Сарысу ауданы әкімдігі

Сарысу ауданы әкімдігі Баспасөз қызметі

БҮГІН ҰЛТ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ🔰Бүгін – қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері...
05/09/2026

БҮГІН ҰЛТ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ

🔰Бүгін – қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ахмет Байтұрсынұлы бар ғұмырын елінің сауатын ашуға, ғылым - білімін дамытуға, ұлттық санасын оятуға арнады. Ол қазақ әліпбиін жетілдіріп, тіл білімінің негізін қалап, ұрпаққа өлшеусіз мұра қалдырды.

🔰«Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек» деген тағылымды сөзі бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Ұлттың рухын көтерген ұлы тұлғаның есімі – тарихымызда мәңгілік.

Қадірлі жерлестер! Құрметті тіл жанашырлары! Сіздерді Қазақстан халықтарының тілдері мерекесімен құттықтаймын! Тіл – тәу...
05/09/2026

Қадірлі жерлестер! Құрметті тіл жанашырлары!

Сіздерді Қазақстан халықтарының тілдері мерекесімен құттықтаймын!

Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр. Себебі, тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, ең құнды байлығы – қатыныс құралы екендігі сөзсіз. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып отырған баға жетпес асыл мұрамыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Қазақ тілі – қазақтың жаны! Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз»,- деп атап өткендей Қазақстан өзінің тәуелсіздік туын тіккен 35 жыл ішінде елімізде мемлекеттік тілдің жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту бағытындағы нәтижелі жұмыстардың арқасында халықтың тарихи жады қайта тіріліп, өшкені жанғандай, көше, жер-су, елді мекен атаулары араға қайта оралды. Бүгінде қоғамымызда «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген берік сенім, ертеңгі күнге деген жарқын үміт түбегейлі орнықты.
Мемлекеттік тілдің болашағын назардан тыс қалдырмаған ел президенті әр жолдауында: «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі.»,- дейді.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдер күні» 5-қыркүйек болып жарияланды. Бұл қазақ тілі әліппесінің атасы, қазақ лингвистикасының негізін салушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен тұспа-тұс келуі де тегін емес.

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл»,- деп ұлағатты сөз қалдырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте қуанышты жағдай. Мемлекеттік тіліміз – еліміздің рухани негізі мен ел еркіндігі. Елімізді барша әлемге танытатын басты күштердің бірі әрі берегейі. Сондықтан ұлттық руханиятымыздың ұлықталып, арнайы бір күннің тіл мерекесі болып белгіленуі орынды.

Ардақты ағайын!

Қасиеті терең, құнары мол қазақ тілін өз мәнінде қолданып, жат тілге тәуелді болмай болашақ жас ұрпаққа жеткізу азаматтық парызымыз. Ендігі мәселе – сол ана тіліміздің ұлы көшке ілесіп, қатардан қалмай, алға озуында. Ғасырлар көшінің елге қалдырған ең ұлы аманаты – тіліміздің мерейін асқақтату жолында аянбай еңбек етуге шақырамын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Тіліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болсын!
Құрметпен, Сакен Мамытов

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА🔰«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сарысу ауданында кезекті сенбілі...
05/09/2026

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

🔰«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сарысу ауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдары, кәсіпкерлер және аудан жастары белсенді қатысты. Аудан аумағындағы көшелер, арық-атыздар, қоғамдық орындар мен аулалар тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

🌿 Тазалық – ортақ міндет. Туған жерді таза ұстау – әр азаматтың жауапкершілігі.
#ТазаҚазақстан

04/09/2026
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ🔰Бүгін Жаңатас көпсалалы колледжінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі ...
04/09/2026

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ

🔰Бүгін Жаңатас көпсалалы колледжінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және «Заң мен тәртіп, Әділ қоғам» тұжырымдамасы аясында «Талап бар жерде тәртіп бар» тақырыбында көпсалалы колледж білімгерлері арасында жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, аудандық прокуратурасының прокуроры Ақзира Әбдібек, Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы подполковник Амангелді Уалиахметов, Сарысу аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының басшысы полиция майоры Жандос Амангелдиев, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қуаныш Тастыбаев пен жастар қатысты.

