Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысының әкімдігі Ұлытау облысы әкімдігінің ресми парақшасы арқылы өңірдің басты жаңалықтарынан хабардар болыңыз

07/09/2026

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛАУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛДЫ

Ұлытау облысында мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Жайлау» бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарлама аясында:
– асыл тұқымды аналық ірі қара және ұсақ мал сатып алуға;
– мал шаруашылығы базалары мен қора-жайлар салуға;
– қоршаулар орнатуға және ұңғымалар бұрғылауға;
– жайылымдық инфрақұрылымды дамытуға;
– күн электр панельдерін сатып алуға қаржыландыру қарастырылған.

Қаржыландыру шарттары:
Ірі қара мал жобаларына – 350 млн теңгеге дейін;
Ұсақ мал жобаларына – 200 млн теңгеге дейін;
Сыйақы мөлшерлемесі – жылына 6%-ға дейін;
Мерзімі – 10 жылға дейін.

Негізгі талап – кемінде 150 бас ірі қара немесе 500 бас ұсақ мал болатын шаруашылық құру.

📍 Толық ақпарат: Жезқазған қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 23А
📞 Байланыс телефоны: 8 708 768 38 21

07/09/2026

💧 ҚАРСАҚБАЙДА ТАЗА АУЫЗСУҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТТЫ

Ұлытау ауданының Қарсақбай кентінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және су сапасын жақсарту мақсатында заманауи су тазарту блок-модулі іске қосылды.

Кешеннің өнімділігі – сағатына 500 литр. Барлық қажетті жабдық жылытылатын блок-контейнерге орналастырылып, жарықтандыру, жылыту, желдету және ішкі инженерлік жүйелермен толық қамтамасыз етілген.

🔹 бастапқы суға арналған 1000 литрлік резервуар;
🔹 механикалық және сорбциялық тазарту жүйелері;
🔹 суды терең тазартатын кері осмос жүйесі;
🔹 мембраналарды қорғайтын антискалантты мөлшерлеу жүйесі;
🔹 тазартылған суға арналған 2000 литрлік резервуар;
🔹 сорғы жабдықтары;
🔹 бақылау сүзгісі;
🔹 суды залалсыздандыратын ультракүлгін стерилизатор қарастырылған.

Кешен механикалық қоспалардан, еріген тұздардан, ауыр металдардан, органикалық қосылыстардан, бактериялар мен вирустардан тиімді тазартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ауыз судың сапасы мен дәмдік қасиеттері жақсарады.

Жобаның басты мақсаты – Қарсақбай тұрғындарын санитариялық талаптарға сай сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, су сапасын арттыру және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін күшейт�

07/09/2026

Облыс әкімі Есет Байкен Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын қайта тексерді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының орындалу деңгейі 65%-ды құрайды.

Облыс әкімі мердігер компанияға жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Келесі аптадан бастап нысан аумағын қоршау, сыртқы құрылыс жұмыстарын күшейту, ішкі әрлеу жұмыстарының қарқынын арттыру және іргелес аумақты абаттандыруды бастау жөнінде міндет жүктеді. Сондай-ақ нысандағы жұмысшылар санын көбейту тапсырылды.

Есет Байкен қаржыландыруға қатысты мәселе туындамайтынын атап өтіп, мердігерге құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, белгіленген мерзімдер мен талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
__
Аким области Есет Байкен повторно проинспектировал ход строительства больницы в Улытауском районе. В настоящее время уровень выполнения строительных работ составляет 65%.

Аким области поручил подрядной компании ускорить темпы работ и со следующей недели к ограждению территории объекта, наружным строительным работам, усилить темпы внутренней отделки и начать благоустройство прилегающей территории. Также поставлена задача увеличить количество рабочих на объекте.

Есет Байкен отметил, что проблем с финансированием не возникнет, и поручил подрядчику обеспечить соблюдение установленных сроков и требований, не снижая темпов строительства.

07/09/2026

Облыс әкімі Есет Байкен Ұлытау ауданына жұмыс сапары барысында Сарлық, Қорғасын және Терісаққан ауылдық округтеріне барып, елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымымен танысты. Сонымен қатар тұрғындармен кездесіп, ауылдардың өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылады.

Кездесулер барысында тұрғындарға ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шаралары жөнінде ақпарат берілді. Атап айтқанда, «Жайлау», «Игілік», «Бірлік» бағдарламаларының мүмкіндіктері, малды бірдейлендіру, жайылымдық жерлерді тиімді әрі мақсатты пайдалану мәселелеріне назар аударылды.

Қазіргі таңда Терісаққан ауылында мектеп жасындағы балалар санының артып келе жатқаны байқалады.

