Embassy of Kazakhstan in Mongolia/Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі

  • Home
  • Mongolia
  • Ulaanbaatar
  • Embassy of Kazakhstan in Mongolia/Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі

Embassy of Kazakhstan in Mongolia/Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі Embassy of the Republic of Kazakhstan in Mongolia

✉️ Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады🇰🇿🇲🇳 Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наад...
11/07/2026

✉️ Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇲🇳 Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады.

Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі.

10/07/2026
Бүгін – «Ұлттық домбыра күні». Қазақстан Республикасы жыл сайын 5 шілде күні қазақтың төл мәдениетінің нышаны – «Ұлттық ...
05/07/2026

Бүгін – «Ұлттық домбыра күні». Қазақстан Республикасы жыл сайын 5 шілде күні қазақтың төл мәдениетінің нышаны – «Ұлттық домбыра күнін» атап өтеді.
Қазақ руханиятында Домбыраның алар орны ерекше. Халқымызбен бірге жасап келе жатқан көне аспаптың тарихы тым тереңде жатыр. Археологиялық және этнографиялық деректер бойынша домбыра тектес аспаптар Еуразия даласында сан ғасырдан бері қолданылып келеді. Домбыраның бүгінгі күнге жеткен ең көне нұсқасының бірі Алтайдан табылған. V ғасырға тиесілі жәдігердің шанағына «Жұпар күй әуені бізді сүйіспеншілікке бөлейді» деп жазылған. Шын мәнінде, жұртымыздың тұтас тарихы домбыраның үнінде жатыр. Халқымыз ықылым заманнан бері асқақ рухы мен жеңісті жолдарын, күрделі кезеңдердегі толғанысын, туған елге деген махаббатын күйдің күмбіріне сыйғызған.
Домбыра күйлері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге ғасырлар қойнауынан жеткен. Ұлық Ұлыс – Алтын орда дәуірінің басында, Жошы хан заманында өмір сүрген әйгілі Кетбұға күйшінің «Ақсақ құлан» күйінен басталған күйлер шеруі Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгір, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Нұрғиса Тілендиев, Секен Тұрысбеков сынды дәулескер күйші-композиторлардың бірегей туындыларымен толығып, қазақтың қайталанбас, бірегей мәдениетінің символы болып келеді.
Бүгінгі күні домбыра – тек ұлттық аспап емес, Қазақстанның мәдени бренді. «Құрманғазы», «Отырар сазы» сияқты кәсіби оркестрлер мен заманауи орындаушылар оны жаңа деңгейге көтеріп, әлемдік мәдени кеңістікке танытуда.
«Қазақ – нағыз қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» деп бекер айтылмаған. Әлемнің қай елінде тұрса да қазақтың төрінен домбыраны көресіз. Сан түрлі құрлықта, сан алуан мемлекетте өмір сүріп жатқан қандастарымыз домбыраның үні арқылы ұлттық рухы мен болмысын сақтап отыр. Олардың қатарында – Моңғолия қазақтары да бар. Бірқатар ауылдар мен қалаларда жергілікті қазақтар ұйымдастырған домбыра үйірмелері жұмыс істейді.
Осы орайда, Моңғолияда тұратын ұлты қазақ азаматтардың тілі мен тілін, мәдениетін сақтауына барлық мүмкіндікті жасап отырған Моңғолия Үкіметіне және кеңқолтық моңғол халқына зор ризашылық білдіреміз.

Мереке құтты болсын!

03/07/2026

❗️Мемлекеттік және басқа да қызмет алушылардың назарына

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Заңға сәйкес, мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

Осыған байланысты, 6 шілде күні Елшіліктің консулдық бөлімі қабылдау жүргізбейтінін хабарлаймыз.

Елшіліктің мекенжайы:
Ұлан-Батыр қаласы, Сүх-Батыр ауданы, Самбуу көшесі 6/1, City Capital бизнес орталығы, 6-қабат.

Консулдық бөлімнің жұмыс уақыты:
Сағ. 09:30 - 12:30 дейін құжаттарды қабылдау,
сағ. 16:00 - 17:00 дейін дайын құжаттарды беру.

Сәрсенбі күні қабылдау жүргізілмейді.
Сенбі мен жексенбі - демалыс күндері.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі Құрметті отандастар...
01/07/2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі

Құрметті отандастар!

Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.

Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.

15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.

Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.

Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.

Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!

Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!

Қазақстан Республикасы жасай берсін!

Халқымыз мәңгі жасасын!