🔰Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Жұмат Жұмабекұлы жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша спикерлер сөз сөйлеп, Заң мен тәртіп жобасы аясында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі, ұлттық тәрбие мен заң бұзушылықтың салдары туралы кеңінен баяндап берді. Жиынға қатысушы жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
#Заңментәртіп

ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ🔰Тәуелсіздік – баршамыз үшін, бүкіл қазақстандықтар үшін, қазақ жерінде мекен етіп, ұрпақ өсіріп, та...
04/09/2026

ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

🔰Тәуелсіздік – баршамыз үшін, бүкіл қазақстандықтар үшін, қазақ жерінде мекен етіп, ұрпақ өсіріп, тату- тәтті өмір сүріп жатқан өзге ұлттар үшін де зор мәртебе екені анық. Ана тілі – ата- бабамыздан қалған ең бағалы, өлшеусіз рухани мұра. Қазақта "Отаны бірдің - тілегі бір, жүрегі бір, тілі бір" деген жақсы ұлағатты ұғым бар. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат- мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік. Сарысу топырағынан нәр алып, суынан сусындап, бір дастарханнан дәм татып, қызметте де бірге жасасып, ынтымағы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің бірлігі қашан да мығым.

🔰Бүгін аудандық "Коворкинг " орталығында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – татулық тірегі» атты мәдени көпшілік іс шара өтті. Кешке қатысқан аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейілова құттықтау сөз сөйлеп, тілдер мерекесінің халықтар достығын нығайтуға үлесі зор екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, бірқатар тіл жанашырларына мекеменің Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарды табыстады. Кеш концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық мәдениет үйінің әншілері патриоттық рухта әндерді шырқаса, "Айжанқыз " халықтық бишілер ұжымы мың бұрала биледі.

03/09/2026

БАЛАНЫҢ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУЫ - АТА - АНАНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

03/09/2026

АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ - БАСТЫ НАЗАРДА🔰Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынба...
03/09/2026

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ - БАСТЫ НАЗАРДА

🔰Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбековтың төрағалығымен Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға Жамбыл облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Бағжанов Дәурен Орайұлы, комиссия мүшелері, мектеп директорлары, мектеп фельдшерлері, учаскелік және жалпы тәжірибелі дәрігерлер, бөлім басшылары, мешіттің бас имамы қатысты.

📌Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша "Санитариялық - эпидемиология туралы" аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Кенжекүл Таңатарова баяндама жасады.

📌Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша "Балаларға профилактикалық екпелерді жүргізу және вакцинацияның маңыздылығы туралы" аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Ақмарал Азаматованың есебі тыңдалды.

📌Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша "FSM Social – цифрлық платформасына түскен сигналдар бойынша" аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің директоры Ғабит Искенов атқарылған жұмыстарға тоқталды.

🔰Күн тәртібіндегі көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлімдер тарапынан қатаң бақылауға алып, тұрақты түрде комиссия отырыстарында қарап, орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.

03/09/2026

АУДАНДА ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

🔰Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбековтың төрағалығымен халықты жұмыспен қамту мәселесіне арналған жиын өтті.
Жиын барысында аудандық Мансап орталығының директоры Данияр Омар Еңбек бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, халықты жұмыспен қамту бағытындағы негізгі көрсеткіштер мен қолға алынған шараларға тоқталды.

🔰Кездесуде жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту, еңбек нарығындағы сұранысқа сай маман даярлау, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және тұрғындарға көрсетілетін жұмыспен қамту қызметтерінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Address

Жаңатас қаласы, Бейбітшілік №1
Zhanatas
080700

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Сарысу ауданы әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Сарысу ауданы әкімдігі:

Shortcuts

Share