Өңір басшысы қоныс аудару бағдарламалары арқылы ауылдарға көшіп келетін отбасыларды баспанамен және жұмыспен қамту бағытындағы қолдау шаралары жалғаса беретінін атап өтті.
__

Аким области Есет Байкен в ходе рабочей поездки в Улытауский район посетил сельские округа Сарлык, Коргасын и Терисаккан, где ознакомился с состоянием социальной инфраструктуры населённых пунктов. Также глава региона встретился с жителями и обсудил актуальные вопросы и перспективы развития сёл.

В ходе встреч глава региона рассказал жителям о государственных программах и мерах поддержки, направленных на развитие сельского хозяйства. В частности, речь шла о возможностях программ «Жайлау», «Игілік» и «Бірлік», идентификации сельскохозяйственных животных, а также эффективном и целевом использовании пастбищных земель.

В настоящее время в селе Терисаккан отмечается рост числа детей школьного возраста.

Глава региона отметил, что работа по обеспечению жильём и трудоустройству семей, переезжающих в сельские населённые пункты в рамках программ переселения, будет продолжена.

06/09/2026

РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЛЫТАУДА БАСТАЛДЫ

Мемлекеттік бағдарлама аясындағы геологиялық барлау жұмыстары республика бойынша алғашқылардың бірі болып Ұлытау облысында қолға алынды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан геологиялық барлау жұмыстарының барысымен танысты.

Бүгінде геологиялық барлау – елдің минералдық-шикізат базасын нығайтуға бағытталған стратегиялық басымдықтардың бірі. Осы бағыттағы жұмыстардың маңызды бөлігі Ұлытау облысында жүзеге асырылуда. Өңірде заманауи аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізілуде.

«Қазақмыс Барлау» мамандары «Ұлытау №1», «Ұлытау №2» және «Ұлытау №3» учаскелерінде кешенді зерттеу жұмыстарын қолға алған. Атап айтқанда, аэромагниттік түсірілім, аэрогамма-спектрометрия және аэрогравиметрия әдістері қолданылуда.

Бұл технологиялар қысқа мерзім ішінде кең аумақтарды зерттеп, олардың заманауи геофизикалық моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жиналған деректердің негізінде өңірдің геологиялық құрылымы нақтыланып, пайдалы қазбаларға перспективалы учаскелер анықталады. Бұл өз кезегінде кейінгі іздеу-барлау жұмыстарының нақты бағыттарын белгілеуге жол ашады.

Жұмыс сапары барысында министрге жүргізіліп жатқан аэрогеофизикалық және геологиялық барлау жұмыстарының барысы, қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен техникалық мүмкіндіктер таныстырылды.

Сонымен қатар алынған геологиялық және геофизикалық ақпаратты өңдеу, кешенді талдау және интерпретациялау процесі көрсетілді. Жиналған мәліметтер перспективалы аумақтарды анықтап, болашақтағы барлау жұмыстарының тиімділігін арттыруға негіз болады.
__

ПЕРВЫЕ В РЕСПУБЛИКЕ ГЕОЛОГОРАЗВЕДОЧНЫЕ РАБОТЫ НАЧАЛИСЬ В ОБЛАСТИ ҰЛЫТАУ

В области Ұлытау одними из первых в республике начаты геологоразведочные работы в рамках государственной программы.

В ходе рабочей поездки в область Ұлытау министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев ознакомился с ходом геологоразведочных работ, проводимых в рамках государственной программы.

Сегодня геологоразведка является одним из стратегических приоритетов, направленных на укрепление минерально-сырьевой базы страны. Значительная часть работ в этом направлении реализуется в области Ұлытау. В регионе проводятся современные аэрогеофизические исследования.

Специалисты ТОО «Қазақмыс Барлау» приступили к комплексным исследованиям на участках «Ұлытау №1», «Ұлытау №2» и «Ұлытау №3». В частности, применяются методы аэромагнитной съёмки, аэрогамма-спектрометрии и аэрогравиметрии.

Современные технологии позволяют в короткие сроки исследовать значительные территории и сформировать их современную геофизическую модель. На основе полученных данных уточняется геологическое строение региона, определяются перспективные участки, потенциально содержащие полезные ископаемые. Это, в свою очередь, позволяет определить приоритетные направления дальнейших поисково-разведочных работ.

В ходе рабочей поездки министр ознакомился с ходом аэрогеофизических и геологоразведочных работ, применяемыми современными методами исследований и техническими возможностями.

Также был продемонстрирован процесс обработки, комплексного анализа и интерпретации полученной геологической и геофизической информации. Собранные данные станут основой для определения перспективных территорий и повышения эффективности дальнейших геологоразведочных работ.