Aqorda

🇰🇿🇲🇳 2026 ж. 17-19 маусымда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бастаға...
29/06/2026

🇰🇿🇲🇳 2026 ж. 17-19 маусымда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бастаған қазақстандық делегация Моңғолияда жұмыс сапарымен болды.
Сапардың мақсаты Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, іскерлік байланыстарды кеңейту, сондай-ақ инвестициялық және өнеркәсіптік әріптестіктің жаңа бағыттарын пысықтау болды.
Сапар аясында Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаярмен, Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Гонгорын Дамдинняммен, Экономика және даму министрлігінің мемлекеттік хатшысы Идэшийн Батхүүмен кездесулер өтті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, көлік-логистика бағыттарын дамытуды, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды, тауар айналымын арттыруды, бизнес үшін кедергілерді жоюды, сондай-ақ қаржы, өнеркәсіп және тау-кен салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады.

🇰🇿🇲🇳 2026 оны 6-р сарын 17-19-ний өдрүүдэд БНКазУ-ын Худалдаа, интеграцын яамны Тэргүүн дэд сайд Айжан Бижанова тэргүүтэй Казахстаны төлөөлөгчид Монгол Улсад ажлын айлчлал хийлээ.
Айлчлалын зорилго нь Казахстан, Монгол Улсын худалдаа, эдийн засгийн хамтын ажиллагааг хөгжүүлэх, бизнесийн харилцааг өргөжүүлэх, мөн хөрөнгө оруулалт болон аж үйлдвэрийн хамтын ажиллагааны шинэ чиглэлүүдийг хамтран судалж, хэлэлцэх байв.
Айлчлалын хүрээнд Монгол Улсын Шадар сайд Нямтайширын Номтойбаяр, Аж үйлдвэр, эрдэс баялгийн сайд Гонгорын Дамдинням, Эдийн засаг, хөгжлийн яамны Төрийн нарийн бичгийн дарга Идэшийн Батхүү нартай албан ёсны уулзалтууд болов.
Талууд хоёр улсын хамтын ажиллагааны хэтийн төлөв, тээвэр, ложистикийн чиглэлийг хөгжүүлэх, хамтарсан хөрөнгө оруулалтын төслүүдийг хэрэгжүүлэх, худалдааны эргэлтийг нэмэгдүүлэх, бизнесийн үйл ажиллагаанд тулгарч буй саад бэрхшээлийг арилгах, түүнчлэн санхүү, аж үйлдвэр, уул уурхайн салбар дахь хамтын ажиллагааг өргөжүүлэх асуудлаар санал солилцов.

🇰🇿🇲🇳 June 17-19, 2026, a Kazakh delegation headed by Aizhan Bizhanova, First Vice Minister of Trade and Integration of the Republic of Kazakhstan, paid a working visit to Mongolia.
The purpose of the visit was to further develop Kazakh-Mongolian trade and economic cooperation, expand business ties, and explore new areas of investment and industrial partnership.
As part of the visit, meetings were held with Nomtoibayar Nyamtaishir, Deputy Prime Minister of Mongolia; Damdinnayam Gongor, Minister of Industry and Mineral Resources; and Batkhuu Idesh, State Secretary of the Ministry of Economy and Development.
The parties discussed prospects for bilateral cooperation, the development of transport and logistics routes, the implementation of joint investment projects, the expansion of mutual trade, the removal of barriers for business, and cooperation in the financial, industrial, and mining sectors.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Далянь қаласында (ҚХР) «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық...
24/06/2026

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Далянь қаласында (ҚХР) «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жаңа чемпиондарының 17-ші жыл сайынғы кездесуінің ашылу салтанатына қатысып, Моңғолия Премьер-министрімен, Бангладеш Халық Республикасының Премьер-министрімен, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті және бас директорымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Форум жұмысына Үкімет басшылары, ірі компаниялар мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты. Күн тәртібі технологиялық трансформация, инвестициялық ынтымақтастық, цифрландыру, ЖИ және экономикалық өсудің жаңа драйверлерін іздеу мәселелерін қамтиды.

🇰🇿🇲🇳 Моңғолия Премьер-министрі Ням-Осорын Учралмен келіссөздер барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамыту, өнеркәсіп кооперациясы, тау-кен металлургиясы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және жасанды интеллект, сондай-ақ ғарыштық технологиялар саласындағы әріптестік мәселелері талқыланды. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтың биыл сәуір айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ екі ел басшылары қойған өзара сауда көлемін $500 млн-ға дейін жеткізу міндетін жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Ням-Осорын Учрал өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін жеткізді.

