23/08/2026
Лиссабонда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтуде
Лиссабон, 2026 жылғы 23 тамыз - Бүгін Қазақстанның Португалиядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дауыс беру өтуде. №478 сайлау учаскесі Португалияда жүрген Қазақстан азаматтары үшін өз жұмысын бастады.
Таңертеңнен бері Елшілікке қазақстандықтар келіп, өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға қатысуда.
№478 сайлау учаскесіне алғаш болып келген сайлаушы Айза Сиғази болды. Оның бүгінгі таңдауы ерекше мәнге ие. Себебі Айза өзінің туған күнінде сайлауға қатысып, жеке мерекесін азаматтық парызын орындаумен ұштастырды.
Одан кейін сайлау учаскесіне ағайынды Ағахан мен Рауф Рүстемұлы келіп, өз таңдауларын жасады. Ал Рауф үшін бүгінгі күннің орны бөлек. Жақында ғана 18 жасқа толған ол бүгін алғаш рет сайлауға қатысып, өзінің сайлау құқығын пайдаланды.
Рауфтың алғашқы дауысы - оның азаматтық өміріндегі маңызды қадам ғана емес, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа бастаған жас ұрпақтың символдық көрінісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың ел болашағын қалыптастырудағы рөліне ерекше мән беріп, «Біздің болашағымыз – жастардың қолында» деп атап өткен болатын.
Бүгінгі сайлаудың тарихи маңызы зор. Бұл – Қазақстан тарихында алғаш рет бір палаталы Құрылтай депутаттары сайланып отырған күн.
Лиссабонда ауа райының қолайсыздығына, таңертеңнен бері толассыз жауған жаңбырға қарамастан, қазақстандықтардың сайлауға деген белсенділігі төмендеген жоқ. Ел азаматтары ауа райына қарамастан сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауда.
Португалияда тұрып жатқан немесе уақытша жүрген қазақстандықтар үшін №478 сайлау учаскесі елден мыңдаған шақырым қашықта болса да, Қазақстанмен байланысын сезінуге және елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін маңызды орынға айналды.
Бүгін мұнда әртүрлі буын өкілдері бас қосуда: өмірінде бірнеше рет сайлауға қатысқан азаматтармен қатар, алғаш рет дауыс берген жастар да өз таңдауын жасауда. Оларды біріктіретін ортақ құндылық - Қазақстанның болашағына деген жауапкершілік және елдегі өзгерістерге өз үлесін қосуға деген ұмтылыс.
Мемлекет басшысы атап өткендей, «біртұтас ұлт ретінде топтасып, ауқымды реформаларды жүзеге асырып жатырмыз». Азаматтардың қай жерде жүргеніне қарамастан сайлауға қатысуы - осы бірліктің және ел тағдырына деген ортақ жауапкершіліктің көрінісі.
Сайлау процесі жалғасуда. Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі сайлау құқығына ие, Португалия аумағында жүрген Қазақстан азаматтарын дауыс беруге белсенді қатысуға шақырады.
Бүгінгі Лиссабондағы жаңбырлы күнде Қазақстанмен арадағы байланыс бұрынғыдан да айқын сезіледі. Ол - қарапайым, бірақ маңызы зор азаматтық қадамнан көрінеді: сайлау учаскесіне келу, өз құқығын пайдалану және ел болашағына қатысты өз таңдауын жасау.
***
В Лиссабоне продолжается голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан
Лиссабон, 23 августа 2026 года - сегодня в Посольстве Казахстана в Португалии проходит голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан. Избирательный участок №478 открыл свои двери для граждан Казахстана, находящихся в Португалии.
С самого утра в Посольство приходят казахстанцы, чтобы воспользоваться своим конституционным правом и принять участие в важном для страны политическом событии.
Нынешние выборы имеют особое историческое значение - впервые в истории страны формируется однопалатный Курултай. Как отметил Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев, сегодняшнее голосование является началом большой работы, направленной на дальнейшее развитие государства и реализацию масштабных преобразований.
Первой избирательницей, пришедшей сегодня на участок №478, стала Айза Сигази. Символично, что именно в день своего рождения она начала этот важный для казахстанцев в Португалии день с участия в выборах, совместив личный праздник с исполнением гражданского долга.
Вскоре после этого на избирательный участок пришли братья Агахан и Рауф Рустемулы. Для Рауфа этот день стал по-настоящему особенным - недавно ему исполнилось 18 лет, и сегодня он впервые воспользовался своим избирательным правом.
Его первый голос на выборах стал важным личным событием и одновременно символом участия нового поколения казахстанцев в общественной и гражданской жизни страны. Именно молодежи Президент уделяет особое внимание, подчеркивая, что «наше будущее - в руках молодежи» и что молодому поколению необходимо дать возможность принимать непосредственное участие в строительстве государства.
