023 год в г. Кокшетау Т. незаконно приобретал аффинированное золото, изготавливал из него ювелирные изделия и реализовывал их покупателям. Доход от незаконной деятельности превысил 224 млн тенге.

🔹 Б., работавший у Т., по его поручению организовал отправку в г. Шымкент свертка с золотыми слитками общей массой почти 744 грамма.

🔹 Суд первой инстанции признал Т. виновным в незаконном обороте драгоценных металлов, незаконном предпринимательстве с извлечением дохода в особо крупном размере и легализации преступных доходов, назначив 4 года лишения свободы с конфискацией имущества и лишением права заниматься деятельностью в сфере оборота драгоценных металлов сроком на 5 лет. Б. осужден за незаконную перевозку драгоценных металлов в особо крупном размере к 3 годам лишения свободы с аналогичным дополнительным наказанием.

🔹 В кассационных жалобах защита просила отменить судебные акты. Адвокат Т. утверждал, что предпринимательская деятельность осуществлялась законно, а доход являлся результатом посреднической деятельности. Защитник Б. ссылался на отсутствие у него сведений о содержимом перевозимого свертка.

🔹 Кассационный суд пришел к выводу, что виновность осужденных подтверждается совокупностью исследованных доказательств, а нарушений уголовного и уголовно-процессуального закона, влекущих отмену либо изменение судебных актов, не установлено. Назначенное наказание признано законным и справедливым, в связи с чем судебные акты оставлены без изменения (№ 6003-25-00-1к/3063).

06/07/2026
03/07/2026

🔷 Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың қызметіне арналған репортаж жарияланды.

🔹 Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың негізгі міндеті — заңдылықты қамтамасыз ету, қылмыстық заңнаманы біркелкі қолдану және азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру.

Толығырақ — «Қазақстан» телеарнасының сайтында:
https://qazaqstan.tv/news/229028

——

🔷 Опубликован репортаж, посвященный деятельности Кассационного суда по уголовным делам.

🔹 Основная задача Кассационного суда по уголовным делам — обеспечение законности и единообразного применения уголовного законодательства, а также повышение уровня защиты прав граждан.

Подробнее — на сайте телеканала «Қазақстан»:
https://qazaqstan.tv/news/229028

🔷 Кассациялық сот полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтаттыСот үкі...
03/07/2026

🔷 Кассациялық сот полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты

Сот үкіміне сәйкес, 2020 жылғы 11 сәуірде Тараз қаласының тұрғыны У. қылмыстық әрекетті үйлестіруді (имитациялауды) жүзеге асырған полиция қызметкері А.-ның өтініші бойынша әлеуметтік желілер арқылы өткізу мақсатынсыз психотроптық затты заңсыз сатып алып, дәл сол күні оның бір бөлігін аталған қызметкерге берген.

Апелляциялық сатыдағы соттың үкімімен У. ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған.

🔹 Кассациялық наразылықта прокурор У.-ның заңсыз сотталғанына сілтеме жасай отырып, үкімнің күшін жоюды және қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот құқық қорғау органы қызметкерлері тарапынан қылмыс жасауға итермелеу, яғни арандату орын алғанын анықтады.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты арандату туралы уәждерді тексеру мақсатында осы істі жаңадан қарауға жіберген болатын. Алайда апелляциялық сатыдағы сот бұл нұсқауларды елемей, тек сотталушының кінәсін мойындау айғақтарымен ғана шектелген.

🔹 Кассациялық сот полиция қызметкерінің өзі таныстық орнатуға бастамашы болғаны, алдын ала уағдаластықсыз ақша бергені және У.-мен бірге тыйым салынған заттарды қолданғаны туралы қорытындыға келді.

Сонымен қатар, іс материалдарында құқық қорғау органы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгенге дейін У.-ның заттардың заңсыз айналымына қатысы бар екенін растайтын ешқандай алдын ала жедел ақпарат болмаған.

⚖️ ҚПК-нің 112-бабына сәйкес, арандату нәтижесінде алынған дәлелдемелер жол берілмейтін деп танылады және олардың заңдық күші болмайды. Жол берілетін дәлелдемелердің жиынтығымен расталмаған кінәні мойындау айыптауға негіз бола алмайды.

🔷 Баяндалғандардың негізінде кассациялық сот апелляциялық сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 2) тармағы негізінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

📌 № 6003-26-00-1к/408

———

🔷 Кассационный суд прекратил уголовное дело в связи с незаконными действиями сотрудника полиции

Согласно приговору суда, 11 апреля 2020 года житель г. Тараза У. по просьбе сотрудника полиции А., осуществлявшего имитацию преступной деятельности, незаконно приобрёл через социальные сети психотропное вещество без цели сбыта и в тот же день передал часть вещества указанному сотруднику.

Приговором суда апелляционной инстанции У. был признан виновным по части 2 статьи 296 УК, при этом в связи с истечением срока давности освобождён от уголовной ответственности.

🔹 В кассационном протесте прокурор просил отменить приговор и прекратить производство по делу, ссылаясь на незаконное осуждение У.

Кассационный суд по уголовным делам установил, что со стороны сотрудников правоохранительного органа имело место склонение к совершению преступления, то есть провокация.

Ранее Верховный Суд Республики Казахстан уже направлял данное дело на новое рассмотрение с целью проверить доводы о провокации, однако суд апелляционной инстанции данные указания проигнорировал и ограничился лишь признательными показаниями подсудимого.

🔹 Кассационный суд пришёл к выводу, что сотрудник полиции сам инициировал знакомство, передавал деньги без предварительной договорённости и совместно с У. употреблял запрещённые вещества.

При этом в деле отсутствовала какая-либо предварительная оперативная информация, подтверждающая причастность У. к незаконному обороту веществ до проведения оперативных мероприятий сотрудниками правоохранительного органа.

⚖️ В соответствии со статьёй 112 УПК доказательства, полученные в результате провокации, признаются недопустимыми и не имеют юридической силы. Признание вины, не подтверждённое совокупностью допустимых доказательств, не может служить основанием для обвинения.

🔷 В связи с изложенным Кассационный суд отменил приговор суда апелляционной инстанции и прекратил уголовное дело на основании пункта 2 части 1 статьи 35 УПК за отсутствием в деянии состава уголовного правонарушения.

📌 № 6003-26-00-1к/408

02/07/2026

🎥 Іс-шарадан дайындалған бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.

🎥 Представляем вашему вниманию видеоролик с мероприятия.

Address

Улица Бейбитшилик, 37
Tselinograd
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30
Tuesday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30
Wednesday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30
Thursday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30
Friday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share