04/09/2026

🏡 ЖАҢА ӨҢІР — ЖАҢА МҮМКІНДІК!

Тұрмысын жаңа өңірде бастауға ниетті азаматтар үшін ерікті қоныс аудару бағдарламасы жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

Бағдарлама аясында:
🔹 көшу шығындарын өтеуге қолдау;
🔹 тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге субсидия;
🔹 тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаты;
🔹 жаңа жерде жұмысқа орналасуға жәрдем;
🔹 кәсіпкерлік бастамаларды іске асыруға қолдау көрсетіледі.

📌 Экономикалық мобильділік сертификаты отбасымен қоныс аударған азаматтарға беріледі.

📲 Өтініштер электронды түрде migration.enbek.kz порталы арқылы қабылданады.

Егер сіз тұрақты жұмысқа орналасып, баспана мәселесін шешіп, жаңа мүмкіндіктерге қадам жасағыңыз келсе — бағдарламаға қатысуға шақырамыз!

📞 Толық ақпарат алу үшін:

Жезқазған қаласының мансап орталығы:
8 707 626 59 53

Сәтбаев қаласының мансап орталығы:
8 777 174 50 76

Қаражал қаласының мансап орталығы:
8 777 287 50 73

Жаңаарқа ауданының мансап орталығы:
8 705 489 66 99

Ұлытау ауданының мансап орталығы:
8 705 579 30 30

✨ Жаңа мекен. Жаңа жұмыс. Жаңа мүмкіндік!

04/09/2026

ҰЛЫТАУДА «ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» ОБЛЫСТЫҚ ТІЛ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Қазақстан халқының Тілдері күніне орай Ұлытау облысында «Тіл – татулық тірегі» облыстық тіл фестивалі өтті. Іс-шараны Ұлытау облыстық тілдерді дамыту орталығы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.

Фестиваль барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Ұлытау облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының жеңімпаздары «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы – 2026», «Тілге жанашыр кәсіпкер – 2026», «Үздік бейнеролик – 2026», «Тіл шебері – 2026» және «Тіл майталманы – 2026» номинациялары бойынша анықталды.

Сонымен қатар тіл саясатын дамытуға атсалысып жүрген қоғам белсенділері мен тіл жанашырларына алғысхаттар табысталды.

Фестиваль аясында қала және аудандар арасында өткен тіл фестивалінің қорытындысы шығарылды. І орын – Қаражал қаласының, ІІ орын – Жаңаарқа ауданының, ІІІ орын – Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне берілді. Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданының тиісті бөлімдері ынталандыру сыйлығына ие болды.

04/09/2026

🐔 ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАС ҚҰСҚА АРНАЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ұлытау облысында құс шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

«Ахтямов Р.Н.» шаруа қожалығы 50 000 басқа дейін құс ұстауға арналған заманауи құс фабрикасын салып, қажетті технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етті.

💰 Инвестиция көлемі – 518,4 млн теңге
👥 5–10 жаңа жұмыс орны құрылды
🥚 Негізгі өнім – тағамдық тауық жұмыртқасы

Жоба аясында құс фабрикасы азықтандыру, суару, жұмыртқа жинау, көң шығару және микроклиматты автоматты түрде қамтамасыз етуге арналған заманауи жабдықтармен жарақтандырылды.

Жаңа өндіріс өңірдегі жергілікті жұмыртқа өндірісін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға мүмкіндік береді.

📍 Ұлытау облысы – өндіріс пен ауыл шаруашылығын қатар дамытып, жаңа жобаларға жол ашуда.
—-

🐔 В ОБЛАСТИ ҰЛЫТАУ ЗАПУЩЕНА ПТИЦЕФАБРИКА МОЩНОСТЬЮ ДО 50 ТЫСЯЧ ГОЛОВ

В области Ұлытау реализован новый инвестиционный проект, направленный на развитие птицеводства.

Крестьянское хозяйство «Ахтямов Р.Н.» построило и оснастило современную птицефабрику мощностью до 50 000 голов птицы.

💰 Объем инвестиций – 518,4 млн тенге
👥 Создано 5–10 новых рабочих мест
🥚 Основная продукция – пищевые куриные яйца

В рамках проекта птицефабрика оснащена современным технологическим оборудованием для автоматизированного кормления и поения птицы, сбора яиц, удаления помета и поддержания необходимого микроклимата.

Реализация проекта позволит увеличить объемы местного производства яиц, укрепить продовольственную безопасность региона и развивать агропромышленный комплекс.

📍 Область Ұлытау – развивает промышленность и сельское хозяйство, создавая новые возможности для реализации инвестиционных проектов.

Address

Алаш алаңы
Zhezkazgan
100600

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ұлытау облысының әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share