Примечательно, что активность избирателей не снижается, несмотря на непростые погодные условия. С самого утра Лиссабон находится под сильным дождём, однако непогода не стала препятствием для наших граждан, желающих прийти на участок и сделать свой выбор.
Для казахстанцев, проживающих или временно находящихся в Португалии, избирательный участок №478 при Посольстве Казахстана стал сегодня местом, где географическое расстояние до Родины оказалось не помехой для участия в важном государственном событии.
Сегодня здесь встречаются разные поколения казахстанцев - те, кто уже не раз принимал участие в выборах, и те, кто впервые получил такое право. Их объединяет одно - чувство ответственности за будущее своей страны и стремление быть причастными к происходящим в Казахстане преобразованиям.
Как подчеркнул Президент, «сплотившись как единая нация, мы осуществляем масштабные реформы». Участие граждан в выборах, где бы они ни находились, является одним из проявлений этого единства.
Выборы продолжаются. Посольство Республики Казахстан в Лиссабоне приглашает граждан Казахстана, обладающих избирательным правом и находящихся в Португалии, принять участие в голосовании.
И сегодня, несмотря на проливной лиссабонский дождь, связь с Казахстаном ощущается особенно ясно. Она проявляется в простом, но значимом гражданском поступке - прийти на избирательный участок, воспользоваться своим правом и сделать свой выбор.
Потому что будущее страны складывается из выбора каждого её гражданина.
***
Prossegue em Lisboa a votação nas eleições dos deputados do Kurultai da República do Cazaquistão
Lisboa, 23 de agosto de 2026. Decorre hoje, na Embaixada da República do Cazaquistão na República Portuguesa, a votação nas eleições dos deputados do Kurultai da República do Cazaquistão. A mesa de voto n.º 478 abriu as suas portas aos cidadãos cazaques que se encontram em Portugal.
Desde as primeiras horas da manhã, cidadãos do Cazaquistão têm-se dirigido à Embaixada para exercer o seu direito constitucional e participar num acontecimento de particular importância para a vida política do país.
A primeira eleitora a chegar hoje à mesa de voto n.º 478 foi Aiza Sigazi Miranda. De forma particularmente simbólica, Aiza assinala hoje o seu aniversário e decidiu celebrar esta data participando nas eleições, associando assim um momento pessoal de alegria ao cumprimento do seu dever cívico.
Pouco depois, chegaram à mesa de voto os irmãos Agakhan e Rauf Rustemuly, que também exerceram o seu direito de voto.
Para Rauf, o dia de hoje assume um significado muito especial. Tendo completado recentemente 18 anos, participou hoje, pela primeira vez, num ato eleitoral e exerceu o seu direito de voto.
O seu primeiro voto representa não apenas um importante momento da sua vida pessoal, mas também um símbolo da participação da nova geração de cidadãos cazaques na vida pública e cívica do país.
O Presidente da República do Cazaquistão, Kassym-Jomart Tokayev, tem sublinhado reiteradamente a importância da participação dos jovens na construção do futuro do país, afirmando que «o nosso futuro está nas mãos da juventude».
As eleições de hoje revestem-se de particular importância histórica, uma vez que, pela primeira vez na história do Cazaquistão, estão a ser realizadas eleições para o novo Kurultai unicameral.
A participação dos cidadãos cazaques em Lisboa mantém-se ativa apesar das condições meteorológicas adversas. Desde a manhã, a capital portuguesa tem sido marcada por chuva intensa, mas o mau tempo não impediu os cidadãos de se deslocarem à mesa de voto para exercerem o seu direito e fazerem a sua escolha.
Para os cidadãos do Cazaquistão que vivem ou se encontram temporariamente em Portugal, a mesa de voto n.º 478 tornou-se hoje um espaço onde a distância geográfica em relação à Pátria não constitui obstáculo à participação na vida política do país.
Ao longo do dia, cidadãos de diferentes gerações têm vindo exercer o seu direito de voto - desde aqueles que já participaram em eleições anteriores até aos jovens que votam pela primeira vez. O que os une é o sentido de responsabilidade pelo futuro do Cazaquistão e o desejo de contribuir para as transformações em curso no país.
Como salientou o Presidente Kassym-Jomart Tokayev, «unidos como uma só nação, estamos a implementar reformas de grande escala». A participação dos cidadãos nas eleições, independentemente do lugar onde se encontrem, constitui uma expressão dessa unidade e do sentido de responsabilidade partilhada pelo futuro do país.
A votação prossegue. A Embaixada da República do Cazaquistão em Lisboa convida os cidadãos cazaques com direito de voto que se encontrem em Portugal a participar ativamente no processo eleitoral.
Neste dia chuvoso em Lisboa, a ligação ao Cazaquistão sente-se de forma particularmente clara. Manifesta-se num gesto simples, mas de grande significado: deslocar-se à mesa de voto, exercer o seu direito e fazer a sua escolha pelo futuro do país.