ҚР Премьер-Министрі ресми сайты

🇰🇿🇲🇳 2026 ж. 18 маусымда «QazExportPromotion» АҚ мен моңғолиялық «MAКС Group» компаниясы арасында өзара түсіністік турал...
23/06/2026

🇰🇿🇲🇳 2026 ж. 18 маусымда «QazExportPromotion» АҚ мен моңғолиялық «MAКС Group» компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат Моңғолияда Серіктестік кеңсесін құруды көздейді. Бұл кеңсе қазақстандық экспортты ілгерілетуге, инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға және екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған тұрақты алаңға айналады.
Кеңсе қазақстандық тауарларды ілгерілетуге, сенімді серіктестерді іздеуге, бизнес-бастамаларды сүйемелдеуге, салалық көрмелер мен таныстырылымдарды ұйымдастыруға, сондай-ақ экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі.
Ынтымақтастық аясында Қазақстан мен Моңғолия нарықтарына шығуға мүдделі компанияларға практикалық қолдау көрсетуге, өзекті іскерлік ақпарат алмасуға, сауданың перспективалы бағыттарын айқындауға және бизнес-қоғамдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылады.
Меморандумға қол қою қазақстан-моңғол экономикалық әріптестігін дамытудағы маңызды қадам болды және тараптардың сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға дайын екенін растады.

🇰🇿🇲🇳 2026 оны 6-р сарын 18-ны өдөр “QazExportPromotion” ХК болон Монголын “МАКС Group” компани хооронд Харилцан ойлголцлын санамж бичигт гарын үсэг зурлаа.
Энэхүү баримт бичиг нь Монгол Улсад Түншлэлийн төлөөлөгчийн газар байгуулахыг зорьж байна. Тус төлөөлөгчийн газар нь Казахстаны экспортыг дэмжих, хөрөнгө оруулалтын хамтын ажиллагааг хөгжүүлэх, мөн хоёр улсын бизнес эрхлэгчдийн хоорондын ажил хэргийн харилцааг өргөжүүлэх байнгын талбар болно.
Төлөөлөгчийн газар нь Казахстаны бараа бүтээгдэхүүнийг сурталчлах, найдвартай түншүүдийг эрэлхийлэх, бизнес санаачилгуудыг дэмжин хэрэгжүүлэх, салбарын үзэсгэлэн болон танилцуулга арга хэмжээг зохион байгуулах, түүнчлэн эдийн засгийн тэргүүлэх салбаруудад хамтарсан төслүүдийг хэрэгжүүлэхэд дэмжлэг үзүүлнэ.
Хамтын ажиллагааны хүрээнд Казахстан болон Монголын зах зээлд нэвтрэх сонирхолтой компаниудад бодитой дэмжлэг үзүүлэх, цаг үеийн бизнесийн мэдээлэл солилцох, худалдааны ирээдүйтэй чиглэлүүдийг тодорхойлох, мөн бизнесийн хүрээний байгууллагууд хоорондын шууд харилцааг бэхжүүлэхэд онцгой анхаарал хандуулна.
Энэхүү санамж бичигт гарын үсэг зурсан нь Казахстан, Монголын эдийн засгийн түншлэлийг хөгжүүлэх чухал алхам болж, худалдаа, хөрөнгө оруулалтын хамтын ажиллагааг цаашид өргөжүүлэхэд талууд бэлэн байгааг баталгаажууллаа.

🇰🇿🇲🇳 June 18, 2026, Kazakhstan’s «QazExportPromotion JSC» and Mongolia’s «MAX Group» signed a Memorandum of Understanding aimed at deepening trade and investment cooperation between the two countries.
The agreement provides for the establishment of a Partnership Office in Mongolia, which is expected to serve as a permanent platform for promoting Kazakh exports, advancing investment cooperation and expanding business links between entrepreneurs in Kazakhstan and Mongolia.
The office will support the promotion of Kazakhstani goods, assist in identifying reliable business partners, facilitate commercial initiatives, organize sector-specific exhibitions and presentations, and help implement joint projects in priority areas of the economy.
Particular emphasis will be placed on practical support for companies seeking to enter the Kazakh and Mongolian markets, the exchange of up-to-date business information, the identification of promising trade opportunities and the strengthening of direct ties between the two countries’ business communities.
The signing of the memorandum marks an important step in the development of Kazakh-Mongolian economic partnership and underscores both sides’ readiness to further expand trade and investment cooperation.

03/06/2026

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Моңғолия тараптары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және бірлескен жобаларға и....

Address

J. Sambuu 6/1
Ulaanbaatar

Opening Hours

Monday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00
Friday 09:00 - 13:00
15:00 - 19:00

Telephone

+97611345408

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Embassy of Kazakhstan in Mongolia/Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Embassy of Kazakhstan in Mongolia/Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі:

Shortcuts

Share